Созылмалы пиелонефрит. Этиопатогенезі. Клиникасы. Созылмалы пиелонефриттің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын алуы.
Жауап: Созылмалы пиелонефрит- астауша тостағанша жүйесі және аралық тіннің зақымдануымен жүретін бейспецификалық қабыну процесс.
Этиопатогенез: пиелонефрит қоздырғышы: ішек таяқшасы, энтерекокк, протей, стафилококк, стрептококк. Аралас флоралар 68% жағдайда кездеседі, ішек таяқшасы 25%, коккты флоралар 6% жағдайда.
Бүйрекке енетін инфекция қоздырғышының алғашқы ошақтары болып кез-келген іріңді – қабыну процесі (тіс жегісі, пневмония, фурункулез, мастит, холецистит, остеомиелит, несеп-жыныс жүйесі мүшелеріндегі қабыну ошақтары және басқалары) табылады.
Инфекцияның бүйрекке енетін төмендегідей жолдары болады: гематогендік, несеп ағар қабырғасы бойымен және қуық-несепағар рефлюксі болған жағдайда несепағар қуысы арқылы.
Клиникасы:триада синдромы көрініс береді: Ауырсыну, несепік, интоксикация.
Диагностика:
1 Лабораторлы зерттеу: ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, анемия.
ЖЗА:лейкоцитурия 3-4 көру алаңынан жоғары, протеинурия тәулігіне 1гр жоғары, гиалинді және түйіршікті цилиндрурия, бактериурия 1мл несепте 105/л жоғары.
Нечипоренко сынамасы: лейкоциттер 2000 жоғары, цилиндрурия 220 жоғары, биуретті әдісте селективті протеинурия анықталады.
2Функциональды зерттеу: қалыпты креатинин 0,088-0,178ммоль/л, несеп қышқылы, K, Na, Ca, фосфор, парат-гормон, несептің бактериологиялық себіндісі, Шумақтық фильтрация жылдамдығы (СКФ), КЩС.
Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация 80-120мл/мин. Каналшалар реабсорбциясы 97-98%, несептік клиренс 53-75мл/мин.
3 Инструментальды зерттеу: бүйрек УДЗ астаушаның кеңуі, тостағанша деформациясы анықталады.
Экскреторлы урография, КТ, Цистоскопия.
Дифференциальды диагностика: созылмалы гломерулонефрит, несептас ауруы, бүйрек туберкулезімен жүргізіледі.
Созылмалы гломерулонефрит-дизурия, бактериурия, пиурия болмайды. Гломерулонефриттеекібүйрекбірмезгілдезақымданады. Ісік, АГ жіне гематурия. ЖЗА: эритроцитурия, протеинурия 3,0гр дейін, гиалинді және эритроцитарлы цилиндрурия. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер 1000 жоғары, цилиндрурия 220 жоғары.
Несеп тас ауруы- ұстама тәрізді аырсыну, көбіне соқпалы жүріс кезінде, физикалық жүктемеде. Шап аймағына және ұмаға таралады. УДЗ конкрименттер анықталады.
Бүйрек туберкулезі-рентгенограммадапиелонефритпенсалыстырғандадеструкциялықпроцестерсклероздықпроцестерденбасымболады. Цистоскопия туберкулездік цистит белгісінанықтауға, ал несепсебіндісі туберкулез микобактериясынтабуғамүмкіндікбереді.
Емі: Медикаментозды емес, медикаментозды.
Медикаментозды емес: АГ және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі болмаса, толыққанды ақуыз, май, көмірсу және дәрумендер беріледі.
Медикаментозды: флорасы бар және сезімталды антибактериальды дәрілер: Цифрофлоксацин, офлоксацин, левофлоксацин.
Оперативті әдістер: несепағар құрылымының ликвидациясы, нефропиелолититомия, аденэктомия.
Достарыңызбен бөлісу: |