Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Протеин.
Мал тіршілігіне ең қажет те, ең маңызды қоректік зат тобы. Оны 
атауынан да байқауға болады
(грекше «protos» - алғашқы, бірінші).
Жануар 
денесі құрғақ затының - 45%, ал кейбір мүшелерінің - 85% құрайтын 
организмдегі негізгі құрылыс материалы. Ӛсімдіктердегі бұл деңгейге тек 
бұршақ тұқымдастар дәніндегі протеин мӛлшері жақындайды (сояда - 35-45%). 
Ӛсімдік протеині негізінен дәнде, гүлде және жапырақтарда жиналады. 
Гүлденген жоңышқа жапырағының құрғақ затындағы 24% протеинінің дәнде 
35%, ал сабақта 10% жиналады. 
Протеин мал қорегіне үздіксіз жеткізіліп, денедегі белок алмасуын 
қамтамасыз 
етуі 
керек. 
Желінген 
азықпен 
жеткізілген 
протеин 
аминқышқылдары пептидттік түзу арқылы сақа мал денесінің белоктарын тек 
жаңаласа (олар қанша азық азотың жесе, соншалықтысын тезек және зәрмен 
шығарады), ӛсіп келе жатқан жас тӛл денесінде жоғары пайдаланылып, үстеме 
белоктар түзеді (содан мал ӛседі). Негізгі құрылымдық қосындылар болуымен 
қатар белоктар ферменттер, фермент ингибирлары, гормондар мен иммундық 
заттар құрамында зат алмасуын реттестіретін әсерлі қызмет атқарып, 
биохимиялық үрдіске белсенді түрде ықпал етеді.
Майлар (липидтер).
Азық май қышқылдарының үш глицеридтерінен 
тұратын энергиялық қосындылар. 1 г май тотыққанда басқа қоректік заттардан 
2-2,5 (орташа 2,25) есе жоғары - 9,1-9,3 ккал (39-40 кДж) жылу бӛлінеді. 
Жиналу жеріне байланысты олар протоплазмалық және қорлық май болып 
бӛлінеді. Кӛкшӛп протоплазмасындағы липидтер кӛлемі 0,1-0,3%, астық 
тұқымдастар дәніндегі қорлық липидтер кӛлемі - 2-3% болады. Май құрамына 
үшглицердті липидтермен қоса май тәріздес липоидтер кіреді. Олардың 
биологиялық тұрғыдан маңыздылары фосфолипидтер немесе фосфатидтер. 
Олар жасушаның белок-липидтік бірлестіктерінің құрамына кіріп, басқа 
майлармен бірге жасуша қабығының майлы қабатын құрастырады. 
Көмірсулар.
Ӛсімдік органикалық затының негізін (80%) түрлі кӛмірсулар 
құрайтындықтан олар мал азығының негізгі энергия кӛзі болып табылады. 
Кӛмірсулардың химиялық құрамы кӛміртегі мен су молекуласынан - Сn(Н
2
O)m- 
тұрады. Олар қарапайым бір- (моно-), екі- (ди-), үш- (три-), тӛрт- (тетра-) және 


66 
де кӛп- (поли-) молекулалық болып бӛлінеді. Моноқанттарға глюкоза, фруктоза, 
галактоза, манноза, арабиноза, сорбоза, ксилоза, рибоза мен дезоксирибоза, 
екіқанттарға - қызылша мен науат қанты деп аталатын сахароза, сүт қанты деп 
аталатын лактоза, мальтоза, целлобиоза, кӛпқанттарға крахмал, жануар 
крахмалы деп аталатын гликоген, целлюлоза (жасұнық) ж.б. жатады. Қорытылу 
тұрғысынан оларды нашар еріп қиын қорытылатын
 жасұнық 
пен тез еріп жеңіл 
қорытылатын
 азотсыз тұнба заттар (АТЗ)
тобына бӛледі. 
Малдың ас қорыту сӛлдерінде клетчатканы, яғни целлюлозаны қорытатын 
целлюлаза ферменті болмайды. Оны тек күйісті малдың ас қорыту жолындағы 
(мес қарындағы) микрофлора қорытады. Азықтың азотсыз экстарктивті заттар 
тобына жылдам еріп қорытылатын қант, декстрин, крахмал, пектиндер 
біріктіріледі. 
Крахмал ӛсімдік дәнінде, түйнегінде, тамырында амилопектин (75-85%) 
және амилоза (15-25%) түрінде жиналады. Толығымен тотыққанда 1 г 
крахмалдан 4-4.5 ккал (17,56 кДж) жылу пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет