Қосалқы тарихи пәндер және олардың тарих ғылымында алатын орны


Метрология пәні мен міндеттері



бет3/12
Дата07.02.2023
өлшемі41,3 Kb.
#167679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ктп (копия)

Метрология пәні мен міндеттері.

Метрология дегеніміз (греч. "метро" - өлшем, "логос" - оқу) — өлшемдер, олардың бірлігімен талап етілетін, дəлдігін қамтамасыз ететін əдістер мен құралдар тұралы ғылым. Тарихи метрология – өткен уақыттарда
адамдар пайдаланған ұзындықтың, ауданның, көлемнің, салмақтың және тағы басқалардың өлшем бірліктерін, олардың атауларын, жүйесін, өлшеу құралдары мен әдістерін оқытатын қосалқы тарихи пән. Метрология ұғымы грекше метрон – өлшем,өлшеу құралы, логос – ілім, білім деген сөздерден пайда болған. Бүгінгі таңда метрология барлық өлшем бірліктері жүйелерін, олардың эталондарын,заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық түрлерін,өлшем құралдарын тексеру және аттестаттау мәселелерімен айналысатын ауқымды ғылыми сала. Ал тарихи метрология соның бір бөлігі ретінде де қарастырылады.

  1. Ежелгі кезеңдегі ұзықтықтың, салмақтың өлшемдері.

Өлшем бірліктері метрлік жүйе қалыптасқанға дейін - ақ пайда болып,
дамыды. Сондықтан ол кезең дәстүрлі өлшем жүйесі кезі деп те аталады.
Сонау көне замандарда –ақ адамдар өсірген малдарының санын, алған
өнімінің көлемін, барған жерінің қашықтығын, мал өрісі мен көш-қон шегін
өздерінше өлшеп, анықтап отырды. Еңбек құралдарын, қару-жарақтарды
жасау, киім тігу, баспана салу барысында оларды дұрыс және ыңғайлы ету үшін өлшеу керек еді. Тұрмыстық заттарының салмағын, көлемін,
ұзындығын анықтау қажеттігі де алғашқы өлшем бірліктерінің дүниеге
келуіне ықпал етті. Ең алғашқы өлшеу құралдары ретінде адамдар өздерінің
дене мүшелерін пайдаланған деп есептеледі. Мәселен, саусақ, шынтақ, табан
тағы басқалар арқылы өлшеген. Өлшеудің бұл түрі көптеген халықтарда
соңғы кездерге дейін сақталып келгені мұның бұлтартпас дәлелі болса керек.
Ежелгі дәуірлерде ұзындық өлшемдері ретінде адым, белгілі бір уақытта
жүрген жолдың ұзындығы да негізге алынды. Ал аумақтың көлемі зер
өңдеуге кеткен еңбекпен немесе ол аумаққа себілетін діннің, тұқымның
көлемімен өлшенетін болды. Сусымалы және қатты денелер адам алып кете
алатын мөлшерімен айқындалды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет