Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Азық қоректік заттарының қорытылуы



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

2.2 Азық қоректік заттарының қорытылуы 
Қоректік заттар қоректілігі олардың желініп, малдың ас қорыту жолына 
еніп, қорытылғанынан, яғни қанға сіңірілгеннен кейін айқындала бастайды. 
Қорыту барысында ас қорыту сӛлдерінің ферменттері азықтың кӛп- (поли-) 
петидті протеин, үш атомды майлар, кӛп қантты кӛмірсулар түріндегі күрделі 
қоректік заттарын, тиісінше, бір- (моно-) пептидті аминқышқылдары, жекелеген 
глицеридтер, глюкоза, фруктоза секілді моноқанттар түріндегі қарапайым 
қосындыларға дейін ыдыратады. Соңғылары аш ішекте қанғы сіңіріліп, 
жасұщаларға жеткізіліп, зат алмасуына қатысады. 
Жемшӛптің қоректік заттарын пайдаланып, ӛз қажетіне жұмсау үшін 
жануарлар алдымен оны жеп, желінген азықтың қоректік заттарын қорытып, ас 
қорыту жолында сіңірілген бӛлігін зат алмасу барысында игеріп, тіршілік 
мұқтаждығы мен ӛнім ӛндіруге пайдаланады. Мал жеген жемшӛп ауыз қуысы 
арқылы ас қорыту жолына еніп, қорытыла бастайды. Қорыту барысында түрлі 
механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлар әсерінен 
азықтағы күрделі қоректік заттар ыдырап, ішек түгі арқылы қанға сіңіріледі. 
Ыдырап үлгермеген, сіңірілмеген қоректік заттар қорытылмаған қалдықтар 
ретінде нәжіспен (тезекпен) тік ішектен сыртқа шығарылады. 


68 
Желінген жемшӛп қоректік заттарының қорытылуы ауыз қуысынан 
басталады. Онда енген азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі 
ферменттер (амилаза) минералды заттар оның кұрамына еніп, әсер ететін 
қосындыларды (амилоза түріндегі крахмалды) ыдырата бастайды. Жұтылған 
азық кӛмекейден ӛтіп, ӛңеш арқылы қарынға (асқазанға) түседі. Қарында 
бӛлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сӛлінің 
протеолитикалық (протеинді ыдыратушы) ферменттерінің (пепсин, трипсин) 
әсеріне тап болады. Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктенген 
азық жыны (химус) онекіелі ішек арқылы аш ішекке ӛтеді. Ӛтерінде қарын асты 
безінің панкраттық сӛлімен бауыр ӛтімен араласады.
Ӛт қосындылары азық майының ішек сӛлі ферменттері мен (липазалармен) 
ыдыратылуына себептеседі. Аш ішекке ӛткен химус қоректік заттарының ішек 
сӛлі ферменттерінің әсерімен жай қосындыларға дейін (протеиндер - амин 
қышқылдарына дейін, майлар - май қышқылдары мен глицеринге дейін
кӛмірсулар — глюкоза, фруктоза түріндегі моноқанттарға дейін) ыдыратылады. 
Химиялық тұрғыдан қарапайым қосындылар болып келетін амин- және май 
қышқылдары, қарапайым қанттар, аш ішек түгінен ӛтіп, қан мен лимфа 
құрамына сіңіріледі. Толық ыдырап үлгермеген қоректік қосындылар тоқ 
ішекке ӛтіп, тік ішекке жылжу барысында химус суы қайта сіңіріліп, біртіндеп 
нәжіс (тезек) қалыптасады. Осыған байланысты арнайы тәжірибеде қорытылған 
қоректік заттарды (ҚЗ) келесі жолмен есептейді:
Қорытылған ҚЗ = Желінген азықпен енген ҚЗ – Тезекпен шыққан ҚЗ, г
Қоректік заттардың қорытылу дәрежесін қорыту коэффициентімен (ҚК) 
белгілейді:
ҚК = (Қорытылған ҚЗ – Желінген ҚЗ) х 100, % 
Азық қоректік заттарының қорытылуына, бір жағынан, малдың ас қорыту 
жүйесі, екінші жағынан, желінген азықтар түрлері, құрылымы, үйлесімдігі, 
жеуге дайындау әдістері, т.б. жағдайлары ықпал етеді. Қоректік заттар 
қорытылуы мен игерілуіне ондағы энергетикалық (қуаттылық) және 
құрылымдық қосындылар арақатынасын кӛрсететін 
протеиндік қатынас (ПҚ) 
ықпал етеді: 
ПҚ = (Қорыт. май х 2,25 + Қорыт. жасұнақ + Қорыт. АЭЗ) : Қорыт.
протеин, г 
 
6-8 : 1 аралығындағы протеиндік қатынас – орта, 6-дан аз болса – тар, 8-
ден кӛп болса – кең болып саналады. 
Кӛп бӛлімді күрделі қарынды күйіс қайыратын малдың ас қорытуы 
қарапайым қарынды малдікіне қарағанда кӛп ерекшелінеді. Күйісті малға 
жататын мүйізді ірі және ұсақ қара мал жемшӛпті күшті тілімен молынан орын, 
жалмайды да, бір- екі шайнап, мол сілекейлеп жұтады. Олар ішкен судың 
негізінен күрделі қарынның алдыңғы бӛлімдерінде сіңіріліп, қанмен сілекей 
бездеріне жеткізіледі де, олар ӛндірген мол сілекеймен қайта ауыз қуысына 


69 
құйылады да, шайналған жемшӛппен мес қарынға түседі. Осындай организмдегі 
ішкі су айналымының арқасында ол үнемді жұмсалып, бүйрек арқылы аз 
мӛлшерде ғана бӛлініп шығарылады. 
Алдыңғы қарын бӛлімдерінін ішіндегі негізгісі де ең аумақтысы месқарын. 
Мүйізді ірі қара малдың мес қарнының аумағы 180 литрге дейін, қой мен 
ешкінікі 25 литрге дейін жетіп, олардың сыйымдылығы, тиісінше, 200-210 л 
және 28-30 л жалпы қарын аумағынын 85-87% құрайды. Қарын аумағынын 
қалған 13-15% аумақтары мүйізді ірі қара малда — 14-15 л, мүйізді ұсақ қара 
малда - 3-4 л жалбыршақ қарынмен, тиісінше, 8-12 л (5-7%) және 1 л (3%) тақия 
қарын, ал қалған 10-13 л (6%) мен 3-3,5 л (13%) шынайы қарын - ұлтабардын 
үлесіне тиеді. Жалпы, күйісті мал ас қорыту жолынын қарын аумағымен 60- 
65% қамтылса, қалған 20-21% — аш ішек, 2-3% — соқыр ішек (бүйен), 9-11% - 
ток және тік ішек үлесіне тиеді. 
Кӛп қарынды малдың жалмап, жеген жемшӛбінің 85-90% месқарында 
жиналады да, олардың азық жегеннен кейінгі 0,5- 1,5 сағатта күйіс қайыруы 
басталады. Оның ӛтуіне мес қарын бӛліктерінің бұлшық еттерінін мезгіл-мезгіл 
жиырылып (месқарын руминациясы), ӛзіндегі жемшӛпті астынан үстіне қарай 
бірыңғай ығыстыра араластыруы себептеседі. Сілекеймен мол ылғалданып, 
жұмсарып, месқарын микрофлорасымен ӛңделу барысында біршама ашытылған 
жемшӛп қайта ауыз қуысына кекіріліп, түбелікті шайналып, сілекейленіп қайта 
жұтылады (күйіс қайыру).
Шайналып, жұтылған азық месқарынның ӛңеш енген тұсындағы ӛзекпен 
жынның (химустын) үстіңгі ұсақталған сұйықтау бӛлігіне қосылып, онымен 
біртіндеп жылжып қарынның кейінгі бӛлімдеріне ӛтеді. Күйіс қайыру 
барысында мұқият шайналып жұтылған азық бӛлшектері, шайналмаған жемшӛп 
арасынан ӛтіп месқарынның астына қарай және тақия қарынға шӛгеді. Ірі азық 
бӛлшектері месқарын сұйығының үстіне кӛтеріледі. Осыдан месқарында 
жиналған жынның сұйық астыңғы қабаты мен қою үстіңгі қабаты қалыптасады. 
Үстіңгі қабатындағы ірі жемшӛп кекіріліп ауыз қуысына күйіске түссе, астыңғы 
қабатындағы ұсақталған азық бӛлшектері біртіндеп жалбыршаққа енеді. 
Жалбыршақта артық суы сығылып, сіңірілген азық жыны ұлтабарға енеді (2.1-
сурет). 


70 
2.1-сурет – Күрделі қарын құрылысы: а) месқарын б) тақия қарын 
в) жалбыршақ г) ұдтабар 
Алдыңғы қарындарда ас қорыту сӛлі бӛлінбейтіндіктен микроорганизмдер 
тіршілігіне себептесетін ӛте қолайлы жағдайлар туғызылады. Оларға малдың 
күнделікті жеген жемшӛбімен қоректік заттар жеткізілсе, күйіс қайыру 
барысында сілекей бездері кӛптеп бӛлетін сілекей молынан құйылуынан сілтілі 
орта орнайды. Мұндай тіршілігіне қолайлы қорегі мол, сілтілі, жылы (37°С) да 
қараңғы (сәулесіз) жағдайда жаңа туған тӛлдің қарнына азықпен сіңген 
бактериялар бірден тұрақтанып, дами бастайды да, екінші аптадан бастап оларға 
қарапайымдылар да қосылып дамып, кӛбейеді.
Желінген жемшӛптің месқарыннан жылжып ӛту мерзімі бӛлшектерінің 
ірілігіне (қаттылығына) байланысты келеді. Ұсақталған майда, жұмсақ, 
жеткілікті ылғалданған, жеңіл қорытылатын жемшӛп месқарында тіпті 
тоқталмай, ӛңеш ӛзегіменен бірден ұлтабарға ӛтіп те жатады. Қиын 
корытылатын клетчаткалы ірі және қатты жемшӛп, керісінше, месқарында ұзақ 
ұсталып, күйістеу барысында әбден ұсақталып, жұмсарып, бапталғанша 
алдыңғы қарындардан шығарылмай ұсталады.
Жаңа туған бұзау мен қозы-лақтың алдыңғы қарындары дамымағандықтан, 
олар емген сүт ӛңештің қарынға жалғасқан жерінен басталатын ӛзек арқылы 
бірден ұлтабарға түседі. Алдыңғы қарындарда ешқандай ферментті сӛлдер 
немесе микроорганизмдер болмағандықтан, молынан жұтылған сүт ӛңеш 
ӛзегінен асып, дамымаған месқарынға кұйылады. Біраздан кейін ондағы сүт 
шіри бастайды. Шіріген заттар ас қорыту жолдарына еніп, ас қорыту барысын 
бұзып, ішті ӛткізіп, тӛлді тышқаққа (диспепсия) соқтырады. Бұған жол бермеу 
үшін тӛлге сүтті мӛлшерлеп, кӛптеп жұтқызбай, ӛңештік ӛзектен шығып 
тӛгілмейтіндей етіп, емізік арқылы сорғызады.


71 
Бұзау мен қозы-лақтың дами бастаған таз қарынына азықтармен бірге 
еңген микроорганизмдер біртіндеп кӛбейе бастайды. Ол дене құрылымы 
бірторшалы, яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет