Табиғат эстетикасы
Абай эстетикалық көзқарасындағы маңызды тарау - ол табиғат эстетикасы. Абайдың бірқатар өлеңдерінде табиғат көріністері асқан көркемдік шеберлікпен суреттелген. Олар: «Қансонарда бүркітші шығады аңға...», «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ...», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Желсіз түнде жарық ай...» т. б. жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері. Әдебиетшілер жанрға бөлу принципіне сәйкес осы өлеңдердің бәрін табиғат лирикасына жатқызады. Әрине, бүл дұрыс. Егер біз бүл өлеңдерге филос. тұрғыдан қарайтын болсақ, оларды Абайдың табиғат эстетикасы деуіміз керек. Олай дейтін себебіміз бүл өлеңдерде құр жаратылыс көріністері суреттеліп қана қоймайды, табиғаттың адамға беретін әсері, адамның өмірінде табиғаттың алатын орны мен атқаратын қызметі, адамның табиғатқа беретін бағасы, жалпы адам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынастар сөз болады. Мына шумақтарда жаратылыс бояуы дәлме-дәл көрсетілген: «Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға». Және де: «Суретін кере алмассың, кеп бақпасаң. Көлеңкесі түседі көкейіңе...». Енді бір жерде «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» деп басталатын өлеңінде аттың дене мүшелерін бақайшағына дейін, оның жүріс-шалысына, әсеріне дейін сипаттап келіп, сондай атқа адамды қызықтырып қояды. Ал, жыл мезгілдерін суреттейтін елеңдерінде ақын қыс пен жаздың, көктем мен күздің қазақ аулында ерекше ететінін, табиғат айналысын тарихқа ұқсатып, қазақ халқының дәстүрлі өмірі мен тұрмыс-салты жайында филос. әрі әсем сурет жасайды. Бүл тұрғыдан «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы...» өлеңін ерекше атау керек:
“ «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі...
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда бұл-бұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер,
Диқаншылар жер жыртып, егін егер,
Шаруаның біреуі екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер...»”
Осы келтірілген үш-ақ шумақтың өзінен табиғатта қайталанып жататын құбылыстардан, қазақ аулында жыл сайын болып тұратын жаңалық- жаңғырулардан ғажап әсер алумен бірге, табиғаттың мәңгі әрі сәнді екені жайында, ал, адамның қүдіреті күшті және өміршең екені туралы терең ойға батамыз. Ауыл табиғатын суреттеуде ерекше орын алатын өлең - «Желсіз түнде жарық ай...». Бүл өлең ерекше шабытпен, ыстық сезіммен жазылған, мүнда ақынныңжастық махаббаты, жүрек соғысы естіліп түр. Әсіресе:
“ «Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Қүлпырған жасыл жер жүзі.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі.
Түрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?...»-
деген жолдардан тамылжи мүлгіген түнді, өзді-өзі сыбырласқан қапыңағаш пен сөз айтуға да шамасы келмей, күйіп-жанған екі ғашықтың суреті көз алдымызға келеді. Абайдың бүл кезқарастары қазіргі эстетика ілімінің принциптерінен алшақ жатқан жоқ. Эстетик. қызмет пен сананы, солардан туатын ерекше заңдар мен категорияларды сыңаржақты түсінбеу үшін, адамның табиғатқа эстетик. қатынастарын толық зерттеп, солардың ерекшеліктерін ашу қажет[3, 620 б].
Достарыңызбен бөлісу: |