Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ және орыс филологиясы факультеті



бет1/6
Дата03.07.2020
өлшемі28,73 Kb.
#74863
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абай шығырмашылығындағы эстетикалық көзқарас


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Мақала атауы: «Абай шығырмашылығындағы эстетикалық көзқарас»

Мақала авторы: Алиақпарова А.Ғ.

Филология факультетінің 2 курс студенті



Мақала жетекшісі: Сейсенбай Г.А.

Аға оқытушы

Қостанай, 2016 жыл
«Эстетика»(грек. Aisthetes – сезінуші, сезім қызметіне қатысты) – көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы, көркем шығармашылықтың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым. Эстетика ұғымы қолданысқа сұлулық, сезім жөніндегі ғылымды белгілеу мақсатымен тұңғыш рет неміс философы 1750 жылы А. Баумгартеннің ұсынысымен енгізілген.

Эстетика өнердің өзін зерттеумен ғана шектелмейді, адамның материалдық және эстетикалық көзқарасын зерттейді. Эстетика көркем шығармашылық эстетикалық бағасын әлеуметтік, саяси бағасымен біріктіре алып қарайтын көркем сынмен тығыз байланысты[1,7 б]. Дүниетаным процесінде болмысты логикалық ұғым, категория, заң арқылы таныса, көркем сана дүниені нақты сезіммен түйілген образдар арқылы таниды. Қоғамдық сананың ерекше формасы болып табылатын өнер – Э-ның арнайы зерттейтін саласы. Көркемдік таным ақиқатына жету мен өнер образдарының болмысқа сай келу жайы, яғни творчеств. Әдіс проблемасы да Э. ғылымының зерттейтін мәселесі. Э. өнерінің өзін зерттеумен ғана шектелмейді, адамның материялдық және рухани қызметінде көркемдік болмысқа деген эстетикалық көзқарасында зерттейді[2, 463 б].



Қазақтың Э. ғылымы әлі жас. Ол енді ғана қанат жая бастады. Э. проблемаларын қазақ өнеріне қатысты терең зерттеген моногр. еңбектер әзір кем де кем. Алайда Абай поэзиясының, эпостың, фольклордың эстетикасын шет жағалап зерттей бастаушылық бар [2, 464 б].

Абай өлең жазуды әлі мақсат етпеген кезінде-ақ шындықты эстетик. жағынан қабылдаған, өмірді байқағанда, іске кіріскенде, оқып-ойланғанда эстетик. тұрғыдан алып қарастырған. Абайдың өзге ақындардан екінші бір ерекшелігі - Абай сол замандай-ақ, кеңінен тараған эстетик. теориялардан хабардар болған, көптеген эстетик. ұғымдар оған таныс еді. Арғы жағы Сократ, бергі жағы Спенсер, әсіресе, В.Г.Белинский мен Н. Г. Чернышевский сияқты ойшылдардың эстетик. принциптерін естіп, оқып әжептәуір білім алған. Сонымен өмір эстетикасы, тарихи дәстүр мен мәдени мұра, ғылым мен философия жетістіктері - осының бәрін қорытып, бұған нәзік жаны мен терең ойын қосып, данышпан Абай қазақ халқының эстетикасын жасап шықты. Бүгінгі күннің ғылыми талабына сәйкес Абайдың эстетикасын мынадай тарауларға бөлуге болады. 1. Жалпы эстетик. ұғымдар. 2. Табиғат эстетикасы. 3. Адамның әсемдік қасиеттері, соның ішінде әйелдің сұлулығы. 4. Әдебиет эстетикасы. Соған жалғаса өнер мен шеберліктің эстетик. Маңызы[3, 619 б]. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет