Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата27.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#188856
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
Педагогикалық-тәжірибе-нәтижелері-бойынша-оқу-әдістемелік-басылымдарды-әзірлеу
gramotnost-chteniya
 
 


15 
ІV. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
ТӘЖІРИБЕЛІК

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС 
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында инновациялық 
ұйымдастырылған оқыту процесінде өзінің түбегейлі жаңа рөлін түсінетін 
және 
қабылдайтын, 
ақпараттық–коммуникациялық 
технологиялар 
ресурстарын, 
белсенді 
әлеуметтік–психологиялық 
нысандарды, 
педагогикалық мақсатта оқыту құралдарын пайдалана алатын, түпкі 
нәтижелерге қол жеткізу үшін оқу процесін жобалауға шығармашылық 
тұрғыдан қолайлы педагог қажет [6]. Сонымен қатар, педагогикалық 
процесті тұтас көру үшін жағдай жасауда бірқатар проблемалар туындайды: 

білім беру ұйымдарында жаңа оқу пәндерінің енгізілуіне 
байланысты осы пәндер бойынша жеткілікті оқытылмаған педагогтермен 
мектеп оқушыларының ақпарат ағынын меңгеруінде бытыраңқылық пайда 
болады; 

оқу – тәрбие үрдісіндегі жаңа басымдықтарды анықтау нәтижесінде 
тиісті кадрлық әлеует, материалдық – техникалық база және уақыт аралығы 
қажет болатын педагогтер қызметінің басқа моделін құру мәселесі 
туындайды; 

бос 
уақытты 
мәдени 
өткізу 
тәжірибесі 
жеткіліксіз 
ұйымдастырылған (кітап оқу, мұражайларға, спектакльдерге бару, ғылыми 
және мәдени пікірталастарға қатысу); 

мектеп әкімшілгі мен педагогтері көпшілік жағдайда басқарудың 
авторитарлық түріне басымдық танытады. 
Әдіскерлердің анықтамаларына сәйкес, білім беру парадигмасын 
өзгерткен кезде даму және эксперимент режимінде тұрған ұйым ғана өмір 
сүре алады. Эксперимент – оқытудың, тәрбиелеудің, балаларды дамытудың, 
мектепті басқарудың жаңа технологияларын құру және сынақтан өткізу 
бойынша қатаң бағытталған және бақыланатын педагогикалық қызмет. Білім 
беруде эксперимент ұғымы «іздеу», «іздеу жұмысы», «тәжірибе», 
«тәжірибелік–эксперименттік жұмыс», «зерттеу жұмысы» және т.б. 
біріктіреді. Осылайша, білім беру ұйымының эксперименттік жұмысы – бұл 
педагогтердің 
түрлі 
міндеттерін 
шешуге 
арналған 
кешенді 
көпфункционалды 
әдіс: 
белгілі 
бір 
техниканы 
жетілдіруді, 
рационализациялауды, модернизациялауды, өзгертуді, білім беру ортасының 
жаңа жағдайларында қабылдауды болжайды; әлі күнге дейін аналогтары да, 
прототиптері де жоқ түбегейлі жаңа, инновациялық тәсілдердің пайда 
болуын болжайды [7]. 
Тәжірибелік–эксперименттік алаңды ашу үшін эксперименттік 
жұмысты ұйымдастыру және жүргізу үшін қажеттілік пен жағдайдың бар–
жоғын зерттеу қажет. Эксперимент бағытын анықтау, ұжымның және әр 
мұғалімнің педагогикалық әлеуетін диагностикалау, өткен жылдардағы 
талдаумен салыстыру, білім беру ұйымы мен оқытушылар құрамын 
дамытудың басым бағыттарын таңдау болашақ эксперименттің мазмұнын 


16 
объективті және дәл анықтайды. Қазіргі кезеңде таңдау дұрыстығының 
маңызды критерийлерінің бірі өзектілік (теориялық және практикалық 
маңыздылығы) болып табылады. Болашақ эксперименттің өзекті идеясы 
жоба мен бағдарламаның тұжырымдамасы түрінде, яғни зерттеуге және оны 
жүргізуді ұйымдастыруға көзқарасты анықтайтын әдіснамалық сипаттағы 
негізгі ережелер жиынтығымен жасалады. 
Білім берудің түбегейлі жаңа тәжірибесі өздігінен тиімділікпен жетіле 
бастаған кезде, тәжірибелік–эксперименттік жұмыс қатаң әзірленген 
жобасыз (тек оның идеясымен, жалпы контурларымен) іздестіру қызметін 
ұйымдастырудың ерекше нысаны болып табылады. Қазіргі уақытта 
сұранысқа ие емес тәжірибе алаңының нәтижесі жаңа білім беру тәжірибесін 
құру болуы мүмкін, бірақ ол болашақта мектептің қалай дамитынын 
көрсетеді. 
Әзірлеушілер немесе авторлар ұйымдастырушылық (экспериментке 
жауаптыларды тағайындау), ақпараттық (ұжымда, қалалық семинарларда, 
конференцияларда бұқаралық ақпарат құралдарында эксперименттік жұмыс 
жобасын таныстыру), ғылыми-әдістемелік (ғылыми кеңесшіні таңдау
тұжырымдаманы, бағдарламаны, жұмыс жоспарын әзірлеу) жұмыстармен 
қамтамасыз етеді. Егер жоба эксперимент ретінде ұзақ уақыт сынақтан 
өткізілсе, эксперименттік алаң ресми ашылғанға дейін құралдар, жинақтар 
және т.б. әзірлеу қажеттілігі бар, кадрлық (экспериментке қатысушылардың 
құрамын айқындау), қаржылық (егер экспериментті іске асыру үшін 
қаржылық шығындар қажет болса, онда шығыстар сметасы жасалады) 
эксперименттік жұмысты сүйемелдеу. Алдын – ала қарастырылған 
әлеуметтік серіктестік, ата–аналармен жұмыс, сонымен қатар, осы 
комбинацияда әлі қолданылмаған бұрын белгілі әдістердің элементтерін 
жаңа конструктивті біріктіруді қамтиды; білім беру ұйымының 
эксперименттік қызметінің сәттілігін қамтамасыз етеді. 
Білім беруді жаңғырту орталығының мамандары, сарапшылар 
эксперименттік алаң ашуға ұсынылған материалдарды, олардың нәтижелерін 
болашақта бағалау мүмкін болатын қызмет түрлері қаншалықты егжей–
тегжейлі 
сипатталғанын 
зерделейді. 
Сарапшы 
жобаның 
белгілі 
технологиялардың 
«қалыпты» 
(әдеттегі) 
қосымшасы 
болып 
табылатындығын немесе бұл білім беру процесінің сапасын бақылау мен 
бағалауға айтарлықтай үлкен инвестицияларды қажет ететін инновациялық 
жоба екенін анықтайды. Сондай–ақ сарапшы ұсынылып отырған жоба оны 
кейіннен бағалау үшін қажетті элементтерді, оны орындау уақытында 
жобаның жетістіктерін бақылау (мониторинг) тетігін қамтитынын 
анықтайды. 
Білім беру ұйымдарының тәжірибелік–эксперименттік алаңдарында 
шығармашылық зерттеу топтары, зертханалар, орталықтар, жоба 
бағдарламасын апробациялау және белгілі бір критерийлер мен көрсеткіштер 
бойынша мақсатқа қол жеткізу сапасы, сондай–ақ оқу–тәрбие процесіндегі 
өзгерістер және педагогтердің кәсібилігінің өсуі бойынша кеңестер 
құрылады. Қол жеткізілген талдау арқылы бағдарламаның проблемалық 


17 
тармақтарын түзету жүргізіледі. Қол жеткізілген мақсат негізінде түзетіледі, 
яғни нақтыланады, өзгереді. Экспериментке қатысушылар, мұғалімдер білім 
беру процесін жетілдірудің жаңа жолдарын іздестіруде [8]. Ғылымға кіріспе 
мен идеяны ғылыми негіздеу қажеттілігін түсінудің шығармашылық процесі 
сезіледі. Ал, шығармашылық – бұл сынақтан өткізуді, экспериментті қажет 
ететін жаңасын жасау қызметі. Эксперименттік жұмысты жүзеге асыру үшін 
құнды шешімдер қабылдауға, жаңа құжаттарды, оқу-әдістемелік кешенді 
әзірлеуге әкелетін шығармашылық топтарда ынтымақтастық, қызметтестік 
орнайды. 
Оқушылардың 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына 
деген 
қызығушылығы артып, ғылыми жобаларға, пәндік олимпиадаларға 
қатысушылар мен жүлдегерлер саны артады. Сонымен қатар, кадрларды 
даярлауды жақсарту жолдарын іздеу жетіледі. Мұндай инновациялық ортада 
мұғалімдер ғылыми зерттеулер жүргізеді. 
Жұмыстың дайындық кезеңінен бастап ғылыми негізделген, жүйелі 
түрде ұйымдастырылған эксперимент қатысушыларға күтілетін нәтижелер 
қандай болуы керек екендігі туралы нақты түсінік береді, демек, білім беру 
ұйымының жаңа мәртебесін алу арқылы экспериментті одан әрі сәтті 
жылжыту іске асады. 
Тәжірибелік – эксперименттік алаңдардың жұмысы барысында 
экспериментке қатысушылар өз тәжірибелерін педагогтердің біліктілігін 
арттыру курстарында, әдістемелік семинарларда, ғылыми – практикалық 
конференцияларда, көрмелерде шығармашылық есептер түрінде ұсынады; 
эксперименттің аралық және қорытындылары бойынша оқу–әдістемелік 
әдебиеттерді таратады [9]. Ресми түрде берілген тәжірибелік – 
эксперименттік 
алаң 
мәртебесінің 
болуы 
білім 
беру 
ұйымына 
эксперименттік жұмыс тақырыбына сәйкес қызметтің үлгілік регламентіне 
өзгерістер енгізуге, оқытудың мазмұнын, нысандарын, әдістерін өзгертуге; 
білім беру қызметкерлері үшін эксперимент нәтижелері бойынша оқу 
қызметін жүргізуге құқық береді. 
Эксперимент кезеңдері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет