бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату 1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бала туралы мәліметтерді Республикалық
деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға:
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы отбасына тәрбиелеуге орналастыру;
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы оның ата-аналарына немесе ата-
анасына қайтару;
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелетке толуы немесе мұндай
баланың өзі кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болуы;
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың қайтыс болуы;
баланың сот тәртібімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, қайтыс болған деп
жариялануы негіздер болып табылады.
2. Баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам туралы
мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға:
адамның баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауы;
баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның ол туралы
мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату туралы жазбаша
нысандағы өтініші;
адамға баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндігін берген мән-жайлардың
өзгеруі;
баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның қайтыс болуы
негіздер болып табылады.
118-5-