Дене дайындығы. Мұның өзі төзімділік, күш, шапшаңдық, ептілік,
икемділік және қозғалысты үйлестірушілік сияқты қасиеттерінің
қаншалықты жақсы дамығанына байланысты. Алайда аталған дене
қабілеті түрлірінің әрқайсысының оңтайлы көрініс табуы үшін белгілі
«өзіндік» дене дайындығы қажет болады. Әңгімені жалпы төзімділік және
жүгірудегі ішінара шыдамдылық туралы болып жатқанда дене
дайындығының сапасы қандай жағдайға байланысты?
Біріншіден, түрлі дене жаттығуларын дұрыс таңдай және орындай
білу, мысалы, жүрек, дем алу жаттығулары және ағзаның арнаулы жүгіру
жүктемесін орындауға дайындығын күшейту мәселелері маңызды.
Дұрысын айтқанда, дене тәрбиесі сабақтарының ықпалы қозғалу
тапсырмалырының қаншалықты сәтті таңдап алынуына және дене
тәрбиесіне дайын болу деңгейін дамыту үшін тиімді игерілуіне тікелей
байланысты.
Жоғары сынып оқушысы өткен жылдарғы оқу барысында қажетті
жаттығуларды таңдау жөнінен біршама тәжірибе түйеді. Ол шын мәнінде
қандай дене дайындығында болу керектігімен және шыдамдылықты,
күшті, жылдамдықты, икемділікті дамыту үшін қай жаттығу маңызды
екенін жақсы айыра білуі қажет.
Жүгірудегі шыдамдылық нағыз әділ тәсіл – физиолог ғалымдар
ұсынған арнаулы нормативтер бойынша бағаланады. Осындай тәсілдің
арқасында өзін алысқа жүгіру төзімділігіне үйреткісі немесе өз жетістігін
тұрақтандырғысы келген әрбір оқушы дене дайындығын, яғни жүгірудегі
жалпы төзімділік өлшемі бойынша даярлығын өзі бағалай алады.
Бұл үшін К.Купердің 12 минуттық жүгіруі тестін (сынақтамасын)
қолдануға болады. Стадионның жүгіру жолындағы сөре сызығында
тұрып, өзіңе «марш!» деп команда беріп, секундсанағыш бойынша
уақытты белгілеп қалу керек. Тоқтамастан 12 минут қажет, сонымен бірге
стадионда неше айналым жасағаныңды ұмытпаған жөн. Стадионның
толық шеңбері 400 м екенін ескеріп, 12 минут ішінде неше метр
жүгіргеніңді тез есептеуге болады. Оқушы көрсетілген уақыт ішінде 3
және 3,5 шақырым қашықтықты игерсе, дене дайындығ «өте жақсы», ал
2,5 шақырымнан асырса – «жақсы» және 2 шақырымнан асса –
«қанағаттанарлық», егер 2 шақырымға жетпесе, «қанағаттанғысы» деп
бағаланады.
18
10-
11 сынаптар бағдаламасы бойынша бозбалалар 20-25 минут
жүгіруі, ал қыздар шақырым өлшеуді есептемей 20-25 минут жүгіруі тиіс.
Алайда жақсы баға алу үшін басқа да міндеттерді орындауға болады:
бозбалалар 3000 метрге, ал қыздар уаытты есептеу арқылы 2000 метрге
жүгіруі қажет. Бұл оқушылар Купердің сынақтамасын орындайды деген
сөз: бозбалалар мен қыздар көрсетілген ара қашықтықты орта есеппен 12-
13 минуттан асырмай жүгіріп өтуі тиіс. Сонда ғана оқушының жүгірудегі
шыдамдылығы жөніндегі дайындық дәрежесі, демек, бұл үшін қандай баға
алатыны айқындалады.
Мектеп қабырғасында алыс қашықтыққа жүгіруден табысы болса,
және ол өз жетістігін одан әрі жетілдіремін десе, мұғалім оның жүгірумен
өз бетінше айналысуына немесе жеңіл атлетика секциясына баруына
ақыл-кеңес береді.
Достарыңызбен бөлісу: |