Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

ҚЗ - құрғақ затының үлесі бұдан тӛмен болмауға, ЗН - 
зиянды және нашар желінетін ӛсімдіктер, УӚ - улы ӛсімдіктер үлесі бұдан 
аспауға тиіс; б/т - бұршақ тұқымдастар; а/т - астық тұқымдастар.
Ескертулер. 
Минералды заттар үлесі I класс азығында — 0,1%, II класс 
азығында - 0,3%, III класс азығында 0,5%, тек тамыржемістілер пәлегінде, 
тиісінше, 1,5%; 3%; 5% -дан аспауға тиіс. 
Жайылым отында, әсіресе, құрамындағы алкалоидтары, глюкозидтары, 
гликоалколоидтары, лактондары, т.с.с. улы қосындыларды малдың орталық 
жүйке жүйесінің, тыныстануының, жүрегінің, ас қорытуының қызметін бұзып, 
уландыратын ӛсімдіктердің болмауын, ал тіпті болған жағдайда 0,1-0,3%-дан 
аспауын қатаң қадағалайды. Малға қаупті улы ӛсімдіктерге ӛсуінің әр кезеңінде 
бойына уландырғыш заттарды жинайтын кӛкнәр, сүттіген, уқорғасын, шытыр, 
кекек, меңдуана, итжидек, т.б. жатады. 
Улы да зиянды ӛсімдіктер кӛп ӛсетін жайылымды олардан арылту 
шараларын жүргізіп, малды ӛсімдіктердің ӛсу кезеңіне байланысты ӛзгеретін 
улы қосындылардың залалсызданған кезеңдерінде жаяды. Кӛптеген улы 
қосындылардың шӛптің шабылып, кептірілгенінде залалсызданатының 
ескереді. 
Малды жайылым отының зиянды және улы қосындыларымен қоса біршама 
антикоректік заттарының зардабынын да сақтандыру қажет. Ондай заттарға 
жауынды жылдары бұршақ тұқымдастарда, атап айтқанда, беде мен жоңышкада 
кӛлемі молаятын
 
эстрогепдер
жатады Сиыр жоңышқа мен азықтық бұршақтың 
100 г құрғақ затында олардың мӛлшері 1,8-2 мкг болса, беде мен 
жоңышқанікінде 3,7-4,1 мкг-га жетеді. 
Химиялық құрылымы мен физиологиялық әсері жағынан эстрон және 
эстрадиол секілді әйел жыныстық гормонына жақын бұл қосынды аз мӛлшерде 
зат алмасуына себептесіл, кӛп мӛлшерде сиыр мен саулықтың кӛбеюшілік 


94 
қызметін бұзып, бедеулігі мен іш тастауын жиілетеді. АҚШ пен Канадада 
мұндай құбылысты малға құрамында эстрогені жоқ қарағай қылқаның 
жегізгенде де байқаған. Ол затгарды антиэстрогендер деп атаған. 
Жайылымға азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар шашу кӛкшӛптің 
эстрогендігін ӛсіретінін кӛрсетіп отыр. Түрлі органикалық және минералдық 
тыңайткыштар қолданудың салдарынан ӛсімдіктерде одан басқа да қосындылар, 
олардың ішінде малды уландыратын нитратгар да, кӛптеп жиналады. Мысалы, 
гектарына, азотқа шаққанда, 60 кг аммиак селитрасы себілген сұлы кӛгіндегі 
9,6% "шикі" протеиннің 7,6%, яғни 79,2% белоктан тұрса, 120 кг аммиак 
селитрасы себілген сұлы кӛгінде "ішкі" протеин кӛлемі 16,5% болып, оның 
11,8%, яғни 71,5% белоктан тұрған. Демек, аммиак селитрасының кӛп мӛлшері 
иротеиндегі белоктың үлесін азайтып, орнына белоктан тыс азоттық 
қосындылардың, оның ішінде нитраттардың молаюына соқтырады. Бұған 
азықтық дақылдардың, атап айтқанда біржылдық астық тұқымдастардың ауа 
райы салқын жылдары аз суарылуы, шабылып, жиналған шӛптің үйіндіде қызуы 
да себептеседі. 
Ӛсімдіктерге топырақ ерітіндісінен нитраттар, нитриттер мен аммиак 
қосындылары түрінде енетін азоттан денедегі аминқышқылдарының түзілуіне 
тек аммиак азоты жұмсалады. Нитраттардың аммиакқа айналуы топырақта, 
ӛсімдікте және жануар организімінде (месқарында) бірыңғай жолмен ӛтеді:
Нитраттар → Нитриттер → Гидроксиламин → Аммиак
Бұған сыртқы ортаның ылғалдылығы, температурасы, қышқылдығы 
(оңтайлы рН деңгейі 5,5-6,5 аралығында) мен кӛмірсулардың болуы ықпал 
етеді. Сондықтанда, жоғарыда айтылғандай, негізінен калий нитраты түріндегі 
нитраттардың ӛсімдікте жиналуы жауын-шашынсыз, құрғақ та салқын кезде 
ұлғаяды. Астық тұқымдастарға қарағанда топырақ ерітіндісінен тамырына 
азотты заттардың енуін түйнектік симбионт бактериялары реттестіретін бұршақ 
тұқымдастар нитратты аздау жинайды. Сондықтан малға астық пен бұршақ 
тұқымдастар кӛгін араластырып жегізген нитраттар мен улану қаупін кемітеді. 
Кӛк азық құрғақ затындағы натрий ионымен есептелінген нитраттар мӛлшері 
0,02%-дан (калий нитратымен 0,5%-дан) жоғары болмағаны жӛн. 
Кӛк азықтың негізгі кӛзі болып табиғи жайылым мен шалған кӛгі табылады 
Жайылымда жаюға болатын мал басының санын білу үшін олардың ӛнімділігін 
анықтап, азықтық сиымдылығын, яғни 1 гектарына жайылатын мал басы мен 
мерзімін, есептейді. Жайылым не шабындык ӛнімділігін аныктау үшін оты 
(шалғьіны) біркелкі келетін алқаптың бірнеше жерінен (әдетте 4 бұрышы мен 
ортасынан) 1 м

аумағын шауып, шӛбін ӛлшейді де, жайылым кӛгінің ӛнімділігі 
(Ӛ, га/кг), пайдалану коэффициенті (К) және мерзімі (Ү, тәулік) мен онда 
жайылатын мал түлігінің тәуліктік азық мұқтаждығы (М, кг) бойынша 1 
гектарына келетін мал басының сиымдылығын (С) есептейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет