«Өсімдіктер физиологиясы»


Өсімдік клеткасының өткізгіштігі



бет7/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС
!26-ОШ ТЖБ Химия 8-сын қаз (pdf.io), 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, Мінездеме Байқау Кенжег, pharmacology midterm1st 2ndsem 3rdyear .en.ru.ru.kk
Өсімдік клеткасының өткізгіштігі.Ағзаның өзіне қажетті қоректік заттар мен энергияны қабылдап, оған қажетсіз өнімдерді бөліп шығарып отырып, қоршаған ортамен байланыс жасауы тіршілік етудің, міндетті шарты болып табылады. Заттарды сіңіру және бөліп шығару жөнінде клетканың қатаң талғаушылық қасиеті бар. Мәселен, теңізде өсетін валония балдыры теңіз суының көптеген компоненттерінің ішінен тек белгілі біреулерін ғана сіңіреді. Оның клеткасында Na+ иондары теніз сусындағыдан 5-6 СІ кем, К+ иондары керісінше көп, ал SO4 ионының мөлшері 1000 еседей аз болады. Мұндай қоршаған ортаға бөліп шығару сияқты қасиет тек қана тірі клеткаға тән.Қазіргі кезде сіңірудің активті және пассивті жолмен сіңіру негізінде диффузия құбылысы жатады. Газ молекулалары мен иондарының белгілі бір көлемде еркін, хаосты (бағытсыз) қозғалысы диффузия деп аталады.Диффузиялық қозғалыстың нәтижесінде еріген заттардың молекулалары мен иондары бүкіл көлемі бойына біркелкі таралады.Олардың концентрациясы аз бағытта басым болады. Бағытты диффузия деп аталатын мұндай қозғалыс еріген заттардың молекуларына ғана емес, сондай-ақ еріткіштердің молекулаларына да тән. Жүйенің әр түрлі бөліктеріндегі заттардың концентрациясы теңескенше бұл қозғалыс жалғаса береді.Жүйенің әр түрлі бөліктеріндегі заттар концентрациясының айырмашылығы концентрация градиенті деп аталады. Бұл жағдайда уақыт бірлігі ішінде заттың молекулалары мен иондары олардың концентрациясы аз бағытына қарай көп қозғалады. Осының нәтижесінде газ қоспасының немесе ерітіндінің әр түрлі бөліктеріндегі концентрация градиенті теңестіріледі. Концентрацияның бұл градиенті химиялық потенциал градиенті деп аталады. Диффузия жылдамдығы градиенттің шамасына молекуланың шамасы мен массасына, олардың химиялық табиғатына, ортаның тұтқырлығына,температураға,электростатикалық көрсеткіштерге және т.с.с. байланысты. Мысалы: иондардың ішінде Н+ және ОН- иондарының диффузиясы аса жоғары болады, ал басқалары біршама баяу жылдамдықпен диффузияланады. Сахароза глюкозаға қарағанда, ал глюкоза триозаға қарағанда баяу диффузияланады.Өсімдік клеткаларында плазмалемма тонопласт және басқа да органоидтардың мембраналары жартылай өткізгіш мембраналардың қасиетіне ие болады. Мембрана арқылы өтетін затты пермеанд деп, ал заттың жартылай өткізгіш мембрана арқылы өтуін осмос деп атайды. Диффузия мен осмос құбылысы заттарды пассивтік жолмен сіңіру процесінің мәнін құрайды. Зат сыртқы ортадан клетка вакуолясына плазмалемма, мезоплазма және тонопласт арқылы өтеді. Бұл жағдайда плазмалемма мен тонопластың өткізгіштігі белгілі бір зат үшін бірдей немесе әр түрлі болуы мүмкін. Сыртқы ортадан өткен зат клетка шырынына жетпей, цитоплазмада бөгеліп қалуы да мүмкін.Заттардың клеткаға пассивті жолмен өтуінен басқа сіңіру процесі активті тасымалдау жолымен де өте алады. Активті тасымалдау клетканың тіршілік әрекетінің бірқатар жағдайларына байланысты. Тыныс алу және осының нәтижесінде АТР түзілуі осындай маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Биологиялық тұрғыдан алғанда неғұрлым маңызды заттар активті жолмен сіңіріледі, олардың сіңірілу жылдамдығы диффузиядан әлденше есе жоғары. Бұл жағдайда мембрана арқылы заттардың тасымалдануы концентрация градиентіне қарсы жүреді. Активті жолмен сіңіру арнаулы тасымалдаушы заттардың қатысуымен атқарылады, олар мембрананың бетіне келетін заттарды байланыстырып, мембрана арқылы өткізеді. Тасымалдаушы заттардың молекулалары тек белгілі бір заттарды немесе заттар тобын тасымалдауға лайық келеді. Мәселен, қантты, амин қышқылдары мен органикалық иондарды тасымалдауға арналған тасымалдаушы заттар анықталған. Клеткадан тасымалдаушы ақуыздар табылған. Олар мембранаға көлденең орналасатын кіші молекулалы тасымалдаушы ақуыздар – пермеаза болып шықты. Олар АТР-ны ыдыратып, фосфор қышқылының қалдығын өзіне қосып алады, бұл жағдайда заттарды тасымалдауға қажетті энергия бөлініп шығады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет