Саламатсыздар ма, құрметті достар! Сіздердің назарларыңызға «педагогтердің цифрлық ҚҰзыреттілігін дамыту» курсына тіркелуге арналған бейненұсқаулықты ұсынамыз



Дата29.01.2022
өлшемі19,15 Kb.
#115988
Байланысты:
Құрметті тыңдаушы мәтін (1)


 

Саламатсыздар ма, құрметті достар!
Сіздердің назарларыңызға «ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ» курсына тіркелуге арналған бейненұсқаулықты ұсынамыз.

1. Ол үшін ict.edu.kz сілтемесі бойынша курстың витринасына өтеміз.

2. Содан кейін жоғарғы сол жақ бұрышта оқыту тілін таңдаңыз.

3. Жоғарғы сол жақ бұрышта орналасқан «КУРСҚА ӨТУ» батырмасын басамыз.

4. Осында Сіз курс терезесінде көрсеткен тілде «КУРСҚА ТІРКЕУ» элементі жазылып шығады.

 

Құрметті достар!


Курсқа міндетті түрде жазылу керек екендігіне ерекше назар аударыңыздар, егер Сіз жазылмасаңыз және ТІРКЕЛУ АЛДЫНДА «КУРСҚА ЖАЗЫЛУ» батырмасын баспасаңыз, онда Сіз тіркеуден кейін курсты көрмейсіз және одан өте алмайсыз.

 

ТІРКЕЛУ АЛДЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ «КУРСҚА ЖАЗЫЛУ» БАТЫРМАСЫН БАСЫҢЫЗ!

 

5. «КУРСКА ЖАЗЫЛУ» батырмасын басыңыз, сонда Сіз «бұл үшін платформаға кіру керек» деген жолды көресіз.



6. Жоғарғы сол жақ бұрыштағы «ТІРКЕУ» түймесін басыңыз. 

7. Сізде толтырылатын ұяшықтар пайда болады. 

8. Жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу қажет. 

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеке сәйкестендіру нөміріңіздің дұрыстығын қайта қарап, тексеруді ұмытпаңыз. Курсты аяқтау туралы сертификат Сіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз бойынша жасалады.

9. Келесі жолда электрондық поштаңыздың мекен-жайын толтырыңыз, пароль ойлап табыңыз (ол кем дегенде екі таңбадан тұруы керек).

10. Өзіңіздің тұратын аймақты және санатыңызды таңдаңыз (педагогикалық университеттің немесе колледждің оқытушысы немесе студенті).

11. «ТІРКЕУ ЖАЗБАСЫН ЖАСАУ» батырмасын басыңыз, сонда Сіз дереу курсқа барасыз.

Сізден өз тіркеу жазбаңызды белсенді етуді сұраймыз!

 

Тіркелгеннен кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаңызға платформадан өз тіркеу жазбаңызды активтендіруге арналған сілтемесі бар хат аласыз. Егер, Сіз хабарламаны 1 минуттан кейін алмасаңыз, электрондық поштаның мекен-жайын дұрыс енгізгеніңізге көз жеткізіңіз немесе спам папкасын тексеріңіз. Тіркеу жазбасын жасау үдерісін аяқтау үшін аталған қадамдарды орындаңыз.



Егер Сізге көмек қажет болса, техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз!

Оқуда сәттілік тілейміз!

 

 
Саламатсыздар ма, қымбатты достар!


Біз Сіздің тіркеу жазбаңыздың құпия сөзін қалпына келтіру бойынша бейненұсқаулықты ұсынамыз.

1. «Кіру бойынша көмек керек пе?» батырмасын басамыз. 

2. Әрі қарай «құпия сөзімді ұмытып қалдым» түймесін басыңыз.

3. Тіркелу кезінде пайдаланған электрондық пошта мекен-жайын енгізіңіз.

4. Егер көрсетілген электрондық пошта мекенжайы платформадағы Сіздің тіркеу жазбаңызбен байланысты болса, онда сізге құпия сөзді қалпына келтіру бойынша нұсқаулар бар хабарлама жіберіледі.

Егер Сіз 1 минуттан кейін құпия сөзді ауыстыру туралы хабарлама алмасаңыз, электрондық пошта мекен-жайын дұрыс енгізгеніңізді тексеріңіз немесе спам папкасын тексеріңіз.

1. Кіріс хабарламалары көрсетілген папканы поштадан ашыңыз және «құпия сөзді өзгерту» түймесін басыңыз.

2. Құпия сөзді енгізіңіз, оны қайтадан теріңіз, «құпия сөзімді ауыстыру» түймесін басыңыз

3. Құпия сөз ауыстырылды. Құпия сөз өзгертілді.

4. Тіркеу жазбасын пайдаланып кіріңіз. Электрондық пошта мекен-жайын және жаңа құпия сөзді енгізіңіз. Платформаға кіресіз.

Егер Сізге қосымша көмек қажет болса, техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз! Оқуда сәттілік тілейміз!

 
Саламатсыздар ма, қымбатты достар!

Сіздердің назарларыңызға «Платформа интерфейсімен және курстан өту ережелерімен танысу» бейненұсқаулығын ұсынамыз.

Сіздердің алдарыңызда «ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ» курсы бар платформаның интерфейсі тұр.

Платформада Сіздер өзіңіздің жетістіктеріңізді көре аласыздар және талқылауға қатыса аласыздар. Назар аударыңыздар! Курсты бастау үшін оның «МОДУЛЬГЕ КІРІСПЕ» деген бірінші бөлімінен бастау керек.

1. Курстың келесі бөліміне «КЕЛЕСІ» деген батырманы пайдаланып өтуге болады.

2. «АЛДЫҢҒЫ» батырмасы арқылы алдыңғы бөлімге оралуға болады. Бұл әрекетті әр бөлімнің төменгі жағында да орындауға болады.



Назар аударыңыздар!

Әр тапсырманы кезекпен орындамайынша, Сіз басқа дәріске немесе интерактивті тапсырмаға өте алмайсыз. Белгілі бір бөлімнің өту нәтижесін бөлімде жасыл белгі ретінде көресіз. Егер Сізде бұл белгі шықпаса, бұл бейнені Сіз соңына дейін көрмегеніңізді немесе дәрісті, презентацияны оқымағаныңызды білдіреді. Курсты сәтті аяқтау үшін курстың барлық материалдарын зерделеу қажет.



Курстың әр тақырыбы интерактивті тапсырманы қамтиды, онда бұл тапсырманы орындауға талпыныстар саны шектелмейді. Әр модульден кейін Сізге 15 сұрақтан тұратын тест тапсыру қажет, мұнда да талпыныстар саны шектелмейді. Келесі модульге өту үшін сізде кемінде 75 пайыз көрсеткіш болуы қажет. Сондай-ақ, курс аяқталғаннан кейін 30 сұрақтан тұратын қорытынды тест тапсыру қажет (өтуге талпыныстар саны мұнда да шектелмеген). Сертификат алу үшін сізде кемінде 75 пайыз көрсеткіш болуы қажет.

Оқуда сәттілік тілейміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет