Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері Жансая і-ші деңгейлі сұрақтар


Қолтық бүршіктерінің дамуын индукциялау



бет8/33
Дата02.12.2022
өлшемі7,02 Mb.
#160954
түріРегламент
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері
Жансыздандыру, 1 чек лист қаз, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
Қолтық бүршіктерінің дамуын индукциялау.
Қолтық бүршіктерді оятып, олардың дамуын қоздырып, олардан шыққан қолтық өркендерді пайдалану өсімдіктерді микрокөбейтудегі ең кең тараған әдіс. Бүтін өсімдікте қолтық бүршіктердің өсуін сабақ ұшындағы апекс тежейді (апикальдық басымдылық құбылысы). Қолтық меристемалардың өсуі сабақтың ұшын кесіп тастағанда немесе цитокининмен өңдеген соң басталады.
Қоректік ортадағы цитокининдер жанама бүршіктердің жандануына әсер етеді және толып жатқан қолтық өркендердің дамуына әкеледі. Тез өсетін өркендердің шоғыры пайда болады, одан жеке өркендерді бөліп алып жаңа қоректік ортаға отырғызғанда, олар өсіп қайта шоғырланады.
Бірақ барлық өркендерде тамыр пайда бола бермейді. Ал оларды цитокинині жоқ ортаға көшірсе, өзінен-өзі тамырлары өсіп шығады, әсіресе даражарнақты өсімдіктерде. Қолтық бүршіктерді ояту үшін қоректік ортадағы фитогормондардың концентрациясын дұрыс анықтау керек. Цитокинин жоғары мөлшерде қолданылғанда қолтық өркеннің дамуына мүмкіндік туғызады, бірақ өсімдіктің морфологиясына теріс әсер етіп кемістіктері бар формалар пайда болады.
Қоректік ортада ауксиннің мөлшері артық болса, каллус түзілуі мүмкін. Каллус меристеманың өсуін тежейді немесе бастапқы өсімдіктен генетикалық айырмашылықтары бар қосымша сабақ апекстерінің концентрациясын төмендетеді немесе тіпті оны қоспайды.
Сонымен қолтық бүршіктері бар сабақ кесінділерін лайықты қоректік ортада өсіріп, өркен алуға болады, ал оны құрамы басқа ортада тамырландырып бүтін өсімдікті шығарады. Көбеюді жылдамдату мақсатымен алғашқы өркенді 5-7 жапырақ шыққан соң қалемшелейді. Әрбір қалемшеде бір жапырақ болуы керек. Қадемше биіктігі 1-1,5 см болады. оларды бір-бірден қоректік орта құйылған пробиркаларға отырғызады. Бұл тәсілді микроқалемшелеу деп атайды. Ол жүзім, картоп т.с.с. өсімдіктерге қолданылады. Микроқалемшелеуді 2-3 реттен артық пайдалануға болмайды, одан кейін өркендерді тамырландыру керек.
In vitro жағдайында қолтық бүршіктерін оятып өсіру әдісімен жеміс-жидек, әсемдік өсімдіктерді, қырыққабатты, картопты т.б. өсімдіктерді көбейтеді. Көңіл аударатын жағдай мынау: осы әдіспен меристеманың бөлінуі арқасында пайда болған регенерант өсімдіктер генетикалық біркелкі болады. себебі меристемалар генетикалық жағынан тұрақты келеді, сондықтан олардан дамыған өркендер де бастапқы өсімдіктей болады. бірақ ескерте кету керек, Т.Мурасиге пікірінше бұл микрокөбейту әдісі басқа әдістерге қарағанда бәсеңірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет