Оқу және тіл дамыту



бет3/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Іштей оқу

Зерде бұзылыстары бар оқушыларда іштей оқу түрін меңгеру біраз қиындықтар туғызады. Мұғалімнің көмегінсіз іштей оқыған оқушы мәтіннің мазмұнын, ондағы оқиға желісін дұрыс түсінбейді.




Оқушылар іштей түсініп оқу үшін әртүрлі деңгейдегі тап-сырмаларды қолданамыз:

  1. Карточкада берілген тапсырманы оқы және орында.




  1. Мәтінге қатысты тақтада жазылған сұрақтардың дұрыс жауабын тап.

  2. Тақтада жазылған бірнеше сұрақтарға өз сөзіңмен толық жауап беруге дайындал.

  3. Оқылған мәтіннің мазмұнын айтуға дайындал.




  1. Мәтін ішінде өзің түсінбеген сөздерді таңда, жазып ал.




  1. Берілген жоспар бойынша мәтінді бөлімдерге бөл.




  1. Әңгімеге ат қой.




  1. Бөлімдерге өздігіңнен ат қой.




  1. Мәтіндегі бас кейіпкерді сипаттайтын сөздер мен сөз тір-кестерін тап.

Іштей оқу кезінде осы тапсырмаларды қолдану оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуіне жағдай жасайды.

5

Жоғары сыныптан бастап іштей оқумен дауыстап оқу қатар жү-реді. Содан соң мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұнын айтады.

Оқушылар мәтіннің жартысын дауыстап оқыса , жартысын іштей оқиды. Дауыстап оқыған мәтін бөлігін сынып ішінде тал-даса, іштей оқыған мәтіннің бөлігін өз беттерінше талдауға үйге беріледі.




Жүгіртіп оқу


Жүгіртіп оқу – сөйлеу тіліне тән жылдамдық. Жүгіртіп оқу барысында оқыған мәтіннің мазмұны оқу жылдамдығынан басым.
Зерде бұзылыстары бар балалар мәтіннің күрделілігіне байла-нысты баяу оқиды. Н. К. Сорокинадан алған деректерге қарағанда нашар оқитын балалардың арасында оқу жылдамдығындағы айырмашылық көп емес.

9-сыныптың оқушыларының өзі, мәтіннің күрделілігіне бай-ланысты бір жылдамдықпен оқымайды. Оларда дыбысқа деген анализ және синтез бұзылған. Сонымен қатар сөйлеу тілінің бұзылуын да ескерген жөн. Көру қабілетінің төмендігі жұмыс жасауды нашарлатады. Қабылдау мүмкіндігінің шектелуі де оқу дағдысын меңгеруді тежейді. Сөздік қорының кедей болуы, сөздік грамматикалық құрамын дұрыс қабылдамауы да оқу дағдысын меңгеруді тежейді. Осы себептердің бәрі оқушылардың мәтіннің арасындағы логикалық байланысты көрмеуіне әкеледі.


Зерде бұзылыстары бар балалар мәтінді, әріптерді, буындар-дың орнын ауыстырып оқиды. Бір сөздің соңымен келесі сөздің басын қосып жібереді. Тағы бірі ортасында оқу жолын түсіріп оқиды.


Дұрыс оқу үдерісінің жылдамдығының төмендеуі арнайы мек-теп оқушыларына тән нәрсе.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет