НұСҚаулар дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет19/21
Дата30.11.2023
өлшемі157,94 Kb.
#194245
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
2023-2024 Лекция курсы
7grade 2 lesson II term, 1. Общий файл всех тестов, Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері 05.02.2022 конспект, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, мәдениеттану, 39093.pptx, 9-2-4, 8
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология: Уч.пособие. – Алматы: Эверо,2016. – 584с.
2. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы. 2-басылым. – Алматы: "Қазақ университеті", 2012. – 224б.
3. Грушин Б.А. Мнения о мире и мир мнений. М.: Праксис, ВЦИОМ, 2011.
4. Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.
5. Macionis J. Society: The Basics. Pearson, 2016.
6. Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
7. Гидденс Э. Социология / При участии К. Бердсолл: Пер. с англ. Изд. 2-е, полностью перераб. и доп. М.: Едиториал УРСС, 2005. — 632 с.
8. Ритцер Дж. Современные социологические теории. 5-е изд. — СПб.: Питер, 2002. — 688 с.
Қосымша:
1. Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017.
2. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Social structure of society and middle class: textbook / Almaty: Qazaq University, 2015. – 44p.
3. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Sociology of youth / Textbook. – Almaty: Qazaq university, 2016. – 98p.

14 дәріс. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

  1. Жаңғыру және урбанизация. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары. Халық туралы заманауи зерттеулер.

  2. Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері.

  3. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы

  4. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары. Халық туралы заманауи зерттеулер.

  5. Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір.

  6. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.

Халық жайлы зерттеулер демография саласына тиесілі екені белгілі, ал оны зерттеушілерді демограф деп атаймыз. Демографгар негізгі үш мәселеге көңіл бөледі: олар - туу, өлім және миграциялық үлгілер. Біз осы үш мәселені, сонымен бірге қауымдастықтағы қоғамдық қарым-қатынасқа халық санының ықпалын қарастырамыз. Әсіресе туу, өлім және қауымдастық көлемінің әлеуметгік құрылымдарға және керісінше, әлеуметтік құрылымдардың туу, өлім және қауымдастық көлеміне ықпалын назарға аламыз. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі халық саны 7 миллиард шамасында. Бүл Халық санының өсуіне екі себеп бар. Біріншіден, әрбір 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім корсеткіші соңғы кезде едәуір азайған. Нәрестелердің шетінеп кетуі сиреді, ал ересектердің өмір жасы үзарды. Сонымен қатар әрбір 1000 әйелге шаққандағы фертильділік (бала тууга қабілеттілік) көрсеткіші өзгеріссіз қалды деуге болады. Түрғындар санына шаққандағы туу көрсеткіші де солай. Бір сөзбен айтқанда, туу көрсеткіші өлімнен әлдеқайда жоғарылап, жыл сайын әлемде адам саны көбейді. Адам саны көбейген сайын миллиондаған халық кедейленіп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қиынға соға бастады. Қоршаған орта ластанып, табиғи ресурстар сарқыла түсті. Осы мәселелердің салдарынан миграция пайда болды: адамдар бір географиялық орыннан екіншісіне ауысады. Тұрғындардың жайлы қоныс табу мақсатындағы ел ішіндегі көші «ішкі миграция», ал мекенжайын мемлекеттер арасында ауыстыруы «иммиграция» терминімен белгіленеді. Миграция да біриеше әлеуметтік мәселелерді туындатады. Бұл - жаңадан қоныстанушыларға қатысты мәселелер. Айталық, АҚШ сияқты кейбір мемлекеттер иммигранттарға азаматтық алу құқығын береді. Ал енді бір елдер иммигранттардың өздерін былай қойғанда, олардың балалары мен немерелеріне де азаматтық бермейді. Иммиграцияның осындай бірқатар салдары бар және бұл - халық өсімі мен экономикалық дамуға ғана ықпал етпейді, азаматтығы, үлты сияқгы мәселелерден де түйткілдер шығарады
Халық санын зерттейтін ғылымды демография деп атағандықтан туу мен өлім деңгейінің жоғарыдан төменге қарай өзгеруін «демографиялық ауысу» деп атайды. Бұл өзгеріс өмір сүру ұзақтығының улғаюына алып келеді. Мұндай ауысу әр елде әртүрлі уақытта болғанымен Еуропа мен АҚШ-та едәуір ұқсас жүрді деуге болады
Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастарын, бір – біріне тигізетін әсерін ескерген жөн. Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар: 1) Оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық, құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы, материалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адамзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Жалпы халық әрбір жеке адамдардың, топтардың, таптардың, ұлттардың, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, олар әр түрлі қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп – қонып жүреді, ол туады, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып жатады. Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы, адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монғолойд, Негройд). Осы үш нәсіл табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалау халық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді. Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы аты – тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс – қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз.ұлт деп діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады. Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай – ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді..
Жалпы демография (ерекше экономикалық) және әлеуметтік медицинаның қиылысуында аралас ғылым аймағы - медициналық демография пайда болды. Медициналық демография аймағындағы маманы, белгілі ғалым, профессор М.С. Бедный (1984) жылы «медицинская демография — халық денсаулығының жағдайы мен оның өзгеру тенденцияларына әсер ететін тұрғындар популяциясы мен әлеуметтік және табиғи факторлардың байланысын зерттейтін ғылым» деп жазды. Тұрғындардың статистикалық зерттеуі екі негізгі бағытта жүргізіледі: 1. Халық статистикасы. 2. Халық динамикасы.
Халық статистикасы – бір уақытқа сәйкес халық санын білу, яғни халық санын бір тұрақты қалыптында жыныс, жас, әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, туған жері (қала, ауыл), географиялық орналасуы және тығыздығы анықталады.
Халық динамикасы – қозғалыс және халық санының өзгерушілігін зерттеу. Халық санының өзгерушілік себебі халықтың механикалық қозғалысы немесе халықтың табиғи өзгеруі болуы мүмкін.
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген шешуін талап ететін мәселелерді әкелді. Олардың бірі ретінде XXI ғасырдың ерекшеліктерінің бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады. Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады. 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 508,4 мың немесе 55,1%, ауылдықтар – 7 756,2 мың немесе 44,9% адамды құрап отыр. Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жӛн. Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді. Мысал ретінде америкалық ғалым Адам Аланның айтуы бойынша ауылда тұратын тұрғындардың тез үйреніп алу қабілеті қалалық тұрғындарға қарағанда 3 есе жоғары кетеді. 2004 жылы жүргізілген қала мен ауыл адамдарынан тест алу барысында ауыл тұрғындарының 42,5% қабілетті болып шыққан ал қала тұрғындары 39% құраған. Демек ауылдық адамдар жақсы дамыған, ол айтпасада белгілі ауылдық жерлерде таза ауа, егін шаруашылығы, керемет табиғат, ауылдың экологиясы қаланың экологиясына қарағанда бірнеше есе таза. Бұл көзқаразсымды қорытып кетер болсам әрине білімді адамдар қазіргі таңда өте қажет, Әрине егер қала дамитын болса, онда біз ауылдық жерлердіде дамыта аламыз. Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді. Қала адамдарының саны артса адам әрекетінен шығатын антропогенді факторларда жылдам өседі. Демек экология ластанса адам денсаулығына алып келер әртүрлі зияны болады. Урбанизация үрдісі негізінен жастар категориясына әсері басқа топтарға қарағанда айтарлықтай, бұл ең алдымен модернизациялық дамуға орай олардың үлкен қалаларға жеке мақсаттарға байланысты (оқу, жұмыс т.б ) қоныс аударумен тығыз байланысты. Елдегі тұрғындар нарықтық қозғалыстарға бейімделе алмауына байланысты және жұмысқа деген бәсекелестік секілді әр түрлі мәселелер орын алып отыр. Бұл мәселелерге сонымен қатар «монетизация» түріндегі әлеуметтік қызметтер; жұмыссыздық және қайыршылық деңгейдің өсуі; өмір сүру жағдайы және халықтық бөлінуі, әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымының нашарлауы, ауылдық тұрғындар қалада жұмыс іздеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет