Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет22/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

55
54
теймін, сондықтан да мен бақытты болуға лайықты-
мын. Мен әдемі де бақытты өмірге лайықтымын.
Мені басқа адамдардың жақсы көруіне лайықтымын.
Мен өзімді бағалаймын. МЕН МАХАББАТҚА ЛАЙЫҚТЫМЫН. 
Менің аңғарғаным: менің бойымда ешқандай ерек-
шелік жоқ. Мен қарапайым адаммын. Оқуды да жетістір-
генім шамалы. Мен жақсы әзілдей аламын, бірақ 
осы үшін Анна мені жақсы көреді деп айта алмай-
мын. Дегенмен мен оған ғашық болып қалдым. Мен,
ол емес. 
Өзің туралы түсінік. 
Мен өзімді білемін. Мен қандай екенімді білемін және оған 
шүкіршілік етемін. Мен не қалайтынымды білемін. Мен 
өзімді түсінемін. Қандай шешім қабылдайтынымды және 
неге қабылдайтынымды білемін. МЕН КІМ ЕКЕНІМДІ БІЛЕМІН. 
Менің аңғарғаным: бұл тармақ бойынша мен мүлде қатты 
қиналамын. Бұл тым дерексіз нәрсе сияқты болып көрі-
неді маған. Алайда өзімді жақсырақ танығым келеді. Марк 
пен Анна менің болмысымнан өзім білмейтін бір қасиетті 
байқаған болар. Шатасып кеттім.
Енді Карл осындағы ең маңыздыларын бір жерге 
топтастырғысы келді. «МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ» 
деген тіркестің Карл үшін сиқырлы мәні бар еді. Бұл үш 
сөздің әрқайсысы оған сенімділік беріп тұрғандай еді. 
Сөздерді бірінің астына бірін жазды да әрқайсысының 
тұсына олардың беретін мағынасын жазып қойды:
Менің – өзім туралы түсінігім (өзімді қалай
танимын)
қолымнан – мен лайықтымын (өзіне деген құрмет)
келеді – жүзеге асыру (өзіне сену/ құзіреттілік) 
Карл күнделікті бір жағына ысырып қойды. Ақылға 
салғанда, ол бәрін түсініп отыр, пазл анықталған сияқты. 
Бірақ одан ешқандай позитивті сезім туатын емес, бұл 
айтылғандардың өзіне түк қатысы жоқ сияқты. Мұның 
бәрі заң әдебиетін оқып шыққанмен бірдей еді: түсінуін 
түсініп отыр, бірақ жүрегін селт еткізер емес. 
Ұялы телефонына Марктен кезекті хабарлама келді:
«Жақсы болар еді ...» – деп күрсінді Карл. Терезеге 
қараса, таң да ата бастапты. Ол тез сөмкесін жинады да, 
аэропортқа жүріп кетті. 
Уәделескен жерде Марк, Анна және тағы екі жігіт тұр 
екен. Олар рейске тіркелді. Марк бәріне кофеге тапсырыс 
берді де, Карлды оңаша алып кетті. 
– Саған Анна ұнай ма? – деп тікелей сұраққа көшті ол 
Карлдің көзіне тура қарап тұрып. Марктің оған қатысы 
жоқ деп есептеген Карл:
– Оны қайдан шығардың? – деп, жауаптан жалтаруға 
тырысты.
– Кеше мен Анна да бізбен бірге ұшады дегенімде 
сен терең күрсінген едің. Ал оның алдында Анна тура
-
лы сөйлескенімде оның қол жетпес арман екенін айтқан 
едің.
Алғашында жалтаруға тырысқан Карлдың енді оған 
ниеті болмай қалды. 
– Дәл солай. Қол жетпес арман ол – деді Карл. 
– Оны кім айтты?
– Мен өзім.
– Кеңес берейін бе?
– Айта бер, - деп иығын қиқаң еткізді Карл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет