микроорганизмдер,
эволюциялық даму сатысына сәйкес
ӛсімдіктерге жақын тұрған бактериялар, яғни
микрофлорамен
, жануарларға
жақын тұрған қарапайымдылар, яғни микрофаунадан тұрады. Олардың ӛсіп
кӛбейуіне месқарында барлық жағынан жағдай туғызылған. Aтап айтатын
болсақ, желінген жемшӛппен қорек кӛзі жеткізілсе, оны мол сілекейлеу арқылы
микроорганизмдер дамуына оңтайлы сілтілі орта қалыптастырылады.
Қарын ішіне күн сәулесі енбейді, суық ӛтпейді. Осындай сілтілі, жылы (37-
38°С) да қараңғы ортада (сәуленің кӛптеген микроорганизмдерге қаупті екенін
ескерсек)
месқарын
микроорганизмдерінің,
яғни
бактериялар
мен
қарапайымдылардың сан-алуан түрі қаулап кӛбейеді. Онда дамыған
бактериялардың
басым
түрлері
целлюлоза
мен
гемицеллюлозаны
ыдыратушылар тобына жатады. Сан жағынан олардан кейінгі бактериялар
түріне (нәсіліне) қышқылдарды пайдаланатын, протеолитикалық, аммиак
түзуші, липотикалық, метан мен дәрумендер түзуші бактериялар кіреді.
Бактериялардан кейінгі месқарын микроорганизмдерден сан жағынан
екінші орынды қарапайымдылар алады. Олар негізінен кӛмірсу алмасуына
қатысып, крахмал (парагликоген) мен кӛпқанттарды пайдаланып, ӛз денесінің
қоры ретінде жинайды. Кейбір инфузориялар протеин мен липидтерді де
пайдалана алады (негізінен, фосфолипидтерді түзу арқылы). Желінген
жемшӛптің құрамы кедей болған жағдайда қарапайымдылар микрофлорамен
қоректеніп олардың румино-экожүйесіндегі санын азайтады.
Месқарын микрофаунасына инфузориялар, туфелькалар және де басқа
кірпікті қарапайымдылардан тұрады. Месқарын химусынын 1 миллилитрінде
шамамен 1 миллиондай қарапайымдылар тіршілік етеді. Тәулік бойында
олардың 4-5 ұрпағы ӛсіп жетіледі. Мүйізді ірі қара малдың месқарын
химусынын 20/1 бӛлігі, ал ұсақ мүйізді қара малдікінің 12/1 бӛлігі
инфузориялардан тұрады.
Миллиардтаған месқарын бактерияларымен қоректенген олар ӛз дене
құрылысына азықтын ыдыраған аммиагын игеріп, месқарындағы азотты
қосындылар, яғни протеин, азот мӛлшерінің 10-20% құрайды. Бұлардың
тәулігіне 70% ұлтабардан ішекке ӛтіп, қарын сӛлінің тұз қышқылымен ӛлтіріліп
(қышкылдығымен бактерияларды ӛлтіру арқылы қарын ӛзінің мал денесінің
ішкі ортасын қорғау қызметін қоса атқарады), қорытылады да, ыдыраған
денесінің қоректік заттары босап, қанға сіңіріледі.
Месқарындағы микробиологиялық түзу арқылы күйісті мал жеген
жемшӛбінде болмаған құнды аминқышкылдарымен В тобы мен К
дәрумендерімен қоректене алады. Микробиологиялық түзу нәтижесінде құрамы
кедей, қоректілігі тӛмен аумақты жемшӛппен азықтандырылған күйісті мал
72
қорегінің биологиялық құнарлылығы ӛседі. Месқарындағы малға пайдалы бұл
үрдісті ӛрістету үшін малды жастайынан аумақты жемшӛпті жеп, қорытуға
бейімдей, яғни бағыттап, ӛсіріп, месқарын аумағының сыйымдылығын
мейлінше ұлғайтып, бірегей жемшӛппен азықтандыру арқылы онда тіршілік
ететін бактериялардың азық қорытуға қажетті түрінің дамуына ықпал ету қажет.
Ол түрлерінің ішінде алдымен ірі жемшӛп жасұнығын қорьггуға себептесетін
целлюлоза ыдыратушы бактериялардың кӛп болғаны абзал. Ӛйткені олар
малдың ас қорыту сӛлдерінде болмайтын қиын қорытылатын жасұнық тобынын
кӛмірсуларын ыдыратушы целлобиаза ферментін шығарады. Соның арқасында
күйісті мал бір қарынды мал қорыта алмайтын сапасы тӛмен аумақты ірі
жемшӛпті жақсы қорытып, арзан құнды мол ӛнім ӛндіреді.
Жасұнық тобына кіретін кӛмірсулардың месқарында ыдырауына
целлюлоза ыдыратуды микроорганизмдер саны мен сапасымен қоса, олардың
ӛзінің ішкі құрамы мен құрылымы, физика-химиялық қасиеттері, ұсақты-ірілі
кӛлемі, ал ен бастысы, лигнин бастаған қатайтқыш заттарға қаныққандағы, әсер
етеді. Лигнин, кутин, суберин секілді сағыз тәріздес ӛте тӛзімді, ерімейтін
қатайтқыш заттар ӛсімдік ӛсіп, дамыған сайын оның қаңқасын құрайтын
жасұнықты орап, қоршап, сіңіп қатайта түседі. Бұл целлюлозамен тікелей
жанасқанда шығаратын микробтық целлобиаза ферментінің бӛлінуіне кедергі
туғызып, жемшӛп қорытылымын тӛмендетеді.
Месқарын микрофлорасы дұрыс қалыптасу үшін малды бірыңғай
жемшӛппен белгілі мӛлшерде және тәртіпте азықтандыру керек. Ӛйткені
желінген жемшӛп құрамы жиі ауысса, месқарын бактерияларының түрлері
оларға бейімделіп үлгермейді де саны мен сапасы тӛмендейді. Бұл күйісті
малды аш қалдырғанмен бірдей. Мұны, әсіресе, мал жемшӛбінің құрамы
түбегейлі ӛзгертілетін қыстан кӛктемге және күзден қыстауға ауыстыру
кезеңдерінде ескеру қажет. Малды жазғы және қысқы азықтандыруға біртіндеп
үйретіп, жаңа азықтарды аз мӛлшерден бастап енгізеді.
Күрделі қарынның алдыңғы бӛлімдерінде ӛңдеуден ӛткен жемшӛп (химус)
жалбыршақ арқылы ұлтабарға ӛтеді. Тәулігіне мүйізді ірі қара мал ұлтабарында
100 литрдей (мүйізді ұсақ қара малдікінде 5-6 л) бӛлінетін қарын сӛлі, негізінен,
тұз қышқылы мен пепсиннен тұрады. Ол ұлтабарға енген азотты
қосындыларды, оның ішінде микробтар денесін ыдыратады. Ұлтабардан азық
химусы онекіелі ішек арқылы ұзындығы мүйізді ірі қара малда- 40-50 м, мүйізді
ұсақ қара малда 17-34 м аш ішекке, одан тоқ ішекке ӛтеді. Ішектегі ас қорыту
барысы қарапайым малдікіндей етеді (2.2-сурет).
73
2.2-сурет – Сиырдың ас қорыту жолы:
Достарыңызбен бөлісу: |