35-
бабы бірінші
бөлігінің 1) және 2) тармақшалары
негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау
тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар ғана қорғаншылар немесе
қамқоршылар бола алады.
2.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек қана оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Егер
бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары,
туыстары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе
қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса,
бiрнеше адам үшін бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.
3.
Әрекетке қабiлеттi және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бiрақ олардың
тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына
қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезінде, қорғаншылар немесе қамқоршылар ата-
аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде қорғаншының немесе
қамқоршының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе
қамқоршылық мiндеттерiн орындауға қабiлетi, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың
арасындағы қатынастар, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға
көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалатын
адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.
4.
Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж және тиiстi білім беру,
медициналық ұйымдардағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы адамдардың
қорғаншылары немесе қамқоршылары осы ұйымдардың әкiмшiлiктері болып табылады.
Қорғаншының немесе қамқоршының мұндай ұйымға баланы уақытша орналастыруы
қорғаншының немесе қамқоршының осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн
тоқтатпайды.
5.
Қорғаншылар немесе қамқоршылар кез келген адамдарға қатысты, оның iшiнде
сотта өкiлеттiктерін арнайы растамастан, өз қамқорлығына алынғандардың құқықтары
мен мүдделерiн қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |