Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Азық құнарлылығын бағалау



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

2.4 Азық құнарлылығын бағалау 
Мал азығының құнарлылығы, яғни биологиялық тұрғыдан құндылығы, 
оның энергетикалық қуаттылығын бағалауда есептелінетін протеин, май, 
клетчатка мен АЭЗ тобындағы қоректік заттардың жалпы мӛлшерімен қоса 
олардың сапалық құрамын ескеруді талап етеді. Айталық, азық протеинінің 
(гректің
protos - алғашқы
деген сӛзінен шыққан) құндылығы оның жалпы, яғни 
"шикі" және қорытылатын мӛлшерімен қатар аминқышқылдық құрамын 
талдауды қажет етеді. Ӛйткені бірдей мӛлшерде болғаныман аминқышқылдық 
құрамы жағынан зат алмасуына қажет ауыспайтын аминқышқылдарын басым 
жеткізетін протеиннің биологиялық құндылығы жоғары болады. 
Мал азығының қоректілік құндылығын жан-жақты және толық сипаттау 
үшін алмасу барысында энергия ӛндіретін қорытылған протеин, май, жасұнық 
пен азотсыз тұнба заттарының ӛнімдік әсеріне негізделген жалпы 
энергетикалық қоректілігімен қоса оның протеиндік, минералдық және 
дәрумендік қоректілігін де бағалау қажет. 
Азық протеиндік қоректілігі оның құрамындағы барлық азотты заттарды 
біріктірегін "шикі" протеиіннің қорытылымына (қорытылатын протеин), су мен 
тұз ерітіндісінде ерігіштігіне (суда және тұзда еритін фракцияларының үлесіне), 
ал негізінен аминқышқылдық құрамына тәуелді келеді. Организмде түзілмейтін 
10 ауыспайтын аминқышқылына 
лизин, метионин, триптофан, аргинин, 
лейцин, изолейцин, цианин, фенилаланин, валин, глицин
жатады. Бұлар желінген 
жемшӛп протеинімен міндетті түрде жеткізілуі керек. Әсіресе шектік 
(критические) ауыспайтын аминқышқылдары болып саналатын алғашқы 
үшеуінің мал азығындағы жеткіліктілігі жете бақылануы қажет. 
Аминқышқылдық құрамымыен қатар азықтың 
протеиндік құнарлылығына
оның 
зат 
алмасудағы 
игерілу 
дәрежесіне 
оның 
фракциялары, 
аминқышқылдарының мӛлшері және олардың ӛзара қатынастары әсерін 
тигізеді. Алмасу барысындағы ақуыз түзуі оңтайлы жүру үшін бұл аталған 
аминқышқылдарының арақатынасы 1 : 0,5 : 0,25 аралығында, ал әдетте, 
метионин мен цистин мӛлшері біріктіріліп анықталатын құс пен шошқа 


82 
азығында бұл лизин : метионин + цистин арақатынасы 1 : 0,7 аралығында 
борлуға тиіс. Сонымен қатар жалпы ауысатын және ауыспайтын 
амигқышқылдарының арақатынасы да 1 : 2 аралығында болғаны дұрыс. Лизин 
аминқышқылының 
деңгейі 
протеиндегі 
басқа 
да 
ауыспайтын 
аминқышқылдарының 
деңгейін 
шектейтіндіктен, 
оны 
шектеуші 
(лимитирующая) аминқышқылы деп те атайды. 
Күйіс қайыратын малдың желінген жемшӛбі месқарында кӛп кӛлемде 
орын алатын микробиологиялық үдіріс барысында биологиялық тұрғыдан 
ӛңделіп, амидттік азотты игеру нәтижесінде азық протеинінің 50-80% 
аминқышқылдық құрамы мал денесі ақуызының аминқышқылдық құрамына 
жақын микробтық ақуызға айналдырылады. 
Протеиндік құнарлылығымен қатар азықтың сапалық кӛрсеткіштеріне 
оның минералдық және дәрімендік құнарлылығы кіреді. Мал азығының 
минералдық құнарлылығы 
оның құрамындағы биологиялық маңызды қызметтер 
атқаратын, яғни биогенді, минералдық элементтердің мӛлшері және 
арақатынастарымен 
бағаланады. 
Бүгінгі 
күнге 
биогенді 
минералды 
элементтерге азықтағы 2–0,01% аралығындағы мӛлшері 
г/кг
-мен есептелінетін 
Ca, K, Na, Mg, P, S, Cl түріндегі макро- (грекше
macros - кӛп
) және 0,01–
0,0001% аралығындағы мӛлшері 
мг тіпті мкг/кг
-мен есептелінетін Fe, Cu, Mn, 
Zn, Co, I түріндегі микро- (грекше
micros - 
аз) элементтер жатады. 
Биогенді минералды элементтер зат алмасуындағы ӛздеріне тән 
функцияларын атқаруымен қатар (мысалы, кальций сүйек құрылысы, яғни 
остеопоэзде, темір қан құрылысы, яғни гемопоэзде) қышқыл-сілтілік қатынас, 
осмостық қысым, буферлік жүйе, иондық теңдік түріндегі маңызды 
гомеостаздық кӛрсеткіштерді қамтамасыз етуге қатынасады. Мысалы, қышқыл 
(P, S, Cl) және сілті (Ca, K, Na, Mg) реакциялы макроэлементтер грамм-
эквиваленттік (г-экв) қатынасы зат алмасуына қолайлы азық күлінің сәл сілтілі 
(рН = 7,2-7,4) реакциясын қамтамасыз ететін 0,8-0,9 аралығанда болғаны жӛн. 
Олай болмай, мал азығының реакциясы үзақ мерзім қышқыл не сілтілі болса, 
қан реакциясының ауытқуы ацидоз не алкалозға соқтырып, соның салдарынан 
мал организмінде ацетонемия, ацетонурия, кетонемия, ацидоз, кетоз секілді зат 
алмасуының бұзылуы орын алуы мүмкін.
Мал азығындағы қышқыл-сілтілік қатынасты (ҚСҚ) келесі жолмен 
есептейді: 
(0,097 х P + 0,062 х S +0,028 х Cl) /
(0,05 х Ca + 0,0256 х K + 0,044 х Na + 0,082 х Mg) 
Сонымен қатар азық минералдық элементтер қызметіне олардың 
жекелеген ӛзаралық қатынастары да әсерін тигізеді. Мысалы, жақсы сіңіріліп, 
жоғары игерілуі үшін Ca : P қатынасы 1,5-2 : 1, ал K : Na қатынасы 0,4-0,5 
аралығанда болуға тиіс. 


83 
Биогенді микроэлементтердің әр қайсысы зат алмасуындағы ӛзіне тән 
маңызды қызметтерін (айталық, Fe – гемоглобин, Cu - гематокупреин, Mn - 
пироксидаздар, Zn - карбоангидраздар, Co - цианкобаламин, I – тироксин, т.с.с.) 
атқарумен қатар коферменттік функцияларының арқасында организмнің 
энзимдік жүйесін белсендіруге қатысады. Олардың жергілікті жемшӛп 
құрамындағы 
жетіспеушілігі 
сол 
биогеохимиялық 
аймаққа 
тән 
теміржетіспеушілік қан азаюы (анемия), акобальтоз, энемиялық алқым ісігі 
(зою) секілді эндемиялық аурулардың туындауына апарып соқтырады. 
Мал азығымен тіршілікке қажетті барлық дәрумендер жеткізілуге тиіс. 
Олардың қатарына алдымен А дәруменінің ӛсімдіктегі алғашқы түрі каротин, Д, 
Е және В тобының дәрумендері жатады. Биологиялық әсерлі заттарға жататын 
дәрумендер зат алмасуның барлық қырының жүруіне ықпал етіп, ұрғашы мал 
мен мекиендердің ұрықтануына, еркек мал мен әтештер ұрығының сапасына, 
тӛл мен балапанның ӛміршеңдігі мен ӛсіп-жетілу жылдамдығына, сақа мал мен 
құстың денсаулығы сақталып, ӛнімділігі жоғары болуына ықпал етеді. 
Дәрумендер жетіспеген жағдайда түрлі авитаминоздарға шалдыққан 
организмнің резистенттігі, яғни сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы 
тұрушық қабілеті, тӛмендеп, ауруға шалдығушылығы ӛсіп, ӛнімділігі кеміп, 
ӛнім сапасы нашарлайды. 
Қоректіліктің осы кӛрсеткіштерін ескере отырып мал азығының қоректілік 
құндылығын жан-жақты, яғни кешенді түрде бағалау керек. Ол үшін мал азығы 
қоректілігінің жалпы кӛрсеткіші болып табылатын азық ӛлшемі, алмасу 
энергиясы бойынша есептелінетін энергетикалық қуаттылығын, сапалық 
кӛрсеткіштеріне жататын протеиндік ("шикі", яғни жалпы, барлық және 
қорытылатын протеині, ауыспайтын аминқышқылдары бойынша), майлық 
(липидтер, фосфатидтер, лецетин, холин секілді май тәріздес заттар мен линол, 
линолен, арахидон түріндегі ауыспайтын май қышқылдары бойынша), 
кӛмірсулық (жасұнақ, яғни клетчатка, азотсыз экстрактивті заттар мен ондағы 
крахмал, 
қанттар 
бойынша), 
минералдық 
(биогенді 
макро- 
және 
микроэлементтер және олардың арақатынасы бойынша), дәрумендік (каротин, 
А, Д, Е және В тобының дәрумендері бойынша) және биологиялық (ферменттер, 
гормондар және басқа да әсерлі қосындылар бойынша) толықтырады. 
Сайып келгенде, мал азығының қоректілігі оның азықтандыруда жұмсалған 
бірлігіне ӛндірілген ӛніммен бағалануға тиіс. Желінген жемшӛп бірлігіне (1 
азық ӛлшемі не ккал, МДж алмасу энергиясына) ӛндірілген сүт, ет (салмақ 
қосымы), жүн, жұмыртқа, т.б. ӛнімі кӛп болса азық қоректілігінің де жоғары 
болғаны. Экономикалық тұрғыдан бұл мал ӛнімінің бірлігін (1 л сүг, 1 кг салмақ 
қосуы, 1 ц жүн, 1000 дана жұмыртқа, т.с.с.) ӛндіруіге жұмсалған жемшӛп 
шығынының азаюына, демек ӛндірілген ӛнімнің ӛзіндік құнының арзандауына 
себептесіп, сала дамуының рентабельдігін, яғни қаржылай тиімділігін, 


84 
арттырады. 
Тұжырымдап келгенде, мал азығының жалпы қоректілігі оның сұлы азық 
ӛлшемі, алмасу энергиясымен есептелінетін энергетикалық қуаттылығы мен 
протеиндік, 
минералдық 
және 
витаминдік 
қоректік 
сапасы, 
яғни 
құнарлылығымен, бағаланады. Азықтың жалпы қоректік құнылығын анықтауда 
бұл кӛрсеткіштерінің бәрі ӛзінідік ықпал етіп, ӛзара байланыста болады. Ол 
байланыс-қатынастар олардың бір-бірінің қоректік әсерін күшейту (синергизм) 
немесе әлсіретіп, тежеу (антогонизм) бағытында орын алатынды. Мысалы, 
протеин жетіспеушілігі не артықшылығы қоректік заттар игерілуіне 
жұмсалатын энергия шығынын арттырады. Мұндай жағдай басқа да қоректік 
заттар жетіспеушілігінен орын алады. Сондықтан мал азығының қоректілігін 
осы жағдайлардың барлығын жан-жақты ескере отырып, кешенді түрде бағалау 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет