Жеңіл атлетика сабақтарының негізгі талаптары
Жеңіл атлетика сабағының талаптары өте қатал. Мұнда мықты
денсаулық, спорттық мінезбен қатар икемділік, шапшаңдық, төзімділік,
күш жылдамдығы, иілгіштік іс-қимылдарын шоғырландыру арқылы
қозғалу сапасын көтеруге бағытталған күш-жігерді жұмылдыру, саналы
түрдегі белсенділік талап етіледі. Әсіресе 16-17 жастағылар арасында осы
сапаның үйлесімді дамуының үлкен мәні бар: бұл жеке адамның өз күшін
сезінуіне, ұзақ уақыт күш-жігер жұмсауды қажет ететін қиыншылықты
жеңуге, күн сайынғы күрделі міндеттерді орындауға назар аударуға
көмектеседі. Мұның өзі бұған дейін еті үйренген немесе жаңадан
туындайтын іс-әрекет түрлеріне де қатысты. Сондықтан бұл міндеттерді
тым шаршап-шалдықпай-ақ орындауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |