Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2017-2018 учебном году



бет88/170
Дата03.06.2022
өлшемі2,45 Mb.
#145898
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   170
Байланысты:
1523245509220 (1)

Эссе

Шығарма

Анықтамасы

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем- публицистикалық жанрдың бір түрі

Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.

Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан- жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.

Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.



Эссе құрылымы
Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл кезенде өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек. ”Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің

тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.б. сұрақтарға жауап іздеген жөн.
Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады, бірақ ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі.
Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б. түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін қорытындылайды және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.

50-кесте – Эссені бағалау критерийлері




Критерийлері

Қойылатын талап

Тақырыпты түсінуі

қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы;
жұмысты өз бетінше орындауы.

Мәселені бағалай білуі

  • сауатты талдай білуі;

  • салыстыру және жалпылау әдістерін түсініктер мен құбылыстарға өзара байланыста бере алуы;

қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы;
қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі;
мәтінді графиктер мен диаграммаларға сала алуы;
мәлелені өзі бағалай білуі;

Ой- толғау жасай білуі

мазмұнының анық және ашық болуы;
дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;
ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі;
әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі.
мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі.

Жұмысты орындауы

жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай;
лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;
орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы
талап формасына сәйкес болуы

Дәптерлерді тексеру тәртібі:


1)10-11-сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада 1рет тексерілуі қажет. (51-кесте).

51-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны:

Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Сөздік дәптері

Барлығы

Қазақ әдебиеті

1

1

1

3

«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын келесі тәртіп бойынша орындау ұсынылады:

  • дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;

  • көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

  • қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге, эссе, бақылау жұмыстары орындалады);

  • «Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналған дәптері;

Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
–ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

  • күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.Үлгі:

Қазанның тоғызы Сынып жұмысы
Сабақ тақырыбы жазылады. 10-жаттығу

  • үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

  • мәтін азат жолдан басталады;

  • сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жолқалдырылады.

«Қазақ әдебиеті» пәнінен сабақтан тыс ісшараларды ұйымдастыруда келесі мерекелерді ескеру ұсынылады:
5 қазан - Ұлт азаттық қозғалысының басшысы, атақты батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл 100 жыл (1742);
4 мамыр - Әйгілі жырау, дана би, абыз, қазақ ауыз әдеби шығармашылығының көрнекті өкілі Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл (1668);
25 маусым - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл(1893 - 1937);
28 қазан -қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл(1893-1920);
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысында пәнді оқыту әдістемесі мен теориясы бойынша мына мәселелер қарастырылады:

  • Білім сатылары бойынша Қазақ тілін меңгертудің деңгейлік ерекшеліктері;

  • Сөйлеу әрекеттері бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;

  • Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында оқушыларды тілдік қатынасқа үйретудің жолдары.


Оқыту сапасын арттыру мақсатында келесі электрондық оқыту ресурстарын қолдану ұсынылады:

  • http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;

  • http://adebiportal.kz- әдебиет порталы; http://old.abai.kz/node/5315 әдебиет әлемі сайты http://u-s.kz/ Ұстаздар сайты u-s.kz;

  • http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/3861-adebiet-aleminde.htmlӘдебиет әлемінде»Білімділер порталы;

  • http://sabak.ucoz.org/news/2013-08-27-92 сайт творческих учителей Казахстана;

  • http://plani.kz/ «Планы.kz» планирование для учителей Казахстана;

  • http://agartu.com/Просвещение"–казахстанскийпедагогический интернетжурнал;

  • http://obrazovanie.kz/ Каталог Казахстанских ресурсов;

  • http://www.abiturient.kz /Сайт о современном образовании в Казахстане;

  • www.sluh.freenet.kz Русско-казахский словарь;

  • http://ustaz.kz /sait-bolimderi/file/1111-tusibek-g-adebiet-alemi Ашық сабақтар сайты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет