Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Кесте 25 - Сананың бұлыңғыр алжасуы мен аменцияның салыстырмалы мінездемесі



бет69/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Кесте 25 - Сананың бұлыңғыр алжасуы мен аменцияның салыстырмалы мінездемесі



Клиникалық
белгілер



Сананың бұлыңғыр
алжасуы

Аменция

Басталуы

Пароксизм ретінде

Біртіндеп дамуы

Этиология

Органикалық
зақымдалу



Соматикалық және
жұқпалы аурулар

Клиникалық
көріністер



Галлюцинаторлы-
сандырақтық
бұзылулар орын алуы
мүмкін

Продуктивті
бұзылыстардың
байланыссыз түрі

Қимыл-
қозғалыстар



Агрессивті
қозғалыстар



Мақсатсыз қимыл-
қозғалыстар

Эмоция

Аффекивті күшею

Абыржушылық



Қозу

Мақсатты түрінде
көрінуге мүмкін

Төсек орында қозу
жағдайы

Ес

Амнезия

Амнезия

4.7 Бас мидың органикалық зақымдану синдромдары



Психоорганикалық синдром
Психоорганикалық синдром – естің, интеллектің және аффективтік лабильділіктің төмендеуімен жүретін симптомо- комплекс. Психоорганикалық синдромға тән бұзылыстар әр-түрлі дәрежеде айқындалады. Бұзылыстар жеңіл болса, онда тұлға дәрежесінің органикалық төмендеуі жайлы, ал егер ауыр болса, онда «органикалық деменция» термині туралы айтуға болады.
Психоорганикалық синдром кезінде естің негізгі үш бөліміне белгілі дәрежеде әсерін тигізеді: еске бекіту, ретенция (қабылданған ақпаратты қалдыру), репродукция (сақталған ақпаратты еске түсіру). Бір жағдайда дисмнестикалық бұзылыстар басым болса, келесі де амнестикалық бұзылыстар басым болады. Амнестикалық бұзылыстарда бірінші қатарда фиксациялық және (немесе) үдемелі амнезиядан тұрады. Естің бұзылысы кезінде, әсіресе амнезиялық түрінде, көбінесе өткен өмірінің оқиғалары бейнелі еске түсірулермен бірге жүреді, кейде конфабуляциялар кездеседі.
Психоорганикалық синдром қоршаған ортаны қабылдаудың
бұзылумен, яғни төмендеуімен немесе белгілі бір оқиғаны толықтай қамти алмаумен түсіндіріледі. Назар көлемі шектеледі, әсіресе пассивтік – пайда болған тітіркендіргішке автоматикалық реакция туады. Естің, қабылдаудың және зейіннің бұзылстары алғашында қоршаған ортаға, үдегенде жеке басына бағдардың нашарлауымен тығыз байланысты. Интелектуалдық қызметтің түрлі жақтары біркелкі емес жойылады. Бірінші кезекте кейіннен игерілген дағдылар жойылады, ал бұрыннан қабылданған дағдылар ұзаққа сақталады және кейде сау адамдардың дағдыларынан артық болады. Интелектуальдық қызметінің бұзылысын дәлелдейтін пікірдің деңгейінің (қабылданған ақпаратты түсіну, әр-түрлі алтернативаларды салыстыру және нақты қызмет жоспарын құру) және ой қорытындысының (сыртқы және ішкі
ортаның жеке объектілерінің арасында қарым-қатынастарының және байланыстарының орнауы) төмендеуі. Интеллекттің төмендеуінің ерте белгілерінің бірі болып, өз-өзін және қоршаған ортаны бағалауындағы сын мүмкіншіліктерінің бұзылыстары деп саналады. Аффективтік реакциялар тұрақты емес, минут сайын өзгеретін, тез көрініс береді (аффекті ұстай алмау, аффективтік лабильділік), әдетте ұзақ болмайды және тез аяқталады. Аффектің ауысуы не спонтанды, не сыртқы ортаның әсерінен болуы мүмкін. Науқастың аффектісі жүргізіліп отырған әңгіменің сарынына байланысты, жеңіл және көп еселі ауысып тұрады. Аффективтік лабильділік науқастардың әрекетін өзіне жеңіл бағындырады, ал бір мезгілде сынның төмендеуі заңға қайшы әрекеттерді тудыруы мүмкін. Қызығушылық шеңберінің шектелуі, күрделі жағдайларды ойлай алмау, көріністердің азаюы, сезімтал эмоциялардың бұзылуы (әдеттілік, қарыздық сезімі және т.б.) шақырған, науқастарда эмоционалды немқұрайлығы, дәл қазіргі аффектісіне және
қызығушылығына қатысы болмайды. Бұзылған аффективтілік және сын мүмкіншіліктердің төмендеуі не жоғарғы сенушілікпен, не шектен тыс қырсықтықпен бірігіп келеді немесе қатарынан кездеседі. Әдетте психикалық процесстердің қарқындығы белгілі мөлшерде баяулаған. Сөз қор азаяды, сөйлеу кезінде көмекші сөздерді, сөз жиындарын (шаблондарын) жиі қолданады. Белгілі бір ойларда жеңіл бөгеліп қалады, бір ойдан екінші ойға ауысуы қиындаған, әңгімеде өзектілікті айқындай алмайды, мәнсіз ойларда бөгеледі. Дизартрия және персеверация жиі кездеседі. Психоорганикалық синдромның дамуының бастапқы, сонымен қатар оның әлсіз көрсетілген сипаты кезінде, көп жағдайда науқасқа тән үшкір мінез ерекшеліктерінің, дара жағдайда, психопатия тәрізді бұзылыстар айқындалады. Психоорганикалық синдромның айқындалуы кезінде мінезінің өзіне тән ерекшеліктерінің, толық жойылуға дейін баратын нивелеровкасы болады. Жеке тұлға сөнуі (нивелировкасы) кейбір сырқаттарда (өршімелі салдану, Пик ауруы) бастапқы кезінен байқалады, бұл осы аурудың ауырлығын
дәлелдейді. Психоорганикалық синдром кезінде науқаста бас ауру, бастағы
қысым сезімі, бас айналу, ыстықты, атмосфералық қысымның өзгермелі жағдайын ауыр бастан кешіруі байқалады, сонымен қатар оның әртүрлі неврологиялық симптомның болуы мүмкін. Психоорганикалық синдром науқастарында экзогендік реакция түрлерінің көп жағдайда интеркуренттік аурулардың және түрлі интоксикациялардың, кейбір жағдайларда терапия, сонымен қатар психотропты заттардың әсерінен пайда болуы құптарлық жайт. Салыстырмалы түрде көбінесе, түнгі уақытта делирий пайда болады,
бұған қарағанда сананың бұлыңғыр алжасуы сирек кездеседі. Психоорганикалық синдромның даму себептері әр қилы: бас-ми тамырларының аурулары, бас-ми жарақаты, интоксикация (алкоголь,
нашақорлық заттар, қорғасын және тағы басқа ауыр металдар, иісті газ), энцефалиттер, зат алмасудың созылмалы бұзылысы, орта жүйке жүйесінің мерез (сифилитикалық) сырқаты, бас-ми сырқатымен абцесстер, қартаю алды және қартайған жастағы атрофиялық процесстер, сонымен қатар эпилепсия және эпилептиформалық синдромның белгілері бар барлық аурулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет