ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы


Оқушыға айтылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше түрлері бар. Мысалы



бет4/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Оқушыға айтылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше түрлері бар. Мысалы:

  1. Тапсырмалар тілдің белгілі бір формасына негізделеді де, оны шаблонды оқыту деп айтуға болады:

Тапсырма: Төмендегі сөздерге ұнатамын және ұнайды сөздерін қойып, айтып көр.

  1. Мен тәңертең жаттығу жасағанды.

  2. Маған гүл өсірген.

  3. Мен спортпен шұғылданғанды.

  4. Маған балық аулаған.

  5. Тапсырма өмірге қажетті жағдаяттарға негізделеді:

Төмендегі сөздерді және болжалды келер шақ жұрнағын пайдаланып, ең жақсы демалыс сәтін сипаттап көр:
Мысалы: көрер едім, . барар едім, саяхаттар едім.

  1. Тапсырмалар еркін сөйлеу тақырыптарына негізделеді.

Мысалы: «иә, келісемін», «жоқ, келіспеймін», «білмеймін» деген пікір – таластар болуы мүмкін.
Жазылым дағдысы кез келген хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазылымды қамтамасыз ететін жұмыс түрлеріне тізім жасауды, құттықтау қағазын, хат, әңгіме,эссе, хабарлама жазуларды жатқызуға болады.
Мысалы тапсырма үлгісі: мәтінді тыңдап, келесі жолдарды толықтыр.
Мәтін бойынша, тақырыптық сөйлем беріледі де, сол сөйлемді мағынасы жағынан қолдап тұратын бірнеше қолдаушы сөйлем мен қорытынды сөйлемдерді жаздыруға болады
Тақырыптық сөйлем: Денсаулықты нығайтудың бірнеше жолдары бар.
Қолдаушы сөйлемдер:

  1. Спорт үйірмелеріне қатысу керек.

  2. Дұрыс тамақтану керек.

  3. Таза ауада серуендеу керек.

Қорытынды сөйлем: Салауатты өмір салтын ұстану- денсаулықты нығайтады.
Оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтудан гөрі оған жауап қайтару, мәтіннің жалпы идеясын түсіну болып табылады. Оқылым тапсырмасы екі жаттығу түрлерімен жүзеге асырылуы керек: алғашқысы мазмұнды түсінуге, кейінгісі нақты ақпаратты табуға бағытталуы тиіс.
Тапсырма үлгілері:
1Төмендегі сөйлемдерді оқып, «шын» немесе «жалған» сөзімен жауап беріп көр.

  1. Мәтіндерді оқып шық және оларға тақырып қойып көр.

  2. Мына тақырытардың қайсысы мәтінге сәйкес келеді.

  3. Мәтінді оқып шығып, келтірілген мысалдар факт пе әлде автор пікірі ме?

  4. Мәтінді рет ретімен құрастырып шық.

Тыңдалым дағдысы тілге сай әрекет етуін көздейді. Тыңдалым түрлері: диалог, әңгімелер, хабарландыру, әндер, лекция, жарнама т.б.
Тыңдалым тапсырмалары жалпы мазмұнды түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет