«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


-2- бап. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт



Pdf көрінісі
бет174/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   295
Байланысты:
Неке

137-2-
бап. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт


1. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шартта баланы күтіп-бағу және 
тәрбиелеу шарттары, баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған адамдардың құқықтары 
мен міндеттері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге 
асыратын органның, бала тұрып жатқан ұйымның міндеттері, сондай-ақ мұндай шартты 
тоқтату негіздері мен салдарлары көзделуге тиіс. 
Бала қонақтайтын отбасына көрсетілген шартта көзделген мерзімге беріледі. 
Бала қонақтайтын отбасына берілген әрбір балаға бөлек шарт жасалады. 
2. 
Қонақта тәрбиелеу кезінде баланы күтіп-бағуға арналған ақшалай төлем және 
баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған адамның еңбегіне ақы төлеу жүргізілмейді. 
3. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт: 
1) дәлелді себептері (науқасы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі
баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасында жанжалдар және басқалар) болған 
кезде бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адамдардың бастамасы бойынша; 
2) баланы күтіп-бағу мен тәрбиелеу үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, 
бала тұрып жатқан ұйымның бастамасы бойынша; 
3) бала қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, асырап алған отбасына, патронатқа 
берілген немесе баланы асырап алған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет