13.3. Жылқыны ӛсіру, азықтандыру, кҥтіп бағу
Ауылшаруашылық
жҧмыстарын
механикаландырудың
кҥшеюіне
қаррамастан, жеке шаруашылық ӛндіррісінде жылқының кӛліктік маңызы
ҥлкен.
Жеке қожа шаруашылықтарында жылқы шаруашылығын ӛрркендетуді
және жылқы сапасын жақсартуды ҧйымдастырудың таңдаулы тҥрі – жылқы
фермасы болып табылады. Ӛз шаруашылығы ҥшін де және басқа
тҧтынушыларға сату ҥшін де тҧқымдық жылқы ӛсіретін жылқы фермалары
асыл тҧқымды жылқы фермалары деп аталады. Қҧлындауға жарайтын 10 және
онан да кӛбірек биесі бар шаруашылықтарда жылқы фермасы
ҧйымдастырылады.
Жылқы өсіру тәртібі және оны ұйымдастыру
Жылқыны қорада баққанда бие шағылыстыруды Қазақстанның
оңтҥстігінде әдетте 1 наурыздан, орталық және шығыс облыстарында 15
наурыздан бастап 15 шілдеде аяқтайды. Бие қҧлынды 11 ай немесе 335-340 кҥн
кӛтереді. Биелердің айғырдан шығу уақыты кҥзге дейін созылып кетсе, олар
(биелер) жылдың екінші жартысында қҧлындайды, кенже қҧлындар шыйрап
ҥлгермеген соң қысқа тӛзімсіз келеді, жӛнді ӛсіп – дами алмай кішірек болып
қалады.
Жеке қожалық шаруашылықтар биелердің айғырдан шығуы науқанына
кҥн ілгері даярланады: биелерді ең жақсы айғырларға қосады, туыстас
жылқыларды бір бірімен шағылыстырмауға, айғыр мен биелерде имек-аяқтық,
маймақ тізе, салпы сауыр т.б. бірыңғай кемістіктерідің болмауына кӛңіл
бӛлінеді.
Сондықтан айғырлар мен биелерді бір біріне қолайлап қосқанда бірінің
мінін екіншісінің сапа артықшылығы тҥзеп кетте алатындай болуы керек.
Мысалы, арқасы босаң биелерді шоқттығы шығыңқы айғырлардан шығару
керек.
Жақсы биелерді жақсы айғырлардан шығарып, алынған қҧлынды дҧрыс
ӛсірсе, олардан жақсы жылқы алуға болады. Тәжірибесі мол жылқышылар бие
мен айғырдың қоңы жақсы болуына кӛңіл бӛліп отырады; олар шағылыс
науқанына әзірлене бастаған биелер мен айғырларды азықтандруды
жақсартады. Қоңы нашар биелер кӛпке дейін кҥйлемейді, ал айғыырлардың
биеге шабу қабілетттілігі тӛмендейді.
Шағылыс науқаны басталмастан бҧрын және оны ӛткізу кезінде (айына
кемінде екі рет) айғырлардың ҧрығының сапасын тексеріп отырады.
Ҧрығының сапасы нашар айғырлардың азықтандыру және кҥту жағдайы
жақсартылады. Оларды кӛбірек серуендетеді, жақсы пішен, сҧлы, бидай кебегі,
тартылған сҥт, қызыл сәбіз және басқа да әртҥрлі азықтар береді.
Шағылыс маусымы бойында бір айғырға қосылатын биелердің саны
қолдан шағылыстырғанда 20-25, қолдан ҧрықтандырғанда 125-150 бас болуы
керек. Айғырлардың сапасына және кҥйіне қарай оларға қосылатын биелердің
саны жоғарыда кӛрсеттілгеннен кӛбірек я азырақ болуы мҥмкін. Жастау және
кәрі айғырлармен шағылысатын биенің саны азырақ болады.
Шағылысқа дҧрыс пайдаланылғанда сақа айғырларды биелерге кҥніне екі
рет (таңертең және кешке), дӛнен айғырларды кҥніне бір рет шағылыстырады.
Әрбір 7-10 кҥннен кейін айғырды шағылыстан босатып, бір кҥн дем алғызып
отырады.
Шағылыс кезінде айғырларға ақуызы мен дәрумендері кӛп әртҥрлі
азықтар беріледі. Айғырлардың тағы басқа жылқылардың жем жейтін
астауында жалайтын кесек тҧз ҧдайы болып тҧрады. Кӛктем мен жаздыгҥні
пішеннің белгілі мӛлшері орнына жаңа шабылған шӛп беріп отырады.
Шағылыс науқанын ойдағыдай ӛткізу кӛбінесе кҥйлеген биелерді
байқауға жіберіп, оларды айғырға қосуды дҧрыс ҧйымдастыруға байланысты.
Шағылыс маусымының бірінші кҥндерінен бастап биелердің кҥйлеген-
кҥйлемегенін ҥйірге салынбайтын байқаушы айғырлар арқылы айырады,
қҧлынды биелердің кҥйлеген—кҥйлемегенін қҧлындағаннан кейін бесінші
кҥннен бастап байқап отырады.
Кҥйлеген биелерді айғырға келесі кҥні қосады, ал қатты кҥйлесе, сол кҥні
қосады. Келешекте айғыр шапқан биелерді кҥнара байқап отырады, кҥйіті
басылмағандарын айғырға қайта қосады. Оларды айғырдан шыққанша осылай
байқап, айғырға қосып отырады. Айғырдан шықты деген биелерді 8-10 кҥннен
кейін тағы да байқап, кҥйіті басылмаса айғырға қайтадан қосады. Айғырды
жолатпаған биелердің айғырға қосылғанына 30-35 кҥн ӛткен соң мал
мамандары олардың буаздығын айналшыққа қол тығып тікішек арқылы біледі.
Барлық буаз биелерге зоотехниктер мен мал дәрігерлері сақтау куәліктерін
жазады. Айғырдан шықпағандығы анықталған биелерді кҥйлетіп, қайтадан
айғырға қосу мақсатымен жақсы азықтандырып, кҥтеді.
Шағылыс науқанын ойдағыдай ӛткізу ҥшін биелердің ерекшеліктерін
мҧқият зерттеп біліп отыру қажет. Биелердің кҥйлеуі, әдетте 3 кҥннен 10 кҥнге
дейін созылады. Олардың кҥйітін ӛткізіп алмау ҥшін айғырдан уақытында
шығару кҥйітін қанша рет тексеретіндігін, қашан айғырға қосылғандығын,
кҥйіті қаншаға созылатындығын жазып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |