«Ө зін ө зі тану п ә нін о қ ытуда о қ ушыларды ң рухани адамгершілік қ асиеттерін арттыру»



бет3/5
Дата07.02.2017
өлшемі0,59 Mb.
#8846
1   2   3   4   5

ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (15 мин)

- Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады:

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жақсылық жасай білейік».

  • Балалар, жақсылық жасау деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Жақсылық жасау деген не?

  • Жалпы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс



Бұлақ сылдыры

М.Көккөзов

Қиыршық қызыл құм жолаушының бетіне тиеді. Керуеннің шыққанына бірнеше күн болған. Ұзақ жүрістен, ыстықтан, желден шаршаған керуендегілердің бірі ояу, бірі түйе үстінде мүлгіп келеді. Қанша күн жүргенін де есептемейді. Бір күні жолай аштықтан, шөлден әбден қалжыраған адам кездеседі. Ес – түссіз жатыр екен. Бірақ керуеннің алды бұл адамға назар аудармай өте береді. Сонда керуеннің соңындағы бір шал түйесінен түсіп, ессіз жатқан адамның қасына барады. Жатқан адам: «Су...» дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық, аңызақ желмен сапырылған қиыршық құм сексеуіл түбіне ұйлығады.

Шал торсығын алып, жатқан адамның беті – қолын жуып, су ішкізеді. Әлгі адам есін жиған соң, шал оның алақанына қарап: «Сен менің жауым екенсің.Бірақ шөлде бәріміз туыспыз. Мен қартайдым. Сен жассың, су іш те, өмір сүр», дейді дее түйесіне мінгізіп, керуеннің срңынан жіберіпті. «Өзіңіз қайтесіз?» - десе «Менің демім санаулы», - дейді шал.жолаушы керуенді қуып жетуге ентелейді. Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая кетпесе екен дегендей, ұзақ аялдайды. Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді.

Шал ақ матаға оранып құмға жата кетеді.

Күндер, айлар өтіп, керуен кері қайтады. Жолаушыларға шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді. Таяп келсе, көл жиегі көкорай шалғын, қамыс екен. Керуеншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды. Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі. Бұлақ адамға адамның жақсылық жасаған жерінен пайда болвпты. Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні тәрізді.

  • Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар? Сендер солай жасар ма едіңдер?

  • Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?

Тапсырма
Бұл мәтін не үшін осылай аталды, Insert әдістемесі бойынша оқушылар алдарыңындағы кестені толтырады. Яғни осы мәтіннен не білді, не үйренді, олар үшін жаңа ақпарат қандай болды, не таңғалдырды , INSERT әдістемесі бойынша кестені толтырады.


«V» – білемін

«–» Білмеймін

«+» мен үшін жаңа ақпарат

«?» – мені таң қалдырды













Жаңа ақпарат.
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді.
Сергіту сәті


Оқушылардың жақсылық жасауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. Мәтінді мұғалім әңгімелеп береді.

Шалдың жасаған жақсылығы зая кетпеген екен. Ол өзінен жас адамға өмір сыйлады. Оның жасаған жақсылығына табиғат – ана да риза болғандай, бұлақты сыйға тартты. Бұл бұлақтан қаншама адам сусынын қандырады, рахметін айтады. Шалдың бір адамға жасаған жақсылығы, осылайша көп адамға тарады, жақсылық зая кетпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет