«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- БӨЛІМ. ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет177/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   295
Байланысты:
Неке

5-
БӨЛІМ. ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРЫ
 
19-
тарау. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
 
138-
бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу жөніндегі 
міндеттері
1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. 
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес 
айқындайды. 
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу 
нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-
бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы. 
2. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу 
нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі 
кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл 
қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады. 
3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған 
балаларға күтіп-бағу қаражаты берілмеген кезде және сотқа талап-арыз берілмеген кезде 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган 
кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы талап-
арыз беруге құқылы. 
139-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет