Қосымшаны әдебиеттерді жөнде!!! Мүмкін болса 2015-2020 жж. әдебиеттер қосу керек


Ұлттық өнер саласындағы ғалымдар еңбектерінің нәтижесінде



бет23/36
Дата21.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#140227
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
ИнкарБ.Профильдік колледж.30.05.2020.02.06.
тестер каз 2020, № 1 Көне түркі жазбалары –баға жетпес құнды байлық
Ұлттық өнер саласындағы ғалымдар еңбектерінің нәтижесінде: - ұлттық сәндік қолданбалы өнер құрылымы зерделеніп, эстетикалық тәрбие әлеуеті анықталды; - “ұлттық өнер”, “эстетикалық тәрбие”, “ұлттық дәстүрлі халық өнері мен мәдениет құндылықтары” ұғымдарының мәні айқындалды; - ұлттық бейнелеу өнері негізінде студенттерге эстетикалық тәрбие берудің теориялық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды; - ұлттық бейнелеу өнері негізінде студенттерге эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық шарттары анықталды және теориялық тұрғыдан негізделді. Өнертану ғылымы саласында “ұлттық өнер” бағытының тарихи ерекшеліктерінің қалыптасуының мәні зор. Мысалы, айналадағы ортаны танып-білудегі әсерін орта ғасырдағы Шығыс ойшылдары да зерттеп, дамыта отырып қалыптастырудың мәніне назар аударған. Олар: Әбунасыр Ибн Мухаммед Әл-Фараби (870-950 ж.), Әбуғали Ибн-Сина (980-1037 ж.) т.б. жастарды ұжымда тәрбиелеп, олардың білімге, өнерге қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын қарастырды. Орта ғасырдың ойшылы Әл-Фараби – дидактика, оқыту теориясы мен білім берудің психологиялық негізін қамтитын мәселелерге көңіл бөлді. Көрнекті философ Әбуғали Ибн-Сина жастарды тәрбиелеуде ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік тәрбиені тұтас пайдаланудың, оларды ұлттық өнер кәсібіне үйретудің маңыздылығын баса айтқан. Оның дидактикалық принциптері былайша құрылды: жастардың қабілеті мен бейімділігін ескере отырып оқытса, «... егер баланы ұжымда оқытса, ол онда зерікпей, қайта оқытып жатқан пәнге қызығушылығы пайда болып, басқалардан қалып кетпеуге тырысып, жарысқа түседі» - деген болатын. Білім беру деп – табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білуді айтады. Сондықтан, білім беру жүйесі күрделі ұғым. Оқыту білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты бір текті процесс : 1. Оқытушы оқушыларға білім беру арқылы біліктілігін қалыптастырады да іскерлік дағдыға үйретеді; 2. Оқушы таным міндеттерін толық түсініп, жаңа білімді игергеннен кейін іскерлікті, дағдыны игереді және оны өмірде қолданады. Жүйелі оқыту процесі арқылы жалпы білім беру процесі іске асады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні зор.Оқыту процесінде білім мен тәрбие беру ұштастыра жүргізіледі. Негізгі педагогикалық ұғымдар, тәрбие, білім беру, оқыту бәрі біріне-бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.Еңбекке оқыту мен ұлттық тәрбие процесін бір-бірінен ажыратуға болмайды десек те, бұлардың әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Біздің қоғамда болып жатқан өзгерістер мен талаптары еліміздің интеллектуалдық және кадрлық потенцалын анықтап ,қалыптастыратын орта кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін де едәуір жаңалықтар әкелді Орта кәсіптік –техникалық білім жеке тұлғаныж және қоғамды білім қажеттілігімен қамтамасыз етуде кәсіптік білім жүйесі құрылымының маңызды бір буыны болып есептеледі.Республикадағы жүздеген инженер –педагог мамандар мен өндірістік оқыту шеберлері орта кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде ауыл ауыл шарушылығына қажет маман даярлаумен айналысуда[48]. Білім беру жүйесі –ұлттық мәдениетіміздің , ұлттық сана-сезіміміздің дамуының негізгі көрсеткіші ,ол экономика,саясат және мәдениет шеңберіндегі өзгерістер арқылы да айқындала түседі.Қазақстан Республикалық орта кәсіптік білім беру желісі қазіргі таңда адамдардың рухани бірлігі мен өзара түсініктігін қамтитын басты интегративті қызметті орындауда,сонымен қатар халықтың өзіне тән мәдениеттің қалыптастыратын іс-әркеттерді жүзеге асыруда.Тәуелсіз мемлекетіміздің құрлымын нағайту және ел экономиксын көтеру үшін кадр мәселесін, сайып келгенде, болашақ аман даярлайтын кезде білім беру жүйесінің ұлттық моделін жасау қажет екені баспасөз беттерінде аз айтылып жүрген жоқ.Нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі әр түрлі толқулар және білім жүйесіндегі өзгерістерге байланысты орта кәсіптік-техникалық ібілм ордаларын біршама қиыншылықтарға тап келді.Білім беру ісін реформаларған кезде ең бастысы-экономикамыздың білікті мамандарсыз қалып қоймауын құнттау.Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру орта білім беру құрылымындағы техникалық немесе кәсіптік білім берудің жалғасы ретінде қызмет көрсету мен орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететіні көрсетілген.Профилдік білім беру жүйесі бойынша ғылым,техника және өндірісті интеграциялау мәселелерінің философиялық мән-мағынасын.Колледж-жаңа типтегі оқу орны және қазіргі халық ағарту қол өнер жүйесі қажет ететін кадрларды кәсіби даярлауды жүзеге асырады.Колледждің өзіндік ерекшелігі бар:тұтас және тұлғаны қалыптастып,оны нарықтық жағдайға бейімдейді.Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның экономикасын орта кәсіптік оқу орындарының тәжірибелерін жинақтап,оны әр түрлі мақсатта қолдану көп мүмкіндіктерге қол жеткізеді.Колледж жұмыс тәжербиесін қамту,теориялық тұрғыдан ұғыну болашақ шебер маманға білім мен тәрбие берудің жаңа технологиясын анықтау. Колледж ұлттық білім беру жүйесінің бір буыны болып келеді.Негізгі білім беруі,оған халықтың қол жеткізу деңгейі,үздіксіз білім беру деңгейі,сондай-ақ әрбір мамандық бойынша білім ұзақтығы.Әлемдік білім беру кеңістігі адамзаттың дамуы және мәдени қалыптасуына халықаралық білім беру ортасына енуі үшін саяси мәдениетті және әлеуметтік бағдар беруді бірінші кезекке кояды.Батыс Еуропа,Канада,АҚШ сияқты мемлекетті аймақтар интеграциялық процестің қайнар көздері болып саналады.Еуропалық мемлекеттер білім беру реформасының қазығына жақындау,“еуропалық ұқсастық” пен “азаматтыққа”ұмтылу болып келеді.Мысалы:Тынық Мұхит аймағына , Корей Республикасы , Тайвань , Сингапур , Гонконг , Малайзия , Тайланд , Филиппин мен Индонезия кіреді.Осы аймақтар үшін білім беру мен кадрлар даярлау сапасы өзіне қойылатын талаптың жоғары стратегиялылығымен сипатталады.Қазіргі уақытта әлемде жоғары деңгейдегі білім беру қалыптасқан американдық моделді қарастырсақ:

  • кіші орта мектеп,

  • орта мектеп,

  • жағары орта мектеп,

  • екі жылдық колледж,

  • университет құрылымындағы төрт жылдық,

  • магистратура,

  • асперантура;

Неміс моделі:

  • жалпы мектеп,

  • реальды училище,

  • гимназия және негізгі мектеп,

  • институт және аспиратура;

Француз моделі:

  • бірыңғай колледж,

  • технологиялық,

  • кәсіптік және жалпы білім беретін лицей,

  • университет,

  • магистартура,

  • аспирантура;

Ағылшын моделі:

  • біріккен мектеп,

  • граматтикалық және қазіргі заманғы мектеп-колледж,

  • университет,

  • магистратура,

  • аспирантура;

Ресей моделі

  • жалпы білім беретін мектеп,

  • толық орта мектеп,

  • гимназия және лицей,

  • колледж,

  • институт,

  • университет және академия,

  • аспирантура,

  • докторантура.

Қазақстан білім беру жүйесі стратегиялық жоспарын жасау жағынан ресейлік моделге жақындау ұлттық жүйе құрылды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ұлттық моделі дәл қазіргі жағдайда көптеген ерекшеліктерімен сипатталуы қажет.Сондай-ақ,ол 1997жылы ЮНЕСКО ұсынған Білім берудің халықаралық Стандарттық Классификациясына сәйкес жұмыс артқаруы тиіс.Берілген модель “Қазақстан-2030”стратегиясын есепке алып және “Білім туралы”Заңды қарастыра отрып,мемлекеттік білім беру жүйесінің құрылымы негізінде орындалады[2,9].Кәсіптік колледж жоғары деңгейі мен жаңа ойлау қабілеті бар жоғары кәсіби кадрлар даярлауға бағыт-бағдар береді. Студент профильдік колледжге белгілі бір мамандық алып шығу мақсатында оқу орнына талапкер болып келеді .Білімгерге міндетті түрде таңдаған мамандығының жақсы тиімді ,бітірген түлек жұмыс орынын табалатындай немесе жеке кәсібін дамыта алатындай альтернативті жақстарын іздейді.Сәндік қолданбалы өнер оның ішінде металды көркемдеп өңдеу мамандығы бойынша мүмкіншіліктер көптігін айта кеткен жөн .Сәндік қолданбалы өнерді инновациялық техникалар арқылы білім беретін болсақ мүміншіліктер еселей түсуші еді. Қол өнерден бұйым жасаған өнерлі студент ,шығармашылық жұмыстарын көпшілік көре алатындай,ұнаған туындысын сату мақсатында ұялы телефон,планшет, компютер арқылы интернет жүйесіндегі WIX.com қуатты технологиялар кәсіби және есте қаларлық онлайн келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Толық функционалды сайт құру арқылы кез — келген сарапшы, және бұл іс үшін алғаш рет алынатын адам жеңе алады. Құралдар мен шешімдердің үлкен таңдауы сіздің шығармашылық идеяларыңыздың толық еркіндігін қамтамасыз етеді. Бүкіл әлемде сайттар жасайтын пайдаланушылардың әсерлі базасы, ашық SDK және шексіз дизайн мүмкіндіктері бірегей Wix экожүйесін қалыптастырады. Оның көмегімен біздің серіктестеріміздің, әзірлеушілердің, веб-дизайнерлердің және басқа да мамандардың қызметтері миллиондарға қол жетімді.(Қосымша )




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет