Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже Жалпы ережелер Осы орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы»


 Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігі төмендегі өлшемшарттармен айқындалады



бет9/12
Дата29.01.2022
өлшемі87,5 Kb.
#115989
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Сынып жетекшіге ереже
Құрметті тыңдаушы мәтін (1)
18. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігі төмендегі өлшемшарттармен айқындалады:

1) сынып жетекшісі қызметінің нәтижелігін білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен басқа да білім беру процесіне қатысатын ұйымдар талдайды және бағалайды.  Осы мақсатта әрбір білім беру ұйымдарында жұмыс жүйелерінің өлшемшарттары, сондай-ақ бағалау-талдау қызметінің тәсілдері әзірленеді.

2) сынып жетекшісінің қызметін бағалауды, әдетте, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

3) сынып жетекшісі жұмысының тиімділігі өлшемшарттар негізінде бағаланады, олардың сипаттамасы:

тәрбиеленушілердің тұлғалық сапасын және жеке қабілеттіліктерін дамыту деңгейлері;

білім алушыларға тұрақты білім беру бағдарламасын табысты игеруді немесе үлгерім динамикасының оң болуы;

сынып ұжымының, сыныпты тәрбиелеу жүйесінің қалыптастырылуы;

ата-аналар балалардың сыныптағы тіршілік әрекетіне және сынып жетекшісі қызметінің нәтижелелеріне қанағаттаншылық танытуы;

тәрбиеленушілердің әртүрлі әрекеттерде нәтижеге жетуі;

балаға сынып қауымдастығының қолайлы болуы;

4) өлшемшарттардың аталған жүйесі қажеттілігінше, сынып ұжымының арнайы ерекшелігі мен оның тәрбие қызметін көрсететіндей болуы және қосымша көрсеткіштермен толықтырылуы да мүмкін (құқық бұзушылықтың болмауы, қоғамдық және білім алушылардың шығармашылық белсенділігі және т.б.).

Таңдалып алынған өлшемшарттарға сәйкес психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістемесі, бағалау-талдау қызметінің әдістері мен тәсілдері жинақталады және қолданылады.

                 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет