ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет19/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы
1 апта бұлбұл 2018 сен, 1 апта бұлбұл 2018 сен, Бұлбұл 1-апта ноябрь цикло, Актуальность выбранной темы, Сынып сағаты Отбасымбақыт мекенім, Mektep psiholog esebi, агылшын эссе , Упражнения в движении физра срсп

 

«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

  

 

Сынып 

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   



1-

тоқсан 


2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


7-

сынып 




8-

сынып 





9-

сынып 







 

 

 

 

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«

Адам  және  қоғам»  білім  беру  саласының  оқу  пәндерінің  мазмұны 



«

Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»,  «Құқық  негіздері»  және  «Өзін-өзі 

тану» оқу пәндерінде іске асырылады. 

 

«



Адам  және  қоғам»  білім  беру  саласының  мазмұны  білім  алушыларда 

«

Адам  –  Қоғам»  жүйесі  шеңберінде  қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар 



 

161 


 

бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталады.

 

 

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері 

Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:  

− 

білім  алушыларда  тарихи  сананы,  толеранттылық,  өз  елі  және  басқа 



елдердің  тарихы  мен  мәдениетіне  құрмет  көрсетуді,  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  жалпы  адамзаттық,  ұлттық  және  жалпыадами  құндылықтарды 

қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға; 

− 

білім  алушыларды  ұлттық  және  әлемдік  мәдениет  жетістіктеріне 



тарту,  қазақ  халқының  мәдени  және  тарихи  мұрасының  құндылығы  мен 

ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға 

бағытталған. 

2019/2020 

оқу  жылында  «Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі 

тарихы»  оқу  пәндері  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыруда  келесі  оқу 

бағдарламалары қолданылады: 

1. 


Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі  міндетін 

атқарушысының  2017  жылғы  «25  »  қазандағы  №  545  бұйрығымен  бекітілген 

Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-9-сыныптарына  арналған  «Қазақстан 

тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 

2. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі  міндетін 



атқарушысының    2017 жылғы  «25  »  қазандағы  № 545  бұйрығымен  бекітілген  

Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-9-сыныптарына  арналған  «Дүниежүзі 

тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 

Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламалары 

Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының  сайтында 

орналастырылған  (https://www.nao.kz  /Білім  беруді  оқу-әдістемелік 

қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру деңгейінің 

жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламалары  Қазақстан  тарихы. 

Дүниежүзі тарихы) 

2019-2020 

оқу  жылында  тарих  пәндері  бойынша  негізгі  орта  білім 

беру  деңгейінің  5-9-сыныптарында  жаңартылған  мазмұндағы  оқу 

бағдарламалары енгізіледі

«Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»  пәндері  бойынша  оқу 

бағдарламасының  білім  мазмұны  хронологиялық  реттілікпен  берілген  (көне 

дәуірден  бүгінгі  күнге  дейін)  және  әлеуметтік  қатынастардың  дамуы, 



мәдениеттің  дамуы,  мемлекеттің  дамуы,  экономикалық  даму  бөлімдерін 

қамтиды. 



Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 

тарихи  пәндер  мазмұнының  қөлемі  тақырыптық  бөлімдерді  біріктіру 



арқылы ықшамдалған; 

тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу 



материалдарын  қайталамауға  және  Қазақстан  тарихын  әлемдік  тарихи 

процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді; 



 

162 


 

тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, 



талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған; 

білім  алушыларда  тарихи  сана,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 



құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше 

көңіл бөлінген. 

«Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»  пәндері  бойынша  оқу 

бағдарламасының  басты  мақсаттарының  бірі  –  оқушылардың  бойында  тарихи 

ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  мен  дамыту  болып  табылады.  Сондықтан 

сабақта  оқушылардың  «тарихи  ойлау»  дағдысын  қалыптастыруға  мүмкіндік 

беретін  түрлі  әдіс-  тәсілдерді  (белсенді  және  проблемалық  оқыту  әдістері, 

зерттеу,  жоба  әдістері  т.б.)  қолдану  ұсынылады.  «Тарихи  ойлау»  өткен 

заманның  кез-келген  құбылысын  сол  заманның  контекстінде,  бұрын  болған 

және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, 

талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа 

қатысты  білім  мен  түсінікке  негізделген  өзіндік  дәлелді  ұстанымды 

қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп 

кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.  



Сондықтан,  жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  «Қазақстан 

тарихы», «Дүниежүзі  тарихы» пәндерін  тарихи  түсініктер  негізінде оқыту 

ұсынылады: 

Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:  

1) 

өзгеріс  және  сабақтастық  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қоғам 

қаншалықты өзгеріске ұшырады) 

2) 

себеп-салдар  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қандай  маңызды 

факторлар саяси үдерістерге әсер етті);  

3) 

дәйек  (белгілі  тарихи  кезеңнің  өнері  бізге  құндылықтар,  наным-

сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);  

4) 

ұқсастық  пен  айырмашылық  (мысалы,  XIII-XV  ғғ.  Қазақстан 

территориясындағы  мемлекеттердің  саяси  құрылысындағы  ұқсастықтар  мен 

айырмашылықтар);  

5) 


маңыздылық  (мысалы,  Қазақ  хандығының  құрылуының  тарихи 

маңызы неде);  

6) 

интерпретация  (мысалы,  белгілі  бір  тарихи  оқиғаны  түрлі 

зерттеушілер қалай сипаттайды). 

Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен 

маңыздылығын,  үдерістер  мен  оқиғаларды  «тез  түсінуге»  бағытталған,  бұл 

пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.  

Тарихи  түсініктерге  сүйене  отырып,  тарихи  материалдарды  талдауды 

жүзеге  асыру  ұсынылады.  Нәтижесінде,  білімалушылар  тек  қана  пәндік 

материалды  ғана  емес,  зерттеу  процестері,  дағдылар  және  біліктермен 

байланысты  әдістерді  игереді  (материалдарды  жинау  мен  реттеу  әдістері, 

сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені 

қоя  білу  білігі,  сәйкестендіру  әдістері  мен  дереккөздерді  сыни  бағалауы, 

зерттеу  жоспарларын  әзірлеу,  материалдарды  жинақтау  және  нәтижелерді 

тексеру).  


 

163 


 

Белгілі  бір  тарихи  концептілерге  негізделген  оқыту  нақты  оқу 

материалының  негізінде  оқушылардың  бойында  тарихи  ойлау  дағдыларын 

қалыптастыруға  және  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  әдіс,  зерттеуге 

негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.  

Сондықтан  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  әр  тақырыптан  кейін 

зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді 

жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның 

басты  себебі  –  кез-келген  тақырып  оқушыларды  бірден  ойландырады  және 

оқушыларды  сын  тұрғысынан  ойлауға,  проблемалық  сұрақ  қоюға,  өздігінен 

талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.  

Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар: 

Күтілетін  пәндік  нәтижелер  әр  бөлімдер  мен  тақырыптар  бойынша 

анықталған  оқу  мақсаттары  түрінде  берілген.  Күтілетін  нәтижелердің  (оқу 

мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда 

пәндік  білім  мен  дағдыларды  нақты  оқу  материалы  негізінде  қалыптастыруға 

мүмкіндік туғызады.  



Негізгі  орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Қазақстан 

тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәндері  мазмұнының  жаңа 

құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:  

5 - 


сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр) 

6 - 


сынып – ортағасырлар кезеңі (V -  XVII ғасырлар); 

7 - 


сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар); 

8 - 


сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы); 

9  - 


сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге 

дейін).  



«

Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  жаңа  оқу  бағдарламасына  сәйкес 

2017-

2018  оқу  жылынан  бастап  5-  сыныпта  «Қазақстан  тарихынан 

әңгімелер»  оқытылмайды.  Бұл  бастауыш  мектептегі  «Дүниетану»  пәнінің 

жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  Қазақстан  тарихының  ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі 

маңызды  тарихи  оқиғаларын  зерделеуге  ерекше  назар  аударылғанымен 

байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық 

тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы 

(дүниежүзі  тарихымен  қатар)  оқытылады.  Сонымен,  Қазақстан  тарихы 

және Дүниежүзі тарихы пәндерін жүйелі түрде оқу 5- сыныптан басталады. 

 

Назар аударыңыздар! 

2019-2020 

оқу  жылында  тарих  пәндері  бойынша  5-9  –  сыныптарда 

жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламаларын  енгізу  барысында 

қолданыстағы және жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мазмұнында 

хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын алады.  



 

164 


 

 

42-



кесте – Оқу бағдарламаларын салыстыру 

 

Қолданыстағы бағдарламалар 



Білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар 

5-

сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелер 



5-

сынып – Ежелгі заман тарихы 

6-

сынып – Ежелгі заман тарихы  



6-

сынып – Орта ғасырлар тарихы 

7-

сынып – Орта ғасырлар тарихы  



7-

сынып – Жаңа заман тарихы 

8-

сынып – Жаңа заман тарихы 



8-

сынып – Қазіргі заман тарихы  

(ХХ ғасырдың бірінші жартысы) 

9-

сынып – Қазіргі заман тарихы 



9-

сынып – Қазіргі заман тарихы  

(ХХ  ғасырдың  екінші  жартысы  –  бүгінгі 

күнге дейін ) 



 

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндернің хронологиялық 

кезеңдерінің сәйкестігі мен мазмұнның сабақтастығын сақтау мақсатында 5-

9-

сыныптарда: 

1) 8-



сыныпта 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 7-сыныптың (жаңа 

кезең) жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі;  

2) 9-

сыныпта  2019  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  2021  жылғы  

1  қыркүйекке  дейін  8-9-сыныптардың  (қазіргі  заман  тарихы)  мазмұнын 

қамтитын  жаңартылған  мазмұндағы  өтпелі  кезең  оқу  бағдарламасы 

енгізіледі.  



2019-

2020 оқу жылынан жаңартылған білім беру мазмұны аясында 9-

сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәні енгізіледі. 

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері 

Қазақстан  тарихы  бойынша  жаңартылған  оқу  бағдарламасы  білім 

алушылардың  бойында  тарихи  сана,  қазақстандық  патриотизм,  ұлттық  және 

жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  қалыптастыру,  зерттеушілік,  ойлау, 

коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған. 

«Қазақстан тарихы»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

1)  5- 


сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  

2)  6-


сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 

3)  7-


сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  

4)  8-


сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;  

5)  9-


сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 

5-9-


сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының 

ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  кезеңдегі  әлеуметтік,  мәдени,  саяси, 

экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. 

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын 

анықтау,  оқыту  мазмұнына  сәйкес  материалдарды  саралау,  оқытудың  тиімді 

әдістерін анықтауды қажет етеді.  



Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5,6,7-сыныптарында  «Қазақстан 

тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  негізінде  әзірленген 


 

165 


 

«Өлкетану» материалдарын оқыту: 

білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған 



жер  аумағында  болып  жатқан  тарихи  процестердің  негізгі  кезеңдері  мен 

ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға; 

туған  өлкенің  табиғи  байлықтары,  тарихи  ескерткіштері  және  мәдени 



нысандары туралы білімдерін кеңейту;  

туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір 



мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;  

туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 



сезімдеріне  тәрбиелеу;  оларды  қорғауға  жауапкершіліктерін  арттыруға 

бағытталған. 

Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 

12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының 

базалық  білім  мазмұны  мен  ұзақ  мерзімді  жоспарына  енгізілді.  Оқу 

бағдарламасы  бойынша  тоқсандағы  бөлімдер  мен  бөлім  ішіндегі  тақырыптар 

бойынша  сағат  сандарын  бөлу  мұғалімнің  еркінде  болғандықтан  «Өлкетану» 

материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.  



Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 

Өлкетану  мәдени  және  ұлттық  сәйкестікті  дамыту  мен  сақтаудың 

маңызды  міндетін  орындайды.  Өлкетанулық  білім  жаңа  буынды  аймақтың 

мәдени  құндылықтарымен  қамтамасыз  етіп  отыратын  әлеуметтік-мәдени 

ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 

береді 


5-

сыныпта:  «Өлкенің  тарихи  ескерткіштері»,  «Өңірдің  тарихи  тұлғалары: 

билер,  батырлар,  ақындар»,  «Туған  өлкенің  аңыз-ертегілері»  тақырыптарын 

оқытуда  білім  алушыларды  ата-бабалардың  дәстүрін  құрметтеуге,  келешек 

ұрпақтардың  тәжірибесін  жалғастыруға,  өнегелі  жерлестерінің  өмірін 

замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.  

5-

сыныпта  «Өлкетану  мұражайы  және  тарихи  жәдігерлер»  тақырыбы 



бойынша  тарихи  мұраны  жеткізудегі  жәдігерлердің  рөлін  сипаттау  үшін 

мүмкіндігінше  мұражай  сабақтарын  өткізу  ұсынылады.  Мұражайда  өтетін 

сабақта  білім  алушылардың  оқу  материалдарын  мұражайдағы  бай  қорды 

пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.  

Мұражай  базасында  өткізілген  сабақтар  білімалушылардың  азаматтық 

және  патриоттық  қасиеттерін  қалыптастыруға,  олардың  танымдық 

қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени 

ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді. 

6-

сыныпта:  «Топонимдер  –  өткен  заманның  куәгерлері»,  Мәдени-тарихи 



дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі 

кездегі  куәгерлері»  тақырыптары  берілген.  Өлкедегі  жер-су  атауларының 

тарихын,  ұлттық  қолданбалы  өнері  мен  қолөнерді,  қазіргі  кездегі  өлкедегі 

атақты  тұлғалардың  ерлік  істері  мен  еңбегі  туралы  білім  беруде  білім 

алушылардың  өлкенің  негізгі  ерекшеліктерін  анықтауға  және  терең  түсінуіне 

ықпал ету ұсынылады. 



 

166 


 

Осы  сыныпта  білім  алушылар  «Бір  ел-бір  тағдыр»  тақырыбы  арқылы 

аймақтағы  әр  түрлі  ұлттардың  тарихы,  салт-дәстүрімен  танысады.  Бұл 

білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.  

7-

сыныпта:  «Өлкенің  туристік  маршруттары»,  «Туған  жердің  Атымтай 



жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын 

оқытуда  білім  алушыларға  оқу  мазмұнына  сәйкес  материалдарды  анықтау, 

талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады. 

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.  

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


5-

сынып 




6-

сынып 





7-

сынып 





8-

сынып 





9-

сынып 





 

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері 

«Дүниежүзі  тарихы»  пәні  білім  алушылардың  бойында  тарихи  сана, 

толеранттылық,  өз  елі  және  басқа  елдердің  тарихы  мен  мәдениетіне  құрметті 

қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды 

меңгерту  және  зерттеушілік,  ойлау,  коммуникативті  дағдыларды  дамытуға 

бағытталған.  

«Дүниежүзі  тарихы»  пәнінің  білім  мазмұны:  әлеуметтік  қатынастардың 

дамуы,  мәдениеттің  дамуы  мен  өзара  әрекеттестігі,  саяси  жүйелердің  дамуы 

мен  өзара  әрекеттестігі,  экономикалық  қатынастардың  дамуы  бөлімдерін 

қамтиды.  Сондықтан  5-9-сыныптарда  «Дүниежүзі  тарихы»  бойынша  ежелгі 

дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  әлеуметтік,  мәдени,  саяси,  экономикалық 

салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. 

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 

1)  5-


сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  

2)  6-


сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  

3)  7-


сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  

4)  8-


сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 

5)  9-


сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 

 

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.  

 


 

167 


 

Сынып 


Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


5-

сынып 




6-

сынып 





7-

сынып 





8-

сынып 





9-

сынып 





 

 



«Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәндері  бойынша 

оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 

 

Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:  



тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін 

(тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, 

алған  білімі  мен  білігін  оқу  мен  тәжірибелік  міндеттерді  өздігінен  шешумен 

сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;  

тарихи  оқиғаларды,  құбылыстар  мен  процестерді  және  тарихи 



тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және 

баға беру дағдыларын қалыптастыруға; 

тарихи  деректердің  негізінде  тарихи  зерттеу  жүргізу  дағдыларын 



қалыптастыру  мен  дамытуға  (гипотезаларды  ұсыну,  зерттеу  сұрақтарын 

құрастыру,  деректерді  талдау,  әртүрлі  көзқарастарды  салыстыру,  нәтижелер 

мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау); 

қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 



процестерде  бағдарлану  үшін  тарихи  білімдерін  қолдана  білу  дағдыларын 

қалыптастыруға бағытталуы тиіс.  

 

Мұғалімнің  сабаққа  әзірлейтін  тапсырмалары  келесі  критерийлерге 



сәйкес болуы қажет:  

тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;  



дифференциацияны көздеу;  

сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;  



проблемалық оқытуға негізделуі;  

бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.  



Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру 

барысында  мұғалімге  оқушыларды  тапсырманың  критерийлерімен  таныстыру 

ұсынылады.  

 

Тарихты  оқытуда  білім  алушының  оқыған  тарихи  фактілер  мен 



оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны 

«оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады. 

Білім  алушыларда  тарихи  картамен  жұмыстың  негізі  5-сыныптан 

қаланады,  ол  картаның  шартты  белгілерін  қолдана  білуі,  тарихи  және 

географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.  

Мысалы  6-сыныпта  «VI-IX  ғасырлардағы  мемлекеттердің  даму 

ерекшеліктерін  түсіндіріп,  олардың  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын 

анықтау»  атты  оқу  мақсаты  бойынша  мұғалім  білім  алушыларға  тарихи 



 

168 


 

картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың 

бойында  уақыт  пен  кеңістікте  бағдарлану  дағдыларының  дамуына  септігін 

тигізеді.  Сондықтан  білім  алушының  алған  тарихи  білімін  кеңістікте 

бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. 

Бұл  тарихи  оқиғаларды,  олардың  өзгерісі  мен  даму  жағдайын  картада 

белгілеуге  берілетін  тапсырмалардан  көрінеді.  Білім  алушылардың  жас 

ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар 

жасауға тапсырмалар беру ұсынылады. 

7-9-


сыныптарда  тарихи  картаның  мазмұнын  талдауды  қажет  ететін 

тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады. 

9-

сыныпта  тарихты  оқыту  білім  алушылардың  қазіргі  заман  тарихының 



маңызды  процестеріне,  құбылыстарға,  оқиғаларға  және  ұғымдарға  баса  назар 

аударуға,  тарихи  оқиғаларды,  талдау,  салыстыру,  көрнекті  тарихи  тұлғалар 

қызметін  бағалау,  алған  білімі  негізінде  өз  ойын  дәлелдеу  дағдыларын 

қалыптастыруға бағытталған.  

Білім  алушыларды  оқытылатын  кезеңдегі  ғылым  мен  мәдениеттің 

көрнекті  өкілдері  мен  саяси  жетекшілердің  қызметіне,  тарихи  оқиғаларға 

салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.  

Мысалы,  «Қ.Сатбаев  –  жан-жақты  ғалым»  тақырыбы  бойынша  оқытуда 

білім  алушыларды  Қаныш  Сәтбаевтың  Қазақстан  өнеркәсібін  дамытудағы 

қызметіне  талдау  жасауға  және  ғылымды  дамытудағы  рөліне  баға  беруге 

бағыттау ұсынылады.  

«Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысы  шайқастарына  қатысуы» 

тақырыбы  бойынша  білім  беруде  қазақстандықтардың  Екінші  дүниежүзілік 

соғысының  жеңісіне  қосқан  үлесіне  баға  беруде  2019  жылы  мерейтойлық 

күндері  атап  өтілетін  Н.Әбдіров,  С.Баймағамбетов,  Т.Тоқтаров,  Леонид 

Беданың  ерлігіне  қосымша  материалдар  негізінде  талдау  жасауға  бағыттау 

ұсынылады.  Сонымен  қатар,  Бауыржан  Момышұлының  батырлық,  тұлғалық 

қасиетін айқындау бойынша тапсырма беру ұсынылады. 

 

Тарихты  оқытуда  тарихи  концепт  бойынша  берілетін  тапсырмаларды 



оқушылардың  тарапынан  тек  қана  себеп  пен  салдарларды  анықтаумен  қатар, 

бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі 

бойынша),  түрлі  себептер  арасында  өзара  байланысты  анықтау  және  оларды 

маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады. 

 

Тарихи  деректердің  интерпетациясы  бойынша  тапсырмалар  әзірлеуде 



оқушылардың  тарихи  дерекпен  жұмыс  істеуі  олардың  жас  ерекшеліктері  мен 

танымдық  мүмкіндіктерін,  дайындық  деңгейін  ескере  отырып  біртіндеп 

күрделендіру  ұсынылады.  Тарихты  оқытуда  түрлі  тарихи  деректерді,  аудио 

және бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.  



Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 

сенімді,  жауапты,  талдау  жасай  алуға  бағыттайтын  оқытудың  түрлі 

формалары ұсынылады: 

мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы  білім 



алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 

білім  алушыларды  зерттеу  және  зерттеушілік  жұмыстарын  жүргізуге 



 

169 


 

негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;  

білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;  



білім  алушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  деңгейлік 

тапсырмалар құрастыру;  

білім  алушылардың  жеке,  жұптық,  топтық  және  тұтас  сыныптық 



жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану; 

-  


оқу  процесінде  тарихи  құжаттардың  фрагменттерін  талдау,  ақпарат 

жинақтау  және  қорытынды  жасау,  себеп-салдарлық  байланыстарды  орнатуды 

және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану; 

-  


сабақта  білім  алушының  біліміндегі  кемшіліктерді  уақытында 

анықтауға  мүмкіндік  беретін  кері  байланысты  ұйымдастырудың  әр  түрлі 

әдістерін қолдану.  

 

Тарихи  тұлғаға  сипаттама  бергенде  мынадай  арнайы  жадынаманы 



қолдану ұсынылады: 

тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу; 



тұлғалық белгілерін сипаттау; 

-  

өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау; 



тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.  

Бұл  тарихи  тұлғалардың  іске  асырған  ерекше  әрекеттерінің  білім 

алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. 

Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың 

құқығы  мен  бостандығын  құрметтейтін  және  қабылдайтын,  Отанының 

дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Болашаққа 

бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл 

атқарады.   

Білім  алушылардың  тарихи  білімін  тәжірибеде  нақтылау  мақсатында 

мүмкіндігінше  мұражайларға,  тарихи  ескерткіш  орнатылған  немесе  тарихи-

археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.  



«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сайттар: 

http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz



http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/



.  

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:    

http://www.world-history.ru

http://historic.ru



http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



 

Тәрбиелік компонент 

Пән  мазмұны  біздің  ата-бабаларымыздың  бірегей  мәдениетін, 

Қазақстанның  әлемдік  тарихтағы  орны  мен  рөлін,  оның  әлемдік  өркениетке 

қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді. 

«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  

1. 


Ұшқыш-шабуылдаушы,  Кеңес  Одағының  Батыры  Нүркен  Әбдірұлы 

Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз); 

2. 

Мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Тұрар  Рысқұловтың  туғанына  125 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет