Жалпы эстетик. Ұғымдар
Жалпы эстетик. мәселелерді алатын болсақ, бүл жайында Абайда жүйеге келтіруге жарайтын түсініктер жеткілікті. Ол, ең алдымен эстетик. сезім мен қабылдаудың негізіне жататын адамның бес түйсігіне тоқталады. Адамды жаратушы (діннің ықпалы) бізге бес сезім (физиологиямен таныстығы) бергені жайында Жиырма жетінші сөзінде былай дейді: «Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір дауыс, жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат алаламас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе...?» Ләззат деген сезді Абай кебіне эстетик. мағынада қолданады. Ләззат - сезім арқылы туғызатын заттардың, құбылыстардың эстетик. қасиеттері. Бірақ, бұлар әлі жеткіліксіз. Бір нәрсені эстетик. түсінікпен қабылдап, одан ләззат алу үшін адамның өзі оған дайын болуы тиіс, сонда ғана «әрбір естігеніңді, кергеніңді көңілің жақсы ұғып, анық сөз суретімен ішке жайғастырып алады...» (32-ші сөз). Эстетик. түйсікпен толық қабылдау дегеніміз сыртқы заттың өз суретімен адамның ішкі рухани сарайына жайғасу болып табылады. Абайдың бүл ұғымын өте терең және аса маңызды тұжырым деп тануымыз керек[3, 620 б].
Жан мен тәнге байланысты Абайдың эстетикалық көзқарасы:
Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі,
"Мен" мен "менікінің" мағынасы - екі.
"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі...
"...Сөйтіп, адамның тәні өлсе де, ақыл мен жаны өлмейді деген тұжырым айтылады... Қалай десек те Абайдың "адам өлмес" дей отырып толғайтын пікірі әлдеқалай айтыла салған нәрсе емес, өмір мен өлім, адам тағдыры, келешек, мәңгілік туралы терең толғанудан туған тұжырым" дейді академик З.Ахметов, яғни адамның жаны мен тәні- бұлар тығыз байланыста қарастырылатын, бірақ екеуі екі түрлі күрделі ұғымдар. Олар - бірін - бірі толықтыратын, адам атаулына аса қажет, бір - бірінсіз мәнін жоғалтатын мәңгілік ұғымдар.
"Абайдың жан ("мен") мен тән ("менікі") туралы дүниетанымын молырақ білдіретін өлеңдерін, әсіресе, қара сөздеріндегі жан сыры жайлы ақын ойының өзекті желісін, негізгі құйылар арнасының іздерін ой көзімен салыстыра отырып ашпаса, уысқа оңай түсе бермейтін, табиғатын оңайлықпен ашпайтын аса күрделі қыртысы мол ұғымдар", - зерттеуші М.Мырзахметұлы атап көрсеткендей, жан мен тәннің арақатынасы, олардың үйлесімділігі ғана, шын мәнінде, эстетикалық сұлу адамды, сыртқы пішіні ғана емес, ішкі сыры, әлемі де әсем тіршілік иесін дүниеге келтірді.
Абай жан мен тәннің айырмашылығы мен олардың өзара байланыстары туралы жазады. Ол жетiншi сөзiнде "тән жанға қонақ үй бола алмайды"– деп тәнге дұрыс жағдай жасалмаса адам өмір сүре алмайтынын, жиырма жетiншi қара сөзiнде "Әрине, қайдан келсе де, жан деген нарсе келдi де, сонан соң ие болдың", қырық үшiншi қара сөзiнде "Адам ұғымы екi нәрседен: бiрi – тән, бiрi–жан" деп адам болмысының рухани жане материалдық негіздерден кұралатынынкөрсетеді.
Адам қапыл дүниенi дер менiкi,
Менiкi деп жүргеннiң бәрi Оныкi.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда, ойла, болады не сенiкi?
("Көк тұман – алдындағы келер заман", 1897 ж.)
Әрқайсысымыздың адалдыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке, сұлулыққа апарар жолымыз ананың сүтінен, әкенің пәрменділігінен деген ойдың желісі Абай өлеңдерінде айқын аңғарылады:
...Өзің - үлкен, қылығың - бала - шаға,
Балаға мәз боп жүрсің тамашаға.
Әкесі ұрысса балаға, ол да достық,
Баласы ұрысса, әкеге жараса ма? - деп келген жолдардың түйіні де әкені сыйлау керектігін меңзейді[4, 86 б].
Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, жастардың ой тізбегіне, олар арқылы екінші, үшінші буын өкілдеріне деген көзқарасын, қарттар менқариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан да болар шығармаларының басым көпшілігі ақыл - өнеге, үгіт - насихат түрінде беріледі. Мәселен, Абайдың:
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім, - деген жолдары терең пәлсапалы мәселелердің қозғалуына түртпек болды. Барша сұлулық атауына, моральды - эстетикалық қағидаттарға шақырған, тек адамгершілік шарттарын мадақтаған Ислам қағидаларында мұнша дәріптелетін ана мен әке бейнелері, шын мәнінде, асқақ та сұлу,биік те заңғар. Жоғары эстетикаға құралған "Әкегк қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" деп келетін мақалдың түп тамыры осында[4,87 б].
Достарыңызбен бөлісу: |