Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Келесі пікірлер қате болып табылады және жиі психикалық науқастар стигматизациясына себеп болады



бет18/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Келесі пікірлер қате болып табылады және жиі психикалық науқастар стигматизациясына себеп болады.
• Барлық психикалық аурулар тұқым қуалайды созылмалы және сауықпайды;
• Кез-келген психикалық бұзылыс әлеуметтік қауіпті әрекеттермен бірге жүреді (адам өлтіру өзіне-өзі қол жұмсау агрессивтілік);
• Психикалық науқастардың жүріс-тұрыстарын алдын-ала болжау мүмкін емес олар айтқанға көнбейді және басқаруға келмейді;
• Психикалық ауру адамды дәрменсіз етеді және өзін-өзі күтуге қабілетсіздікке алып келеді; Психикалық науқастың ата-анасы оған патологиялық гендерді бергендері үшін немесе дұрыс тәрбиелемегендері үшін кінәлі.
Қоғамда психиатриялық көмекке және психиатриялық диагноздарды төзімді атмосфераны ұстанған балағаттау ар ретінде («шизофреник» «алкоголик» «идиот») және де кемсітулік сөздерді («психушка» «жындыхана») қолдануға жол маңызды сыйлы берілмеуі керек.
Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігі кез-келген медицина қызметкеріне түсінікті. Дегенмен психиатрияда дәрігерлік құпия дәрігер аса интимді мазмұндағы факттар жөнінде мәлімет алғанда аса маңызды. Психиатрда емделу жөніндегі ақпараттың ашылуы айналадағылардың пациентке деген көзқарасын едәуір өзгертеді. Автономдылықты ұстану принципі дәрігердің пациенттің кейбір жеке мәліметтерін тек бөгде амдардан ғана емес пациенттің туыстары мен жолдастарынан да құпияда сақтауы керек екенін білдіреді. Ем жөнінде туыстарының науқастың өзінен артық ақпараттылығына жол берілмеуі керек.
2.5 Психикалық патологияның теориялық негіздері, этологиясы мен патогенезі


Психикалық патологияның теориялық негіздері
Психикалық бұзылыстардың табиғаты көп ғасырлар бойы жұмбақ болып қалды. ХХ ғасырда бас миына арналған ғылымдарда революция болды деп айтуға болады. Диагностика емдеу мен болжамның жаңа тәсілдерін жасап шығару үшін генетиканың физиологияның (шартты рефлекстер теориясы мидың функциональды жүйесінің теориясы мидағы электрлік үрдістерді зерттеу), нейрохимияның (жүйке жүйесінің синапстарын және нейрогормондарды зерттеу). Вирусология және иммунологияның (серологиялық диагностика аутоиммунды үрдістер) дамуы маңызды орын алды Халықаралық бірлестіктің дамуы психикалық ауруларды зерттеудің эпидемиологиялық әдісін қолдануға мүмкіндік берді. ХХІ ғасырдың басында да психикалық ауруларға қатысты мәселелердің басым көпшілігі ашылмай қалды, дегенмен ғылым психиатрияға деген мистикалық көзқарастан босауға ықпалын тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет