Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері


Батыс Қазақстан өңірінің тарихы пәнінен емтихан сұрақтары



бет14/15
Дата09.06.2020
өлшемі318,5 Kb.
#63300
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
3.4 Батыс Қазақстан өңірінің тарихы пәнінен емтихан сұрақтары

  1. «Ішкі Қазақ Ордасындағы аңшылық», «Қазақтың қазақ туралы жазбалары» атты мақалалардың авторы?

  2. Салық Бабажанов әлі күнге дейін Санкт-Петербург Эрмитажында сақталған “Тас қатынның” мүсінін қашан тапты?

  3. “Билеушілер мен заңдар бейнесі” деген Левшиннің мақаласы еңбектің қай бөлімінде қарастырылады?

  4. Арал-Каспий аймағында таралған дәстүрлі нышандағы көп бөлікті құлыптастарды ата?

  5. Е.И.Пугачев пен Устинья Кузнецова қай шіркеуде некелерін қиды?

  6. XIX ғасырдың 80-жылдарында тұрғызылған – Орал қолөнер мектебінің орнында қазір қандай мекеме орналасқан?

  7. 1837 жылы 16 маусымда тұрғызылған православты шіркеу?

  8. Өлке тарихының түрлі мәселелері бойынша көп көлемді мәлімет беретін кітапхананың бөлімі?

  9. 1932ж. Орал облыстық мемлекеттік архивте қанша құжат сақталынды?

  10. Қазіргі кезде өлкеде қанша аудандық, қанша қалалық газеттер жарық көруде?

  11. «Кіші жүздегі ұлт – азаттық қозғалыстарының зерттелу тарихы» атты еңбекті жазған тарихшы - ғалым?

  12. Ақжайық өңірінен табылған ескерткіштерді алғаш белгілеу, жазып алу қай кезде жүзеге асты?

  13. П.С. Рыков Орал облысының солтүстігінде және солтүстік-батысындағы ескерткіштерін неше мәдениетке бөліп қарастырады?

  14. Қола дәуірін П.С. Рыков неше археологиялық кезеңге бөліп қарастырады?

  15. П.С. Рыков шұңқырдың түріне, оның жабылуына, жабдықтардың сипатына қарай соңғы көшпенділердің қорғандарын неше дербес топқа бөліп қарастырды?

  16. Қашан облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері анкета-сұрақ әдісі арқылы 600-ден астам қорғанды сипаттады?

  17. 1768-74 жж. П.С. Паллас бастаған экспедиция қай аймақтарды зерттеді?

  18. Ноғай Ордасының Алтын Ордадан бөлінуі кімнің тұсында басталды?

  19. Бөкей (Ішкі) Ордасының Қазақстанда орналасқан аумағы?

  20. 1841 жылы Жәңгір хан билік құрған кезенде ашылған қазақ-орыс мектебінде сабақ жүргізілген, оқытқан тілді атаңыз.

  21. Исатай бастаған көтеріліс қай жердегі шайқаста толығымен жеңілді?

  22. Қазақстанның Ресейге қосылуынның басталған жылы?

  23. Саяси репрессия жылдарында біздің облысымызда қанша адам сталиндік тоталитаризм құрбаны болды?

  24. Репрессия жылдарында ұлтшылдар қатарына қосылған Ордалық, Қазақ автономиялық Республикасының ең алғашқы орталық атқару комитетінің төрағасы?

  25. Қашан Жаңақала ауданында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға қарсы көтеріліс болды?

  26. М.Раскованың басшылығымен Москвадан Браденбургке дейінгі шайқастарға қатысқан әскери ұшқыш қыз?

  27. Тікелей Сталинград майданының жақын тылына айналған Батыс Қазақстандық аудандар?

  28. С. Бабажановқа «аса қабілетті, тамаша білімді адам»-деп баға берген кім?

  29. Левшиннің “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ Ордасы мен өлкесіне сипаттама” атты еңбегінің үшінші – тарих бөліміндегі тарихи оқиғалардың шеңбері?

  30. Далалық Жайық Өңірінің ескерткіштері неше жергілікті топқа бөлінеді?

  31. 1980 жылғы “Республика Мәдени министрлігі “Казпроектреставрация” институтының Орал архитектура экспедициясының жетекшісі кім болды?

  32. Қай жылы архангель Михайл атындағы собор толықтай сыйынушылардың орнына айналды?

  33. XIX ғасырдың 60-шы жылдарының басында салынған атаман саяжайының орны қазір

  34. Қазіргі кезде архивтің 1800 қорында қанша іс жинақталған?

  35. Қазір Батыс Қазақстан облысының архиві қанша аудандық архивке ғылыми - әдістемелік басшылық жасайды?

  36. «Газет – біздің бастаушымыз, газет – біздің күрес қарауымыз» - деген ұранмен өзінің алғашқы данасын шығарған басылым?

  37. «Уральские войсковое ведомости» атты апталық газеттің редакторы?

  38. Ақжайық өңірінің мәдени ескерткіштерінің зерттелу тарихының екінші кезеңі?

  39. Қазақстанда “Қырғыз өлкесін зерттеу ” қоғамы қашан құрылды?

  40. Жеке кездесетін қорған топтары бұл далада көне заманда адамдардың тығыз қоныстанғандығын дәлелдейді”-деген қорытындыға келген кім?

  41. “Қазақ ССР-ның мәдениет және тарих ескерткіштерін қорғау туралы” заң қабылданды?

  42. 1968ж. Шалқар көлінің шығыс жағалауын барлаған археолог?

  43. 1971ж. Орал облысының неше ауданының территориясындағы ескерткіштерге тіркеу және барлау жүргізілді?

  44. Қола дәуірінің ерте кезеңін П.С. Рыков қандай мәдениетпен байланыстырады?

  45. XIV-XVғғ. Еділ мен Жайық аралығындағы бірлескен тайпалар одағы қалай аталды?

  46. Кіші жүзді Ресейдің қарамағына қарату туралы Анна Иоанованың грамотаға қол қоюы болған жыл?

  47. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші?

  48. Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай?

  49. 1824 жылы қайда хандық билік жойылды?

  50. 1930-32 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Төменгі Еділ және Орта Еділ өлкесіне, Түркменстанға қанша шаруашылық көшіп кеткен?

  51. Сталинград шайқасында ерлікпен шайқасқан жымпитылық мерген қыз?

  52. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап 1942 жылдың аяғына дейін елдің қорғаныс қорына Батыс Қазақстан облысы еңбекшілерінен келіп түскен қаржылай көмек?

  53. Азамат соғысы кезінен есімі бүкіл елімізге белгілі болған, ҰОС жылдарында Москваны ерлікпен қорғаған Батыс Қазақстандық?

  54. 1960жылға қарай Батыс Қазақстанның егістік жер көлемі?

  55. С. Бабажановтың жер мәселесіндегі үлкен қайшылық – Бөкей Ордасы халқы мен Орал-Жайық казактарымен алауыздықты сипаттаған мақаласы?

  56. 1998 жылы Батыс Қазақстанды кең ауқымда этномәдени тұрғыдан зерттеуге шыққан экспедицияға кім жетекшілік етті?

  57. Столыпин бульварындағы (қазіргі Некрасова көшесіндегі) ротондада 1867 жылы казактар кімнің бюстын орналастырған?

  58. XX ғасыр басына дейін өмір сүрген Орал Казак әскерінің ғасырлық мұрағаты қайда орналасқан?

  59. Басылым түріне қарай библиографиялық көрсеткіштер нешеге бөлінеді?

  60. И.Я. Биск мерзімді басылымдарды неше топқа бөліп қарастырды?

  61. Қашан Орал губерниясының атқару комитеті архив бюросын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады?

  62. Елеусін Бұйрин қай басылымның редакторы болды?

  63. «Ішкі Ордалықты басқарушы облыстық кіндік комитетінің хабары» деген атпен Ордадағы екі тілдегі кеңестік газет қашан жарық көрді?

  64. Орал казактарының тұрмыс – жағдайын сипаттап, олардың мүдделерін көздеген басылым?

  65. 1888ж. жарық көрген «Дала уалаяты» газетінің негізгі идеясын жалғастырған басылым атауы?

  66. Саратов Мемлекеттік университеті, КСРО Ғылым Академиясының ұйымдастырған экспедициясының Жайық өңірінің ескерткіштерін зерттеумен айналысуы қай кезеңге сәйкес келеді?

  67. Бөкей Ордасында, төменгі өзенде 22 қорғанды қазған кім?

  68. Қола дәуірінің ерте кезеңін П.С. Рыков қандай мәдениетпен байланыстырады?

  69. 1968-1985жж. Орал облысында қанша қорған қазылды?

  70. “Ресей мемлекеттін мекендеген барлық халықтарды сипаттау” еңбегінің авторы?

  71. 108. 1768-1774 ж.ж. Петербург ҒА-ның экспедициясын басқарып, теменгі Еділ бойына, Каспий маңы ойпатына, Орталық және Оңтүстік Оралға, Алтайға, Байкалға, Байкал сыртына саяхат жасағани кім?

  72. Батыс қыпшақ бірлестігінің ораталығы?

  73. Ш.Уәлихановтың Кіші жүздің қалыптасуы жөнінде еңбегі?

  74. Хандық биліктің бірінші кезеңі?

  75. Ноғай Ордасының астанасы?

  76. Ноғай Ордасында мұрагерлік, әскери дипломатиялық, әкімшілік билік кімнің қолында болды?

  77. Ноғай Ордасы бірнеше жеке ордаларға ыдырады. Ноғай Ордасының халқының бір бөлігі Қазақстан жеріндегі территориялардың қайсысының құрамына кірді?

  78. Кіші жүздің рулары?

  79. Кіші жүздің мекендеген жері?

  80. Батыс Алаш Орданың төрағасы?

  81. Казревком “Алашорданың Батыс бөлімін тарату туралы” қаулысын қашан қабылдады?

  82. С. Бабажановтың Орал казактарының жергілікті халыққа жасап отырған қиянатын, өктемдігін батыл сынаған мақаласы?

  83. Ш.Уәлиханов “Қазақ халқының Геродоты” – деп кімді атаған?

  84. Не себептен Левшин еңбегінде Ұлы жүз қазақтары туралы мәліметтер аз кездеседі?

  85. Далалық Жайық өңірінің архитектура ескерткіштерін мақсатты түрде зерттеу қай жылдан басталды?

  86. Михайл-Архангель соборы қашан салынған?

  87. Татар слободасында Қызыл мешіт қашан тұрғызылды?

  88. XX ғасыр басында бұзылған қалалықтардың сүйікті демалатын орны?

  89. Атырау архивінің қарауына қанша құжат берілді?

  90. 1866 жылдың 1 қаңтарында Орал қаласында қандай басылым жарық көрді?

  91. Орал өңірінде нағыз халықтық – демократиялық нышандағы басылым қалай аталады?

  92. «Қазақстан» газетінің тұсауы қашан кесілді?

  93. Тарихи материалдарды өңдеу, құжаттау шеберлігі мен дағдылардың меңгертуді көздейтін факультативті курстың формасы?

  94. КСРО Ғылым Академиясының археология институтының және Орал педагогикалық институтының ұйымдастырған экспедициялары тарих және мәдениет ескеркіштерін зерттеумен айналысуы қай кезеңге сәйкес келеді?

  95. “Орынбор тарихы”, “Орынбор топографиясы” еңбектерінің авторы?

  96. Кеңес үкіметінің алғашқы он жылдығында жүргізілген Орал облысының ескеркіштерін зерттеуде қол жеткізген ірі ғылыми жетістігі?

  97. Кіші жүз қазақтары жөніндегі бағалы шығармасы 1815-1825жж. аралығында орыс тілінде жарық көрген этнограф?

  98. “Ішкі Орда қырғыздары” еңбегінің авторы?

  99. Ішкі Ордадан шыққан белгілі этнограф?

  100. М. Бабажанов өліміне қайғырып шығарған Дәулеткерей Шығайұлының шерлі күйі?

  101. Ш.Уәлиханов қандай халықтарды "екі туысқан Орда" деп атаған?

  102. Ноғай халқының қалыптасуы қашан аяқталды?

  103. "Ноғай" атауы қашан пайда болды?

  104. Махамбет Өтемісұлы көтерілістің жеңілу себептерін қандай өлеңдерінде жырлайды?

  105. Арынғазы сұлтан бастаған қозғалыстың кезеңі?

  106. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің бірінші кезеңі?

  107. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің екінші кезеңі?

  108. 1918 жылғы мамыр айының 18-21 аралығында Жымпитыда Орал өңірі қазақтарының нешінші съезі өтті?

  109. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға қарсы көтеріліс Батыс Қазақстанның қай аймағын қамтыды?



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет