Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет26/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Диспансеризация: Барлық науқастар «Д» есепке алынады. Жылына 2рет тексеру жүргізіледі. Мамандар кеңесі: нефролог және урологпен.
Болжамы:Патологиялық процестің сатысына, зақымданудың бір немесе екі жақтылығына және асқынуларға тәуелді болады. Екі жақты созылмалы пиелонефриттің болжамы аурудың қай сатысында диагноз қойылғанына байланысты болады. Аурудың ерте сатысында компенсация күйін ұзартуға мүмкіндік болады. Аурудың соңғы сатыларындағы болжам шумақтық фильтрацияның сақталу ұзақтығына байланысты болады. Артериялық гипертензия мен СБЖ бой көрсеткенде ауру адам еңбекке жарамсыз болады.
Алдын алу:
Бірінші ретті профилактика шаралары: 1) организмдегі ірің ошағын мезгілінде жою керек; 2) урологиялық ауруларды мезгілінде емдеу керек; 3) несеп жолдарымен несеп жүруіне кедергі тудыратын себептерді жою.
Екінші ретті профилактика шараларына жедел процесті тоқтату, жедел қабыну процестің созылмалы түрге ауысуының алдын алу, аурудың қайталауының алдын алу жатады.



  1. ЖИА-ның жіктелісі. Алғаш пайда болған және үдемелі стенокардия. Қауіп факторлары. Клиникалық көріністері. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы мен емі. Диспансеризация. Болжамы. Алдын алуы.

Жауап: Стенокардия – кеуде клеткасындағы қысылу, басылу мінезде көрініс табатын, ығысу сезімімен клиникалық синдром, ол жиі жағдайда төс артында орналасып, сол қолға, мойынға, төменгі жақ сүйегіне, эпигастриге беріледі. Ауыру, физикалық жүктемемен, суыққы шығумен, тамақты көп мөлшерде қабылдаумен, тыныштықта басталып, нитроглицерин қабылдағаннан кейін бірнеше секунд немесе минуттан кейін жоғалатын эммоционалды қажумен туындалады.

ЖИА жіктемесі (КСРО 1989 ж.):


1. Кенет коронарлық өлім.
2. Стенокардия:
- жүктеме стенокардиясы;
- алғаш рет туындаған жүктемелік стенокардия (1 айға дейін);
- тұрақты жүктемелік стенокардия (I ден IV дейін функционалды класты көрсетіп);
- үдемелі стенокардия;
- тез үдемелі стенокардия;
- кенеттен пайда болған (вазоспастикалық) стенокардия.
3. Миокард инфаркты:
- іріошақты (трансмуральді);
- ұсақошақты;
- біріншілік рецидив беретін, қайталамалы (3.1-3.2).
4. Миокард ошақты дистрофия.
5. Кардиосклероз:
- постинфарктты;
- ұсақошақты, диффузды.
6. Аритмиялық форма (жүрек ырғағының бұзылу типін көрсетумен).
7. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі.
8. Ауырусыз форма.
Жүктемелік стенокардия
I ФК (жасырын стенокардия): стенокардия ұстамалары тек қана үлкен интенсивтілікпен физикалық жүктеме кезінде туындайды; игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша (ВЭМ) 125 вт, екі рет жүргізу 278 шарт. бірл аз; метаболиялық бірлік саны 7 астам.

II ФК (жеңіл дəрежедегі стенокардия): стенокардия ұстамалары 500 метр қашықтыққа тегіс жермен жүру кезінде, əсіресе суық ауа райында, желге қарсы; бір қабаттан жоғары баспалдақпен көтерілгенде; эмоционалды қозу кезінде туындайды. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 75-100 вт, екі рет жүргізу 218-277 шарт.бірл. метаболиялық бірлік саны 4,9-6,9. Қарапайым физикалық белсенділік аздаған шектеулерді қажет етеді.

III ФК (орташа ауырлықтағы стенокардия): стенокардия ұстамалары қалыпты қарқынмен тегіс жерде 100-500 м қашықтықта жүру кезінде, бірінші қабатқа баспалдақпен көтерілу кезінде туындайды. Стенокардияның сирек ұстамалары тыныштықта пайда болуы мүмкін. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 25-50 Вт, екі рет жүргізу 151-217 шарт. бірл; метаболиялық бірлік саны 2,0-3,9. Қалыпты физикалық белсенділіктің айқын шектелуі болады.
IV ФК (ауыр форма): стенокардия ұстамалары аздаған физикалық жүктемелер кезінде туындайды, 100 м аз қашықтықта тегіс жерде жүруде, тыныштықта, науқастың горизонталды жағдайға ауысуында. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 25 Вт аз, екі рет жүргізу 150 шарт.бірл. аз; метаболиялық бірлік саны 2 ден аз. Жүктемелік функционалды сынақты жүргізбейді, науқастарда қарапайым физикалық белсенділікті айқын шектеу байқалады.

Емдеу тактикасы: антиангиналды, антиагрегантты, гиполипидемиялық терапия тағайындау, коронарлық қанкелулерді жақсарту, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің (ЖФЖ) профилактикасы, ЖИА екіншілік профилактикасы.


Ем мақсаты:
- терапияны таңдау;
- науқастың жалпы жағдайын жақсарту;
- ұстамалар жиілігін сирету;
- физикалық жүктемелерге толеранттылықты арттыру;
- қанайналу жеткіліксіздік белгілерін азайту.

Дəрі-дəрмексіз ем: төсек режимі, диета.


Дəрі-дəрмектік ем
Антиангиналды терапия: β-бөгегіштер препараттарының дозасын жүрек жиырылу саны, АҚ, ЭКГ бақылап титрлеу.
ЖФЖ I-II ФК кезінде нитраттарды стенокардия ұстамаларын басу үшін немесе болжамды физикалық жүктемеден 5-10 мин. алдын үзіп қысқа əсердегі дəрілік заттар формасында тағайындайды, ЖФЖ III ФК кезінде ұзақ əсердегі нитраттарды нитратсыз аралықпен тəулік бойы 5-6 сағатта, ЖФЖ-IV ФК кезінде тəулікбойы тиімділікті қамсыздандыру мақсатында тағайындау қажет. Қарсы көрсетімдер болған кезде β-бөгегіштерді тағайындауға кальций антогонистерін тағайындау мүмкін. Доза əрбір науқасқа жеке тағдалады.

Антиагрегантты терапия барлық науқсатарға аспирин тағайындауды болжайды, тиімділікті жоғарылату үшін клопидогрель тағайындайды. Жүрек функциясының жеткіліксіздігімен күресу жəне алдын алу мақсатында АПФ тағайындау қажет. Доза гемодинамиканы ескеріп таңдалады.



Гиполипидемиялық терапия (статиндер) барлық науқастарға тағайындалады. Доза липидтік спект көрсеткіштерін ескеріп таңдалады.
Зəр айдаушы препараттарды жүрек функциясының жеткіліксіздігімен күресу мақсатында тағайындайды.
Антиаритмиялық препараттар ырғақтың бұзылуы кезінде тағайындалуы мүмкін.
Миокардтағы метаболикалық процесстерді жақсарту мақсатында метаболикалық препараттар тағайындалуы мүмкін.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1 . *Изосорбид динитрат 0,1% 10 мл, амп.
2. Изосорбид мононитрат 40мг, капс., 50 мг. таб.
3. Изосорбид мононитрат 20мг, табл.
4. **Изосорбид динитрат, табл 5 мг, 10 мг, 20мг, 40 мг, 60 мг; инъекция үшін ерітінді 0,1% 10 мл; аэрозоль.
5. *Нитроглицерин, табл 0.5мг.
6. **Атенолол, табл 50мг, 100 мг.
7. *Метапролол, табл 25 мг.
8. Бисопролол, табл, 5 мг.
9. Карведилол, табл 25 мг.
10. Дилтиазем, капс 180мг.
11. **Верапамила гидрохлорид, табл 40мг, 80 мг.
12. **Амлодипин табл 5 мг, 10 мг.
13. Фозиноприл, табл 10мг.
14. *Периндоприл, табл 4мг.
15. Каптоприл, табл 25 мг.
16. *Эналаприл табл 10 мг.
17. *Амиодарон, табл 200 мг.
18. *Фуросемид, табл 40 мг.
19. *Фуросемид, 40 мг амп.
20. *Спиронолактон, табл 100 мг.
21. *Гипотиазид, табл 25 мг.
22. **Ацетилсалицил қышқылы, табл 100 мг, 250 мг, 325мг, 500 мг.
23. Клопидогрель табл 75 мг.
24. *Ловастатин табл 10 мг, 20 мг, 40 мг.
25. Аторвастатин, табл 10 мг.
26. Симвастатин, табл 20 мг.
27. *Декстроза, р-р д/и 5% фл 400 мл.
28. Калия хлорид, 4% 10 мл.
29. *Адам инсулині, ерігіш, биосинтетикалық, инъекция үшін ерітінді инъекция үшін ерітінді 100 БІРЛІК/мл.
30. *Натрий хлориді, инъекция үшін ерітінді 0,9% фл.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Тофизопам, табл 50 мг.
2. Триметазидин, табл 20 мг.

  1. Хеликобактерпилоримен ассоциацияланған гастрит. Этиопатогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы және емі. Ауруханаға жатқызу көрсетілімі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын-алуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет