НұсқаУлар (практикалық дағдыларды игеру) Мамандық: «Жалпы медицина» Пән: «Жедел және шұғыл медициналық көмек»­



бет15/28
Дата26.01.2022
өлшемі296,11 Kb.
#115092
түріНұсқаулар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Мет.реком. к практ. навыкам
Programma-trenirovok-po-fulbodi-3-dnya-v-nedelyu, Тест тапсырмалары жинағы математика сабағында 2, 3, амалмен шыға-emirsaba.org
4. Ақырғы нәтиже: сабақ соңында студент:

білуі керек: - қан кетудің түрлерін;

- қан кетуді тоқтататын әдістерді;

істей білуі керек:- қан тоқтататын бұрау салу және қан кетуді тоқтататын басқа әдістерді.

5. Сабақ барысында клиникалық дағдыларды игеруде пайдаланылатын медициналық құралдар және жабдықтар тізімі:

- қантоқтатқыш бұрау (жгут);

- бинттер;

- қысқыштар;

- мұз салынған ыдыс.

6. Дағдыны орындау алгоритмі.

1. Терінің шымшылуын болдырмау үшін бұраудың астына орамал, киім және т.б. салу керек. Аяқ немесе қол жоғары көтеріледі де бұрау соның астына салып созады да қан кету тоқтағанша бірнеше орайды.



2. Бұраудың турларын, теріні қыспай, бір бірінің қатарына салады. Бірінші тур қатты тартылып салынады, екіншісі аздап тартылып салынады, ал қалғандары жәй тартылып салынады.

3. Бұрау дұрыс салынғанда артериялық қан кету бірден тоқтайды, аяқ немесе қол қуқылданады, бұраудан төменгі жердегі тамырларда пульсация жоқ.

4. Аяқ-қолдағы бұрау 1,5-2 сағаттан артық тұрмауы керек. Егерде әртүрлі себептер бойынша қан кетуді тоқтату уақыты созылса, бұрауды 15-20 минутка бұрау шешіледі (бұл кезде артериялық қан кетуді уақытша саусақпен басып тоқтатады), содан кейін аздап жоғары немесе төмен қайтадан салынады.

5. Әдейі бұрау болмаса немесе оны қолдану мүмкіндігі болмаса қан кетуді тоқтататын басқа әдістерді пайдаланады:

1) дененің зақымданған бөлігіне жоғары жай беріледі;

2) зақымданған жердегі қанаған тамырларды қысатын таңғыштың көмегімен басады;

3) артерия бойын қысу;

4) қан кетуді аяқ-қолды буындарында барынша бүгіп немесе жазып бекітіп тоқтату;

5) аяқ-қолды бұраумен айналдыра қысу;

6) жарадағы қанаған тамырға қысқыш салып қан кетуді тоқтату.

6. Мұрыннан қан кеткенде науқасты отырғызады, тыныштандырады, мұрын үстіне мұз қояды, немес е мұрынды екі жағынан қысады, немесе мұрын жолдарына сутегінің асқын тотығымен ылғалданған мақта түйінімен алдыңғы тампонада жасалады. Мұрын жолдарына мақталы шариктер енгізеді, науқастың басын еңкейтеді.

7. Кеуде ішіне, құрсақ ішіне қан кеткенде науқасты ішіне жатқызып, мұзды қапшық салады, тамақ, су ішуге тыйым салынады.

8. Қан кетуді тоқтату әрекеттері кезінде, науқасқа сұрақ қоюына мүмкіндік беріп, оның шыдамдылығын пайдаланып өзінің әрекеттерін науқасқа түсіндіреді.


7. Бағалау: Студенттің дағдыларды қаншалықты игергенін бағалау үшін, дағдылар бойынша әр қадамы 0-0,5 баллдар аралығында бағаланады да бағалау парағына жазылады (№1 қосымша) және барлық қадамдары бойынша жалпы балл шығарылады. Студенттің қорытынды баллы көпбаллдық әріптік жүйе бойынша бағалау межелігіндегі (шкаласындағы) бағаға сәйкес шығарылады. соответствии с оценкой в оценочной шкале.


Әріптік жүйе бойынша бағасы

Бағаның цифрлық эквиваленті

Бағаның % мөлшері

Дәстүрлік жүйе бойынша бағасы

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет