«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу



Pdf көрінісі
бет151/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   295
Байланысты:
Неке

121-
бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу
1. 
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органдар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi 
бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық 
немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе 
қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi 
мүмкiн. 
2. Адамды әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тану туралы шешiм 
заңды күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот оған қорғаншылық немесе 
қамқоршылық белгiлеу үшiн бұл туралы сол адамның тұрғылықты жерi бойынша 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға 
хабарлауға мiндеттi. 
3. Адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты 
белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап бiр ай iшiнде 
қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. 
4. 
Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адамдар сот тәртiбiмен шағым 
жасауы мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет