Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Психикалық патология пайда болуының қауіп факторлары



бет21/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Психикалық патология пайда болуының қауіп факторлары


Науқастың жасы психикалық аурудың көрінісі мен оның ағымына едәуір әсерін тигізеді. Барлық авторлар дерлік балалық,жасөспірімдік және онымен тығыз байланыстағы пубертатты кезеңді,балғындық пен ересектік сатыларын, инволюциялық кезеңді(әйелдердегі климакс сәйкес келеді),егде жас және кәрілікті ажыратады.Нәрестеліктен балалыққа балалықтан жастық шаққа жастықтан ересектікке ересектіктен кәрілікке ауысу фазаларын көптеген авторлар критикалық жас кезеңдері деп суреттеген. Көптеген эндогенді аурулардың манифестациясы белгілі бір жас кезеңіне сәйкес келеді (мысалы, генуинді эпилепсия дебюті балалық немесе жасөспірімдік шаққа, шизофрения және МДП жастық (балғын)немесе ерте жетілу кезеңінде пайда болады және т.с.с.). Жас ауру керімсіне едәуір модифицирлеуші әсерін көрсетеді (мысалы шизофренияның ерте балалық шақта және жасөспірімдік шақта басталуы қатерлі ағымын білдіреді). Науқастың жынысы тeк кейбір жағдайларда дертке модифицирлеуші әсер көрсетеді.Психикалық аурулардың басым көпшілігі әйелдер мен ерлерде бірдей жиілікте кездеседі. Дегенмен олигофрения және балалық шақтағы дамудың патологиялық варианттары жиі ұлдарда байқалады. Альцгеймер ауруының типті пресенильді варианттары 5-8 ретке жиі әйелдерде кездеседі. Монополярлы депрессия ұстамалары әйелдерге көбірек тән (2-3 ретке жиі) жыныс қақтығыстар кезінде өседі. Жыныс бойынша айырмашылықты әрқашан ерекше гормональды конституциямен түсіндіру мүмкін болмайды. Көптеген аурулар адам жынысымен ассоцирленетін әлеуметтік рөлге байланысты. Әлеуметтік факторлар да жиі психологиялық жайсыздықтарға жағдай туындатады.Реактивті депрессиялар мүмкіндігі әлеуметтік қақтығыстар кезінде өседі. Дегенмен қауіп факторларына тек тұрмыс қиыншылықтарын ғана жатқызған дұрыс болмайды. Мысалы, Ұлы Отан соғысы кезеңінде неврозбен және психосоматикалық аурулармен науқастар саны күрт қысқарған; керісінше соңғы жылдарда психикалық бұзылыстардың жиілеуі ауқатты жанұяларда бақыланып отыр. Мәдени факторларды әр елдегі аурулардың таралу жиілігін салыстырғанда қолданамыз. Салт-дәстүрлер, сенімдер аурулардың симптомдарына жиі әсерін тигізеді. ДДҰ-ң басшылығымен жүргізілген халықаралық зерттеулер шизофренияның симптомдары мен ағымы әр елде әртүрлі болатынын көрсетті. Европа мен Солтүстік Америкада жиі жүйеленген сандырақтық психоздар бақыланады, ал Африка мен Азияда шизофрения жиі есту және көру галлюцинацияларымен көрініс береді. Қоғамдағы кең тараған сенім түріне байланысты белгілі бір мәдени ортада ғана кездесетін синдромдар тізімі бар. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азияның ерлерінде ғана кездесетін жедел психоз - амок. Оның симптомдары: кенеттен тежеусіз қозу, агрессияға, адам өлтіруге немесе өзіне қол жұмсауға бейімділік, психоз аяқталған соң толық амнезия. Ресейдің кейбір Солтүстік аймақтарында әйелдер арасында икотка (ықылық) деп аталатын ауру эпидемиясы көрініс берген. Ол ықылық немесе тамақта шаш тұрғандай сезім көз тиюден деген сеніммен, және кінәліден өшін алуға тырысумен көрініс берген. Климаттық және метеорологиялық факторлар кейбір науқастарда ауруының ауырлауына, оның өршуіне ықпал етуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:



  1. Ежелгі кезеңдегі психикалық аурулар туралы жазбалар?

  2. Орта ғасылардағы психикалық ауруларды емдеу орындары?

  3. XVІІ ғасырда дәрігерлер қалай бөлінді?

  4. Психиатриялык көмекті ұйымдастырудағы шешуші өзгеріс?

  5. Европадағы психиатрияның дамуының ерекшелігі?

  6. Ресейдегі психиатрияның дамуы?

  7. Қазақ жеріндегі психиатрияның дамуы?

  8. ҚР-да психиатриялық көмектің ұйымдастырылуы?

  9. ҚР-да психиатриялық көмек түрлері?

  10. Психиатриялық сараптама және оның түрлері?

  11. Психиатрияның этикалық аспекттері?

  12. Психикалық бұзылыстардың этологиясы мен патогенезі?

  13. Психикалық бұзылыстар патоморфологиясы?

  14. Психикалық бұзылыстар биохимиясы?

  15. Психикалық патологии пайда болуының қауіп факторлары?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет