Оқу-әдістемелік және тәрбие


Креатинкиназаның (КК) және оның изоферменттерінің активтілігін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы



бет21/82
Дата31.10.2022
өлшемі1,99 Mb.
#155865
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Креатинкиназаның (КК) және оның изоферменттерінің активтілігін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.
Жарақаттанғанда, суықтағанда, интоксикацияда және дегидратация кезінде қандағы КК-ның активтілігі жоғарылайды. КК-МВ изоферментінің активтілігінің жоғарылауы, бұлшық ет дистрофиясында, ишемиялық ауруда және иіс газымен уланғанда байқалады. Қан айналымы нашарлағанда, өкпе ісігінде, алкогольдік интоксикацияда, асқазан ішек жолы (АІЖ) қанағанда және эпилепсияда КК-МВ активтілігі жоғарылайды.


Патология кезіндегі бұлшіқ еттегі биохимиялық өзгерістер.

Патология кезіндегі бұлшық еттердегі биохимиялық өзгерістер.
Бұлшық еттердің жалпы ауруына дистрофия және атрофия жатады.
Бұлшық ет дистрофиясы (миопатия ) тұқым қуалаушы ауыр ауруға жатады. Бұл ауру баланың организмінде басталады. Миопатия кезінде бұлшық ет жасушалары біртіндеп тіршілігін тоқтатады да, олардың орнына дәнекерлеу ұлпалары түзіледі. Осы процесстің нәтижесінде бұлшық ет біртіндеп әлсізденіп, ақырында ол жойылады. Аурулар инфекцияның әсерінен қайтыс болады. Бұлшық еттің жойылуы лизосомалардың бөлініп шығып, әсер етуіне байланысты.
Дистрофия кезінде бұлшық еттің фосфолипидтік құрамы да өзгерістерге ұшырайды, яғни фосфотидилхолиннің және фосфотидилэтаноламиннің мөлшері төмендеп сфингомиелин мен лизофосфотидилхолиннің мөлшері жоғарылайды.
Бұлшық еттің атрофиясы (семуі немесе жансыздануы)
Е-авитаминозы кезінде, бұлшық ет жүйкесіздендірілгенде (нервсіздендірілгенде), бұлшық етті иммобилиздегенде (гипстеп таңғанда) сіңір кесілгенде байқалады. Бұл процесс бұлшық ет ақуыздарының қалыпты жағдайына қарағанда жылдам ыдырауына байланысты.
Мысалы: Е-авитаминозы кезінде, оның антиоксиданттық әсерінің тоқтауына байланысты липидтердің пероксидтік тотығу кезіндегі пайда болған өнімдері, лизосомдардың мембранасының құрылымын бұзып, қышқылдық гидролазалардың бөлінуін қамтамасыз етеді. Осы протеиназалардың әсерінен ақуыздар жылдам ыдырап, бұлшық еттің семуі байқалады.
Бұлшық ет патологиясы кезінде креатиннің метоболизімі бұзылып, креатинурия байқалады. Себептері креатинфосфат пен креатиннің түзілуінің бұзылуына байланысты.
Бұлшық ет патологиясы кезінде саркоплазмалық ферменттердің активтілігі жоғарылайды. Сонымен қатар цАМФ-тың мөлшері төмендейді де, фосфодиэстеразаның активтілігі жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет