Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар 2 топқа бөлінеді:
•қандағы көмірсу мөлшерін төмендететін гормон – инсулин;
•қандағы көмірсу мөлшерін арттыратын гормондар (контринсулярлы гормондар) – глюкагон, ГКС, норадреналин, адреналин, СТГ.
Ұйқы безі–экзокринді және эндокринді аралас секрециялық без. Оның сыртқы секреторлық қызметi – ұйқы безі сөлі мен ас қорыту ферменттерiн бөлу, ал iшкi секреторлық қызметi 4 гормонды:
•α (А) жасушаларда - глюкагон,
•β (В) жасушаларда - инсулин,
•Д- жасушаларда соматостатин,
•Ғ - жасушаларда (аз мөлшерде) панкреатидтiк полипептид түзеді.
Инсулин
Химиялық табиғаты: 51 амин қышқылынан тұратын жай құнсыз нәруыз (құрамында метионин мен триптофан жоқ),
•А тізбегі 21 АҚ,
•В тізбегі 30 АҚ;
тізбектері өзара екі дисульфидтік көпіршемен
байланысқан, ал А тізбегінде тізбекішілік дисульфидтік көпірше бар. Инсулин Zn2+-н макромолекулалық комплекс түзеді.
Инсулин бос және байланысқан болады.
Әсер ету механизмі: үшіншілік, яғни цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін арттырады.
Нысана-жасушалары: органдардың барлығы.
Рецепторлары жоқ: жүйке тіні, эритроциттер, аралшықтың β- жасушалары, көз жанары.
Байланысқан инсулиннің рецепторлары тек май тінінде ғана болады.
Физиологиялық әсері:
Инсулин анаболикалық және гипогликемиялық (қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді) гормон, зат алмасуға әсер етеді.
Белок алмасуына әсері:
Арттырады:
•Белок синтезі РНҚ ДНҚ синтезі
•Ферменттердің синтезі( амилаза,ЛПЛ, тирозина-мино-трансфераза, пальмитинсинтетаза,пируваткиназа, глюкокиназа)
•АҚ-ның жасушаға түсуін АТФ жәнекреатинфосфоттың синтезі
Төмендетеді:
•Бұлшықет белоктарының протеолизі
•АҚ-ның дезаминденуі
Көмірсулар алмасуына әсері:
Арттырады:
•Жасушаға глюкозаның түсуін
•Гликолиз, Кребс циклы
•Пентозафосфатты цикл
•Глюкозаның тотығуын
•Гликогеногенез
Достарыңызбен бөлісу: |