Д)Конго ХУІ ғ Батыс тропикалық Африканың халықтары әр түрлі сатыда тұрды, тек біраз бөлігі ғана өз мемлекеттерін құрды.
ХІІІ ғ басы ХІУ ғ баконго тайпасынан шыққан Конго мемлекеті пайда болды. астанасы- Мбанза-Конго (Англияның территориясында). Соғысқа шығудың арқасында Конго территориясы кеңейе түсті. Мемлекет 6 ауылға бөлінді. Орта ауылда Конгоға қарап тәуелді болып, салық төлеуге тиіс болды. Конгоның көп бөлігі жер шаруашылығымен айналысатындар құрады. Жер жалпы қоғамның иелігінде болды, бірақ оларды бақылап отырған ауыл басшысы –Нкулунту болды. Ал кең көлемді мемлекет ішінде Мали Конго болды. Өз жерлерлерінен басқа, Нкулунтудың жерлерін өңдеп, жарты бау-бақшасын беріп отырған.
Жалпы қоғамның адамдары әртүрлі жазаға ұшырап отырған. Аң аулау мен балық аулау екінші сатыдағы жұмыстар болды. Ағаш бұйымдарын, піл сүйектерінен түрлі бұйымдар жасаумен шұғылданған. Барлық жерлерде сауда дамыған кез еді. Базарларда тұз сататын керуендер терілер, тоқылған заттар астылды. Бұл жерлерде құлдар да жүрді. Құлдардың қожайындары ақсүйектері болған. Құлдарды басқа елдерге сатып жіберуге , өлімге қиюға құқылы болған. Қарыз құлдар, құлдардан туған балалар «үй құлы» немесе «ошақ құлы» деп есептелді, олардың жағдайлары оңай болды. Еуропаның құл саудагерлері құлдармен өте қатыгез болды. Бұл құлдар қашып кетуіне әкеп соқты (бұл Сан- Томе теңіз жағалауында 4 жылға созылған).
Ел басшысы- патша Конгон, толығымен биледі. Лата әр жерге ақсүйектер отбасынан шыққан адамдарды билік басына қойды, және туыстары билеген. Конго жерінің Нзинга-а-Нкуве қаласы християн дінін қабылдап Жоао да Сильва атымен аталды. Астананың аты Сан Сальвадорға ауысты. Бұлар партугалдар мен римдіктермен қарым-қатынаста болды. Ішкі саяси жағдайдағы құл сату айналысуы, және соғыстар Конго мемлекетін әлсіретті.