Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет47/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Жанур тектес азық
. Жануар тектес азықтарға сүт пен оның ӛнімдері, ет 
пен балық ӛндеу орындарының қан, ет, ет-сүйек, сүйек, балық ұны түріндегі 
қалдықтары жатады. Уыз бен сүт, майсыздандырылған (кӛк) сүт, айран мен сүт 
сары суы тӛл қорегіндегі маңызды азықтар болып табылса, қан ұны, ет ұны, ет-
сүйек ұны мен балық ұны мал азығының протеиндік, ал сүйек ұны минералдық 
(кальцийлік) қосындысы ретінде қолданылады. 
Синтетикалық азықтық, қосындылар
. Қоректік заттардың шоғырлану 
дәрежесі ӛте жоғары химиялық және микробиологиялық түзу ӛнімдері. Оларға 
мочевина (карбамид), аммоний фосфаты, аммоний суы секілді синтетикалық 
азоттық қосындылармен, азықтық ашытқы, L- лизиннің, DL-метиониннің 
азықтық қосындылары жатады. 
Минералдық қосындылар
. Табиғи шикізаттан ӛндірілетін азықтық 
қосындылар. Мал азығына қосымша минералды заттар кӛзі ретінде 
қолданылады. Оларға ас тұзы, азықтық бор, азықтық әк, ұлу қабыршығы, сүйек 
ұны, кальций-фосфорлық және кальций-натрийлік азықтық фосфаттар, қызыл 
топырақ, микроэлементтік тұздар мен кӛп компонентті минералдық брикеттер, 
түйіпшіктер мен премикстер жатады. 
Биологиялық әсерлі заттар
. Биологиялық әсерлі заттарға мал денесінде 
ӛздері тікелей энергия ӛндірмеген мен, зат алмасуына қолайлы жағдай 
туғызудағы маңызы зор, аз мӛлшерде болса да тіршілікке ӛте қажет ферменттер, 


87 
гормондар мен витаминдер жатады. Бұл топқа хелаттық, яғни металэнзимдік 
қосындылар, ферменттердің әсерлігін ӛсіретін коферменттік қызмет атқаратын 
биогенді микроэлементтер, организімдегі микробологиялық үрдіске ықпал 
етуші антибиотиктер мен траиквилизаторлар да кіреді.Мал азығының 
дәрменелік қоректілігін арттыру үшін балық майын, А, Д, Е дәрменелерінің 
қосындыларын, каротин-кальций ферол қосындысын, дәрменелік шӛп ұнын, 
сәулелендірілген азықтық ашытқыны және де басқа дәрменелік қосындыларды 
қолданады. Тӛл денсаулығын сақтау үшін биовит, биоветин, террамицин, 
кормогризин ж.б. азықтық антибиотиқтер шығарылады. 
Мал азығын (құрамажемін) дайындайтын арнайы зауыттар мен ӛндірістік 
кешендердегі (құс фабрикаларындағы) азық дайындау цехы мал түлігі мен құс 
түріне, жасына және ӛнімдік бағытына сәйкес түрлі азықтар қосындысынан 
құрамажемдерді құрастырып дайындайды. Олар арналған мал түлігі мен құс 
түрі ӛндірістік тобынын бүкіл қоректік мұқтаждығын ӛтейтін толық рационды, 
азықтандыру құнарлылығын ӛсіретін құнарлы-құрамажем мен мал азығына 
қосылатын 
ақуызды-минералды 
(АМҚ), 
ақуызды-дәруменді-минералды 
(АДМҚ) қосындылар мен қоспалар, премикстер мен тӛл қорегіне жұмсалатын 
арнайы құрамажемдер түрінде шығарылады. 
Күйісті мал азығындағы протеин жетіспеушлігін қажеттілігінің 20-25%-на 
дейін зәрлік (мочевина), аммиак суы, аммоний кабонаты не сульфаты секілді 
химиялық азотты қосындылармен малды оларға біртіндеп үйретіп барып 
толықтыруға болады. Мес қарындағы микробиологиялық үрдіс арқылы 1 г 
зәрліктен 2,6 г биологиялық құндылығы жоғары қорытылатын протеин түзіледі. 
Жекелеген шектік аминқышқылдарының (лизин, метионин) жетіспеушілігін 
олардың синтетикалық қосндыларымен толықтыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет