1. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың
құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын
қорғау саласындағы уәкілетті органына және өз өкілеттіктері шегінде басқа да
мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осы балалардың заңды өкілдеріне жүктеледі.
2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала
отырып, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу
жөніндегі қызметті ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау,
сондай-ақ оларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын одан әрi бақылау
жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
3. Мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегіндегі қызметін қоспағанда, жеке және
заңды тұлғалардың жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды
іріктеу, орналастыру, беру жөнiндегi қызметі бойынша делдалдық және кез келген өзге де
қызметке тыйым салынады.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органдардың және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды
анықтау және орналастыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді, балалардың
құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды орындайтын басқа да ұйымдардың қызметі,
сондай-ақ агенттіктердің осы Кодексте көзделген қызметі бала асырап алу жөніндегі
делдалдық қызмет болып табылмайды.
Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар өз қызметінде коммерциялық
мақсаттарды көздей алмайды.
2015.19.05. № 315-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: