толтырылған гиподерма қабаты жоқ, ал оның орнына қалың, қатты жасушалы
қабат орналасқан.
Бақша дақылдары — ыстыққа тӛзімді ӛсімдіктер. Асқабақ қарбызбен
салыстырғанда салқынды жақсы кӛтереді, ал ыстыққа орташа тӛзімді.
Бақша дақылдары қуатты жапырақ беті ауданын қалыптастырады,
осыған байланысты олардың транспирациялық коэффициенттері де жоғары:
асқабақта — 800—850, қарбызда — 600— 650. Осыған қарамастан бақша
дақылдары қуаңшылыққа тӛзімді ксерофиттер ӛсімдіктер қатарына жатады.
Қарбыз бен асқабақ — жылу сҧйгіш ӛсімдіктер. Қарбыздың тҧқымы
+15—17°, ал асқабақтың тҧқымы +12—13° жылылықта ӛне
бастайды,
бозқырауға ӛте сезімтал темпертаура —1° тӛмендегенде қарбыз ӛсімдігі ӛліп
қалады, асқабақ қатты зақымданады. Ӛсімдіктердің ӛніп-ӛсуі, сабақтар мен
жапырақтардың дамуына қажетті ең қолайлы температура +20—22°,
жемістердің дамуына +25—30° температура +15° болғанда ӛсімдіктердің ӛсуі
мен дамуы тежеледі, жемістері нашар байланады және нашар ӛседі.
Бақша
дақылдарын
қҧнарлы,
арамшӛптерден
таза
танаптарға
орналастырады. Ең жақсы алғы дақылдар тың және тыңайғаи жерлер,
кӛпжылдық шӛптердің қыртысы, кҥздік астық және бҧршақ тҧқымдас дәнді
дақылдар. Бір орынға бақша дақылдарын 5—7 жылдан ерте қайтаруға
болмайды. Бақша дақылдарына минералдық
тынайтқыштардың жоғары
нормасы кажет: азот 80—100 кг/га ә. е. з., фосфор — 100—140 кг/га, калий
50—70 кг/га ә. е. з., олардың, 60—70 про-центі сҥдігердің астына, ал қалған
бӛлігін дақылдарды сепкен мерзімде қатарларға және ӛсімдіктер гҥлденген
кезеңде ҥстеп қоректендіруге пайдаланады. Бақша дақылдарына топырақты
терең жыртады, кӛктемде тазалайды және себу алдында 1—2 рет
культивациялайды, бір мерзімде тырмаланады. Себу алдында тҧқымды
жылы ауада қыздырады (кҥннің кӛзі тҥсіп тҧрған жерде 3—5 тәулік бойы,
немесе қоймада +35—38° жылумен қамтамасыз ету арқылы). Тҧқымды алдын
ала +40° жылы суда 20 мин. уакыт ҧстап бӛрттіреді, Мҧндай тҧқымдар 8—10
кҥннен кейін кӛктеп шығады, ал қҧрғақ тҧқымдарға — 15—25 кҥн қажет.
Бақша дақылдарының дәндерінен май алынады. 70 х 70 см қатарға ҧяға
3-4 дәннен ӛседі. Оны пленкамен жауып топырақпен кӛмеді. Ӛсімдік ӛсе
бастаған пленканы ойып тастап алады да сиретіп ҧяда 1-2
дәннен
қалдырады.
Бақша дақылдары қҧрғақшылықа тӛзімді болғандықтан олар қуаң
аудандардың ӛзінде сапалы жақсы ӛнім бере алады. Бақша дақылдары
кӛбіне ӛзен жағалауларында жеңіл топырақты кішкене участіктерде егіледі.
Ауыспалы егісте бақша дақылдарын кӛп жылдық шӛптерден және
пардан кейін ексе жақсы ӛнім береді. Сонымен қатар бақша дақылдарының
ӛздері де отамалы дақыл ретінде басқа дақылдарды арам шӛптермен
тазартуда маңызы зор. Сонымен қатар бақша дақылдары кҥздік,
жаздық
дақылдар ҥшін жақсы алғы дақыл болады.
Зябь жыртқаннан соң кӛктемгі егіс қҧнарлы топырақты 2-3 рет
культивациялап ӛндейді. Тҧқымды топырақ температурасы + 12+15
0
С
болғанда шарты ҧялап егеді.
Тҧқымды топыраққа сіңіру терендігі әр тҥрлі – қауын – қарбыз ҥшін
гектарына 3-4 кг есебінен алынып 4-5см тереңдікке себіледі, асқабақ – 5-6 см
тереңдікте себіледі.
Ӛсімдіктің вегетация дәуірінде егісті кеш- кӛлденең культивациялайды,
бҧл топырақты қопсытумен қатар, арам шӛптерді жояды. Ӛсімдіктің 4-5
жапырағы шыққан кезде сирексітіп, әрбір щҧңқырға 1-2 ӛсімдіктен
қалдыру керек.
Кейінгі кезенде бақша дақылдарын кӛшеттер арқылы ӛсіруде Бҧл
тҧқымнан ӛсірудегіден 15-20 кҥн ерте піседі. Бақшаны пісуіне қарай әрбір 2-3
кҥнде жинап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: