Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірісі бар
не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кірісін толығымен немесе ішінара заттай
алатын ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.
2. Күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа
дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент
төлеу туралы келісім
болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі.
3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық
жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып,
баланың
бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтайтын көлемдегі айлық есептік
көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.
4. Егер ата-аналардың әрқайсысының
қолында балалар қалатын болса, алименттің
мөлшері оның біреуінен аз қамтылған екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына
сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот айқындайтын тұрақты ақша сомасында
белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: