НұСҚаулар дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Әлеуметтанудың маңызды мәселесі басқа мәдениетті адамдармен бағалануы



бет13/21
Дата30.11.2023
өлшемі157,94 Kb.
#194245
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
2023-2024 Лекция курсы
7grade 2 lesson II term, 1. Общий файл всех тестов, Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері 05.02.2022 конспект, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, мәдениеттану, 39093.pptx, 9-2-4, 8
Әлеуметтанудың маңызды мәселесі басқа мәдениетті адамдармен бағалануы. Адамдар көбінесе өздерінің мәдениеті тұрғысынан басқа мәдениеттерді бағалауға бейім. Мұндай ұстаным этноцентризм деп аталады. Этноцентризм қандай да бір деңгейде барлық қоғамға тән, керек десеңіз артта қалған елдердің өзі бір нәрседе өзінің қалғандардан артықшылығын сезінеді. Этноцентризм сияқты қиын мәдени құбылыстың жағымды сәттері этноцентризмнің нақтылы айқын көрінісі бар топтар басқа мәдениетке және субмәдениетке толығымен шыдамды топтарға қарағанда өмір сүруге аса дәрменді болып келетіндігінен көрінеді.
Қолданылатын әдебиеттер:
Ритцер Дж. Современные социологические теории. 5-е изд. — СПб.: Питер, 2002. — 688 с.
Қосымша:
1. Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017.
2. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Social structure of society and middle class: textbook / Almaty: Qazaq University, 2015. – 44p.
3. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Sociology of youth / Textbook. – Almaty: Qazaq university, 2016. – 98p.
4. Ritzer G., Stepnisky J. Sociological Theory. – Los Angeles: Sage, 2018. – 802p.


9. Дәріс. Этнос және ұлт әлеуметтануы.

  1. Этно әлеуметтануы пәні.

  2. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші этно мәдени факторлардың сипаттамасы.

  3. Этномәдени ұйымдардың ерекшелігі.

Этноәлеуметтануының даму мәселелері. Халықаралық құқық.
Ұлт этностың жоғары типі. Ұлт этностың жоғарғы типі – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші сал – дәстүрлері мен діңі бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ эконмикасы, сол ұлт ӛкілдерінің біріктіретін мемлекеті болады. Ұлттың қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рӛл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт және этнос » ұғымдары біріне – бірі ӛте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы ұлттар этностық белгілерде қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси - әлеуметтік ой - пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Жер шарында 2.мыңнан асатам ұлттармен этностар бар. Олар 5.мыңнан астам диалектілерде сӛйлейді 330 – ға жуық этностың 1.мил және одан коп ӛкілдері бар. Ал қалған 1700 – ден астамы 1.мил-ға жетпейтің адамы бар аз саңды этностар қатарына жатады. Осыншама көп саңды ұлттар мен этностар әлемде 200- ден астам мемлекеттерге біріккен. Соңдықтан әлемдегі мемлекеттердің 90 % - ы кӛп ұлтты немесе кӛп этносты мемлекет болып табылады. Кӛптеген кӛп миллионды халқы бар этностардың жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. Ұлттық ӛмір мен ұлтаралық қатынастардың ӛте күрделі екндігін осы деректерден - ақ көруге болады. Олардың арасында жерге, қазба байлықтарына, билікке, тілге байланысты этностық қайшылықтар тоқтаусыз жүріп жатады. Мысалы Таяу Шығыстағы еврилер мен арабтардың жер үшін таласы, Испаниядағы, Ресейдегі, Солтүстік Ирландиядағы т.б. елдердегі этно қайшылықтар ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғасуда. 19 – 20 ғасырларда азсанды этностық топтар аса жылдам ассиммляциялана бастады.Мысалы 1939 ж ӛткен халық санағында Кеңес Одағында 193 этнос, ал 1959 ж 135 ұлт пен ұлыс ресми тіркелген. Немесе 20 жыл ішінде 60 – қа жуық саны аз этностық топтар жойылып, ассимиляцияланып кеткен. 3.Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар. Республикамызда әрбір адамзаттың қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі ұйғаруға және оны кӛрсетуге немесе кӛрсетпеуіне болады. Әркімнің ана тілі мен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас тілін, тәрбиені, оқуды және шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар. Қазақстанда қазір 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың ӛкілдері ӛмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ұлтының кӛркеюін қалайды, өз ана тілінде сӛйлегілірі келеді, ӛздерінің балаларын, немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет – ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі - табиғи, заңды нәрсе. Ӛйтсек, оларды ӛз ұлтымызға қарсы қойып, ашындырып аламыз. Сондықтан осы атамекеннің иесі – қазақ халқы республикамыздағы басқа халықтардың басын қосып, оларға ұйтқы болып, бір қоғамға топтастыруға тырысқанымыз абзал. Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақстандық ұлтжандық», «жалпы қазақстандық мақтаныш» рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн. Республикамыздың гүлденуі оның саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми – техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Сонда оның әрбір адамы да ауқытты, жақсы тұрады. Сондықтан мұнда тұрған әр халықтың ӛкілі жалпы Қазақстанның, әр облыс, аудан, елді мекеннің табысына қуанып, соған қажырлы еңбегімен аянбай – талмай үлес қосу керектігін сезіну тиіс. Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұлттық саясат нәтижесінде ғана іске асады. Сайып келгенде, біз құрып жатқан құқықтық қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам. Мұнда оның қай ұлт – ұлысқа, дінге жататыны есептелмейді. Біздің міндетіміз – этникалық өзіндік өгешіліктерді дамыту және Қазақстанның ұлттық – мәдени алуан түрлігін сақтау. Сонда ғана еліміз ұлтаралық келісімі жарасқан, қоғамдық – саяси ахуалы тұрақты аймақ болып, әлемде беделі артпақ..
Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Біздің көп ұлтты республикамыздың саяси өмірінде ұлтаралық қатынастың алатын орны зор. Қоғамда таптар, әлеуметтік топтармен қатар этникалық құрылымдар: ру, тайпа, халық, ұлт деген ұғымдар бар. Осы күнгі дүниеде 2 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар. Ұлтаралық қатынас күрделі әлеуметтік - саяси проблема. Осы тұрғыдан келгенде, ұлтаралық қатынаста саясат шешуші, негізгі, басты орын алады. Саясат тұрғыдан қарағанда ол проблемалар: ұлтаралық қатынас, ұлттық және интернационалдық мүдделердің арақатынасы, ұлттық мәдениет және ұлттық тілдердің ерікті түрде жүргізілуі және дамуы, басшылыққа ұлттық кадрлардың қатысуы. Осы саяси мәселелерді шешу үшін ұлттың тарихи дәстүрін, әлеуметтік кӛңіл күйін тағы кӛптеген факторлармен санасу керек. Ұлт мәселесі барлық уақытта нақтылы - тарихи мазмұнда болады. 5. Ұлт мәселесін шешудің принциптері. Ұлт мәселесін шешудегі кейбір саяси принциптер. Ең алдымен ұлттардың ӛзін - ӛзі билеу құқығы. Ол мәселе қазіргі уақытта нақтылы, ашық, тікелей қойылуының нәтижесінде республикалар ӛздерінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялады, соның нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы пайда болды. Ендігі принцип тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына қарамай ұлттардың толық тең құқықтығын қамтамасыз ету. Ол мемлекеттік дәрежеде халықтың қолдауымен шешілуге тиісті. Содан кейінгі принцип интернационализм. Үлкен орын алатын мәселе халықтардың ұлттық мемлекеттік құрылымы. ХҰлт саясатындағы маңызды мәселе ұлтаралық дау, жанжалдарды шешуде алдын ала зерттеу, оны шешудің тиімді жолдары мен әдістерін іздестіріп табу, дұрыс жүргізу. Ұлтшылдықтың барлық кӛрінісіне қарсы аяусыз күрес жүргізу. Қазіргі кезеңде біздің елімізде ұлт мәселесі ең күрделі мәселе болып отыр. Бұл проблема жайында жарияланған материалдар өте көп. Сондықтан біз бұл мәселеге кӛп орын бӛлмеуді дұрыс кӛрдік. Ұлт саясаты жаңа Констиуцияда кең орын алады. Біздің плюралистік даму жағдайымызда дін саласындағы саясатқа кӛңіл бӛлу қажет. Дің тек қана құдайға сену, діннің әдет – ғұрпын сақтау емес, сонымен қатар мораль, адамгершілік туралы ойлар. Кеңес мемлекеті өзінің алғашқы жылдарында діни кӛзқарас, діни сенімге құқық береді. Бірақ оның ғылыми көзқараспен қарама – қарсы екенін еске ала отырып шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден айыру туралы декрет қабылдады. Шіркеу мемлекеттік заң, қаулы қабылдау құқығынан айрылады, дінді дәріптеуге тежеу салынады. Сӛйтіп діннің қанаушы таптың қызметін қолдануына шек келтірілді. Бірақ кейін жеке адамға табыну жағдайында дінді қудалушылық, діни сенімді қорлаушылық күшейді. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызы зор. Кеңес Ӛкіметі тұсында Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналады. Қандай да бір қайшылықтар мен қайшылықтар болмасын, Қазақстанды мекендеген халықтар ӛзара достықта өмір сүрді. Бір бірімен қарым - қатынастары тығыз болды. Сӛйтіп қазіргі ӛзара түсіністік пен азаматтық татулықтың негізі сол кезден бастап қалыптаса бастады. Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырудағы басты тұлға – адам. Біз құрып жатқан жаңа қоғамның ең жоғары құндылығы да адам. Қазіргі ӛзгерістің бәрі сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр. Елімізді мекендейтін 120 ұлт пен ұлыстың достығының кепілдігі барлық ұлт ӛкілдеріне деген қамқорлық Конституцияның бірқатар баптарында арнайы атап кӛрсетілген. Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан қазақтар мен басқа да ұлт ӛкілдері Қазақстан халқын құрайды. Ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық теңдігі мен мәдени дамуын, ӛзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің еркін қолданылуын, ұлттардың бір – біріне деген құрметін еркін қолданылуын, ұлттардың бір – біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Әрбір ұлттың ӛз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қатынасты жан – жақты дамыта отырып әрбір ұлттың, халықтың ӛзінің тарихи қалыптасқан дәстүрлері мен әдеп – ғұрыптарын сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалынады. Мұны біздің Республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыста сезіне түсуде.
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Утешов С.К. Этносоциология, Алматы, Қазақ университеті, 2012

  2. Кравченко А.И. Общая социологии: учеб. пособие. - М., 2001

  3. Дугин А. Г. Этносоциология. — М.: Академический Проект, 2011. — 318 с.

  4. Гуц А. К., Паутова Л. А. Глобальная этносоциология — 2-е изд., доп. — М.: URSS Либроком — 2009 г. - 247 с.

  5. Бромлей, Ю.В. Очерки теории этноса / Ю.В. Бромлей. — 3-е изд., испр. — М.: URSS; Либроком, 2009. — 436 с.

  6. Нация и этнос: идентичностные модели (Nationality and ethnicity: social identity modeling) // Общество и этнополитика. Новосибирск: СибАГС, 2011. С.8-15.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет