Қосымшаны әдебиеттерді жөнде!!! Мүмкін болса 2015-2020 жж. әдебиеттер қосу керек



бет20/36
Дата21.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#140227
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
ИнкарБ.Профильдік колледж.30.05.2020.02.06.
тестер каз 2020, № 1 Көне түркі жазбалары –баға жетпес құнды байлық
Деңгейлік саралау технологиясы. Сәндік қол өнерін саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді.Студенттенрді, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық инновациялық технология және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір білімгер өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 1) Деңгейлеп оқыту әр студентке өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы студенттерге, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір студент меңгеруі тиіс. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады. - мұғалім бір ғана студентпен жұмыс істейді.Сәндік қолданбалы өнерде жеке немесе екі үщ студентпен ғана оқыту жиі кездесетін процестердің бірі болғандықтан көптеген сабақ жоспарлары соған кемделген - студент тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер,технткалар т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі студенттің қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҰӘ принциптері: - жоғары жетістікке талпыну; - алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу; - білім алушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық; - әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі; Оқытудың компьютерлік технологиясы.Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді. Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға сабақта жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын сабақта пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады
Кезеңдеп оқыту технологиясы. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады. Жеке пәндік педагогикалық технология.. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі білімгер миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген. 2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология. Мақсаттық бағыттары: - қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру; - ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру; - қабілетті балаларды дамыту; Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)Мақсаттық бағыты: - жан-жақты дамыту; - жекелікті тәрбиелеу; - білімгер санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру. Дамыта оқыту технологиялары. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігіОқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны– ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады. Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде білімгер студенттің тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей: Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы: -Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

  • -Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

  • -Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

  • -Өздігінен ізденімпаздыққа білеті артады;

  • -Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады. Осы технологияларды саралап сұрыптай отырып біз кәсіптік колледждарда қол өнер сабақтарында инновациялық технологиялар қолдану жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтаймыз. Оқытудың ұжымдық әдісін (ОҰӘ) қолдана отырып біз кәсіптік колледждардағы қол өнері сабақтарындағы оқу процесінде білімгерлердің өзара және жұптық еңбек әрекеттерін қалыптастырып көркем бұйым жасауға жұмылдырамыз. Бұл жағдайда білімгерлер қандай сәндік бұйым жасау керектігін бірге ойластырады. Әрқайсысы жасалатын бұйымның эстетикалық, функционалдық қажеттілік жағын ойластырып, коммерциялық тұрғыда да өз ойларын бөліседі. Бұл оларға біріге отырып қызықты шешімдер жасауға мүмкіндік береді.Мұнда білімгерлер күрделі бір сәндік бұйымды әр қайсысы өз білімдері мен көркемдік әсерлерін талдай отырып орындайды. Мұнда жасалатын сәндік қолөнері бұйымының материалдық, сәндік, қаражаттық және техникалық жақтарын өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай бөлісуге жағдай тудырады. Осы бұйымды көркемдеу мен құндылығын көрсетуде шығармашылық ізденіс жасайды. Материалдық техникалық қажеттіліктердің шешімін табуда ортақ тұжырымдар жасайды. Сәндік қол өнер бұйымның функционалдық қажеттілігі мен көркемдік пішінін ойластыруда қызықты шешімдер жасауға ынталанады. Осылайша қол өнері сабағындағы мұндай іс-әрекеттер білімгерлердің өзара көмек, ынтымақтастық сезімдерін тәрбиелейді. Келесі жағдайда профилдік колледждарда қол өнер сабақтарында оқытудың компьютерлік технологиясы мен презентациялар технологиясы қолөнері техникалары мен технологияларын үйлесімді қолдануға мол мүмкіндіктер туғызады. Қол өнеріне оқытуда оқытудың бағдарламалық бағыттарын аша отырып шығармашылыққа ынталандырады. Мұнда компьютерлік технология мен презентациялар технологиясы сәндік қол өнер бұйымын жасау моделі мен көркем оқыту әдістемесінің проектісін үйлестіре жобалауға жол ашады. Көркем оқыту әдістемесі мен тәсілдері сәндік бұйымды компьютерлік графикалық жобалау техникалық тәсілдерімен ұштастырылып құрылады. Көркем білім беруде оқытудың компьютерлік технологиясы мен презентациялар технологиясы қолөнер бұйымын жасау техникаларының орындалу тәсілдерін айқын көрсетуге мүмкіндік береді. Қол өнерін түрлі материалда орындауда композиция, стилизациялау, дәнкерлеу ырғақпен жұмыс т.б тәсілдерді игеруге көмектеседі. Көркем білім беруде мүлдем жаңа қызықтыда үйлесімді технологиялық тәсілдерді шығармашылықпен қолдануға жол ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы – көркемдік ақпараттар мен мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттеріне жүгінетіндігі мәлім. Бұл технология материал мазмұнына сай кейбір үлгілерді пайдалануға негізделе отырып қолөнері бұйымдарын жасауда көркем техникалық шығармашылыққа белсендіреді. Презентациялар технологиясы, бір жағынан, оқушыларға сабақта жаңа материалды көрнекі көрсету құралы болатын болса (эскиздер, нобайлар, схемалар, графиктер, бейнелеулер, модельдер, фотографиялар, дидактикалық оқу материалдары, т.с.с.), екінші жағынан, оқытушыларға осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдететіндігі ғалымдар еңбегінен белгілі.

Инновация жүйесі


Intel компониясының жоғары техника қызметкері Gene Meieran -ның пікірінше инновацияның үш түрі бар:
1. Түбегейлі жаңалық ашу. Ол көбінесе мәлім салада дәстүрлісін бұзып, көнені жойып, түбегейлі өзгеріс алып келеді. Мысалы адамзат тарихында лампаның тапқырлануы, сандық технологияның тапқырлануы.
2. Жақсарту, жаңарту. Ол көбінесе біртіндеп өзгерістер жасау арқылы белгілі саланы, мәлім затты жетілдіріп, кемелді жаңасын жарату; жаңа артықшылықтар қосып, бір нәрсені бұрынғысынан тіпті де керемет ету.. Мысалы,Қаламның, машинаның жаңа түрін жасау.
3. Жаңаша қолдану. Яғни, бір нәрсенің бұрынғы қолданысынан басқа жаңа қолданысын тауып шығу. Ол заттың қолданысына жаңалық енгізіп, оны бұрынғыдан басқа мақсаттарда қолданудың жолын ашу. Мысалы мешеу елдер көмірді тек отқа жағуға пайдаланса, дамыған елдер көмірден 150 шақты тауар шығарады екен[ ].
 Innovation. http://www.merriam-webster.com/dictionary/. Merriam-Webster. [2010-11-05].
Осы инновациялық жаңартулар ішінен «Жақсарту,жаңарту» бағыты бізге жақыдау келеді.Себебі біз зерттеу жұмысымызда қол өнерде түбегейлі өзгеріс енгізу үшін емес.Біртіндеп инновациялық техникаларға педогогикалық технология арқылы бағыт аулдамыз.Қол өнер өзінің дәстүрлі қалпын жоғалпауы тиіс.Ұлттық құндылықты сақтау біздің құзіретіміздің бірі болғандықтан ,тек басқада бағыт алу мақсатында жан жақты инновациялық жаңа техникалармен қолдануды үйретуіміз керек .
«Взрослому миру очень хотелось бы, чтобы ребенок умел все, и желательно лучше других. На это настроены большинство родителей и педагогов. А что, собственно, это «все»? Читать, считать и писать? Нет-нет, хорошо бы, конечно, и рисовать, и кувыркаться, и разбираться в архитектуре, и помогать бабушке, однако это как бы менее существенно» [ ?? ]. «Свобода от воспитания» Дима Зицер – современный педагог, основатель Института Неформального образования и Школы неформального образования «Апельсин», популярный писатель и блогер. -деп айтып кеткендей. Дима Зицердің кітабіндағы тұжырымы бойынша бала барлық жағынан талантты болуы міндетті емес .Әр бала өзінше ерекше тұлға. Мысалыға өнерге келген бала оның ішінде сәндік қолданбалы өнер саласын алатын болсақ оның идея сурет салу жағы жоғары болғаны мен техника жағынан сәл әлсіздеу болуы мүмкін .Керісінше техника жағы ияғни практика тұрғысынан мықты бола тұра шығармашылық жағынан әлсіздеу болуы мүмкін сол себепті инновациялық техникалардың осы тұрғыдан да ұтымды тұстары болды. «Утверждение, что все дети гениальны, настолько избито, что его каждое повторение уже само по себе вызывает тоску. Поголовная детская гениальность – пример наиболее распространенного клише. Об этом говорят на каждом углу, каждый второй педагог под этим подпишется. Неужели и правда все в это верят? В чем же тогда смысл подгона под определенные критерии? Ведь гениальность как раз и есть несоответствие норме» [ ]. «Свобода от воспитания» Дима Зицер – современный педагог, основатель Института Неформального образования и Школы неформального образования «Апельсин», популярный писатель и блогер.» Педагог баланың шығармашылық жағынан бақылай білуі керек .Ата-ана баланың қаншалықты шығармашыл өнерге дайындығына көз жеткізгені мен оқу процесінде бәрі өзгеше болады.Кәсіп алу кезінде оқуды бар ынтасымен қызығушылығын арттыру студент сабақ процесінің тиянақты өтуіне ,күтілген нәтиженің ақталуын ,практикалық процесс барысында қиындықтарды жеңе білу арқылы білім деңгейі көтеріледі. Кәсіптік қол өнердің мамандық білім саласы бойынша даярланатын мұғалімдердің білім мазмұны жаңа инновациялық , психологиялық және педагогикалық ғылымдардың жетістіктері негізінде және жаңашыл мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен қазіргі заманғы техника мен технология өндірісінің негізінде құрылуы керек. Себебі, арнайы пән оқытушысы сабақ барысында тәжірибелік жұмыспен өндірістік жұмысты жақсы байланыстыра білуі тиіс. Кәсіптік білім болашақ мұғалімдерді өмірге үлкен шеберлік, білімділік, және де келешекте маңызы зор екені белгілі. Сондықтан арнайы пән оқытушысы өзінің жұмыс орнында еңбегін дұрыс жоспарлауды, оқушылардың белсенділігін арттыруды, нұсқау карталарын дұрыс пайдалануды, қауіпсіздік ережесін және тазалық сақтауды т.с.с жетік білуі тиіс.Жоғарыда көтерілген мәселерді шешу, орта және кәсіптік колледж оқытушыларының құзырында[40,27 б]. Зерттеу жұмысының көкейтестілігі: Адамзаттың XXI ғасырдағы аяқ басуы қоғамдық өндіріс аясындағы сапалы өзгерістерден көрінеді. Өткен ғасырдың екінші жартысындағы техникалық революция технологиялық революцияға ұласты. Нақ осындай күрделі жағдайда білім беру жүйесінің қалыптасуына жаңа технологияға сәйкес өндіріс құралдарының жасалуына орай кәсіптік білім беруді түгелдей өзгерту қажет. Болашақ мамандарды техникалық қана емес, технологиялық категориялармен ойлауға үйретуіміз керек. Өйткені технологиялық білімділік адам мәдениетінің маңызды өлшемі болып табылады. Мұның өзі экономиканың барлық салаларын дамытуда қайта өркендеумен қамтамасыз ететін кабілетті жас мамандарға мұқтаж қазіргі Қазақстан үшін өте маңызды [41,56 б]. Ғылими әдебиеттерді талдай отырып, кәсіби бағыттағы проблемалары ғылыми класиктердің зерттеулерінен тыс қалған жоқ. Бұған мына педагог класиктердің еңбектері дәлел, Я.А. Коменский, Г.И. Песталоцци, К.Д. Ушинский және т.б.; - жоғары педагогикалық салада болашақ мұғалім дайындығын (С.И. Архангельский, Ф.Н. Гоноболин, П.Р. Атутов, С.Б. Батышев, М.Н. Скаткин, В.А .Сластенин, О.А. Абдуллина, Д.Л. Тхоржевский, Н.Д. Хмель және т.б.; ); ғылыми еңбектерінде қарастырды. - оқу барысында біліктілік пен дағдыны ғылыми заңдылық түрде қарастырғандар (Л.С. Выготский, М.А. Данилов, А.Н. Леонтьев, К.К. Платонов және т.б.); - болашақ мұғалімдерін кәсіби дайындығын сапалы жетілдіру мәселесін ғылыми еңбектерінде қарастырғандар (К.А. Дүйсенбаев, В. В. Егоров, М.Ж. Қозыбақов, Б.К. Момынбаев, В.Д. Симоненко, А.П. Сейтешев және т.б.);
- политехникалық бағытта болашақ кәсіби оқытушылардың дайындығын қарастырған (Ю.К. Васильев және т.б.);
- болашақ кәсіби оқытушылардың тарихи түрде дайындық жүйесін қарастырған (У. Н. Нишаналиев және т.б.);
- кәсіби оқытушылардың маман болып қалыптасуын (В.М. Казакевич, В.Д. Симоненко, Ю.Л. Хатунцев және т.б.), еңбектерінде қарастыруда.
- жалпы еңбек біліктілік пен дағды политехникалық кәсіби тұрғыда (К.К. Кенжеғалиев, А.А. Курманбаев, О.А. Нурманов, Ж.А. Аскарова, А.Ш. Оралбекова және т.б.), ғылыми еңбектерінде қарастыруда.
- жалпытехнологиялық темір өңдеуді оқушыларды баулу мәселесін (К.В. Азибаева, Д.В. Черниловский және т.б.), еңбектерінде орын алған .
В.М. Казакевичтің басқаруымен қазіргі тұрғыда жалпы орта білім институты Ресей білім академиясында «Технология» зертханасы жұмыс істеуде.
Ғылыми әдебиет және қәсіптік бағыт бойынша ғалымдардың еңбектерін талдау барысында, болашақ қәсіптік оқыту ұстаздарының дидактикалық тұрғыда дайындық мәселесін әлде де жетілдіру жолын қарастыру қажет.
Осы тұрғыда көкейкесті мәселеге байланысты біздің зерттеу тақырыбымыз «Болашақ қәсіптік оқыту ұстаздарының кәсіби дайындығын сапалы жетілдіру мәселесі» таңдауымыз осыдан:
Зерттеудің мақсаты қәсіптік оқыту ұстаздарыныңбойында кәсіптік-технологиялық біліктілік пен дағдыны қалыптастырудың теориялық негіздемесі мен әдістемесін жасау және тәжірибеде тексеру.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің даму тенденцияларын болашақ қәсіптік оқыту ұстаздарыныңтехнологиялық дайындығына әсерін айқындау.

  1. "Технология", "Жалпы технологиялық біліктілік пен дағдылар", "Кәсіби-технологиялық біліктілік пен дағдылар" ұғымдарының мәнін нақтылау.

  2. Болашақ қәсіптік оқыту ұстаздарының кәсіби- технологиялық біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру үлгісі мен мазмұнын негіздеу.

  3. Педагогикалық процесінде болашақ қәсіптік оқыту ұстаздарының бойында кәсіби – технологиялық біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру әдістемесін жетілдіру.

Жоғарыда баяндалған мәселелердің теориялық және практикалық нәтежесінде мынандай қорытындылар жасауға болады.
Зерттеу жұмыстың бірінші кезеңі қазіргі кезеңдегі кәсіптік білім беру мазмұнын қарастыра отырып келесі мәселеге тоқтауға болады.
Орта кәсіптік колледждерде кәсіби білім беру дегеніміз инженер-педагогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, олардың теориялық білім негіздерін, тәжірибелік қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру [42, 234 б].
Зерттеу жұмыстың екінші кезеңі,кәсіптік білімге оқыту әдістемесі кең түрде қарастырылды, бұл жердекәсіби оқыту принцинтері оларды жүзеге асыру ерекшеліктері, ол мына қағидалар:
Кәсіптік оқу орындарының, оқу үрдісінде қолданылып жүрген жалпы дидақтикалық қағидалар мыналар: оқытудың ғылымилығы мен қол жетімдігі,оқытудың көрнекілігі және ғылыми-техникалық ойлаудың дамуы, қәсіптік оқыту ұстаздарыныңбасшылығы негізінде білімгерлердің саналы шығармашылық әрекеті, оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі, жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу, теорияның ғылыммен, тәжірибемен және өндіріспен байланысы, білім, білік жене дағдыңың берік орнығуы. Осы жалпы қағидаларды қарастыра келіп арнайы қағидалар зерттеу жұмысымызда кеңінен орын алды.
Жалпы техникалық пәндерді игеруде кәсіби бағыттау қағидасы, оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік қағидасы, кәсіби жұмылдыру қағидасы, кәсіби оқытудың модульдік қағидаларына мән берілді[43, 234 б].
Кәсіби оқыту әдістері де кеңінен қарастырылды. Әдіс - білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы. [44, 37-39 б]. Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Кәсіби оқытуды ұйымдастыру формалары зерттеу жұмыста орын алды. Кәсіби оқытуды ұйымдастыру деп оқытушымен білімгер арасындағы, сабақ кезінде, топқа бөлінгенде не жұмыс орны мен өндіріс орнында оқыту кезінде жүргізілетін іс-шараларды айтады. Зерттеуде сабақтың түрлері және оның дидақтикалық құрылымы мен, кәсіптік білім саласындағы педагогикалық технологиялар орын алды [45, 63 б].
Зерттеу жұмыстың үшінші кезеңі, кәсіптік оқыту үрдісі жоспарлау мен нормалау мәселесін кең түрде қарастырылуы бекер емес, себебі оқу процесі практикалық болып саналады, мамандық игеру барысында. Осыған байланысты, кәсіптік оқыту ұстаздарының сабақтарын жоспарлау, оның сабаққа дайындалу жұмыстарының ерекшеліктері орын алған, және де оқу жылына дайындық процессін жоспарлау зерттеуде кең орын алған.
Оқу процесін жоспарлауда, негізгі дидактикалық міндеттерді шешеді. Оқу процессін материал және инструменттермен, жабдықтармен қамтамасыз ету. Шеберхананың жұмыстарын еңбек нысандарына байланысты жоспарлау кезде бір - бірімен ұштастыру мәселесін тыс қалдырмау. Тоқсан, жарты жылдық, жылдық қорытынды бойынша оқу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету. Тәжірибелік жұмыстарды нормалау мен оқу жұмыстардың тізімін кұру. Білімгерлердің іскерліктері мен дағдыларын бақылау, бағалау және есепке алу. Жалпы зерттеуде жоспарлау мен нормалау мәселесі оқу процесінде алар орнының ерекшеліктері жарияланды.
Зерттеу жұмыстың төртінші кезеңі, қазіргі нарық заманында болашақ кәсіптік оқыту ұстаздарының дидактикалық дайындығы қандай болу керек мәселесі орын алды. Кәсіптік оқыту ұстаздарының зертханалық жұмыстарының дидактикалық функциялары қарастырылды.
Зертханалық жұмыс дидактикалық қағидалардың бірі - теорияны тәжірибемен біріктіру қағидасы қамтамасыз етуі, жұмыстардың тәжірибелік, ой қабілетін, профессионалдық сенімділік дамытудың маңызы зор.
Кәсіби пәндердің оқытудың әдістемелік негіздері зертханалық-тәжірибелік жұмыстары (№1-10жұмыс) үлгісі берілді. Атап айтатын болсақ арнайы пәндер бағдарламасының талдауы және әдістемелік оқулық әдебиеттік зерттеу. Шеберхана жұмыстарын ұйымдастыруымен және жабдығымен танысу.Бағдарлама бойынша, мұғалімнің жұмысы және күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құру жолдары қарастырылды. Оқу тәрбиелік міндеттерін және сабақ мақсаттарын анықтау, кіріспе, ағымдағы және қорытынды нұсқаулардың мазмұнын өңдеуден өткізуінің әдісі, сабақ өткізудің оптималдық әдісін іріктеу мәселелері де қарастырылды.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, ағымдағы сабақты жоспарлау, сабақтың жоспар-конспектісін құру, бұйым, бөлшектер және олардың элементтерінің технологиялық және нұсқау картасын құрастыру әдістемесі, сабақтың талдауын және жоспар-конспект орындау әдістемесінақты көрсетілді [46, 234 б].
Қазіргі болашақ кәсіптік оқыту ұстаздарының дидактикалық дайындығы қандай болу керек мәселесі шешімі зерттеуде орын алды.
Зерттеудің ғылыми, теориялық және тәжірибеліқ маңыздылығы.
Нарықтық қатынас жағдайында болашақ қәсіптік оқыту ұстаздарының кәсіби- технологиялық біліктілік пен дағдыларын жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі дәлелденді және негізделді. Педагогикалық процесінде болашақ қәсіптік оқыту ұстаздарының зертханалық-тәжірибе жұмыс арқылы кәсіби-технологиялық біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі негізделді.
Зерттеу жұмыс болашақ қәсіптік оқыту ұстаздарын дайындауда және педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын білімгерлер үшін аса қажет. Теориялық қорытындыларды, тәжірибелік ұсыныстарды кәсіби педагогикалық кадрларды дайындау жүйесінде пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет