ҚОСЫМША Б
Р.В.Овчарованың «Идеалды ата-ана жөніндегі түсініктері» әдістемесі
тұлғаның
когнитивті, эмоционалдық, мінез-құлықтық
аспекті бойынша
түсініктерін айқындауға көмектеседі.
Онда когнитивтік көрсеткіш идеалды ата-ана жайлы түсінігін (ол не
ойлайды);
эмоционалдық көрсеткіш идеалды ата-ананың іс-әрекеті, көңіл күйі
туралы түсінігін (ол не сезінеді);
мінез-құлықтық көрсеткіші ата-ананың мәдениеті жөніндегі түсінігін
(ол не істейді) анықтайды.
Автор ата-аналықты психологиялық
феномен ретінде қарастыра
отырып, оның құрамы ерлі-зайыптылардың құндылық бағдары (отбасы
құндылығы), ата-аналық ұстаным;
ата-аналық қарым-қатынас пен ата-аналық сезім,
ата-аналық
жауапкершілік;
отбасылық тәрбиенің стилінен тұрады деп есептейді.
Отбасылық құндылықтың ерекшеліктері эмоция, сезім,
сенім және
мінез-құлық көріністерінің жиынтығының мәнін сипаттайды
Достарыңызбен бөлісу: