Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Психиканың негативтік бұзылыстары



бет75/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Психиканың негативтік бұзылыстары
Психикалық дефект ұғымы кемақылдылық ұғымына қарағанда кең мағынада қолданылады.
Оған тек интеллектулдық жетіспеушілік қана емес, сонымен, қатар зақым келтіру, эмоционалдық – ерік дәрежесінің бұрмалануы кіреді. Психикалық дефект айқындылығының дәрежесі кең мағынада көрінуі мүмкін.


Туа пайда болған психикалық дефект (олигофрения)
Тұрақты, аз қайтымды психикалық деңгейдің дамымауы, алдымен интеллектуалдық қызметтің бұзылуы, бас миының үш жасқа дейінгі туа немесе жүре пайда болған органикалық патологиясымен байланысты. Интеллектің жетіспеушілігі эмоционалдік-ерік сферасының, сөйлеудің, моторика және өзіндік бүтіндіктің дамымауымен көрінеді. Көріну дәрежесіне байланысты олигофрения синдром ретінде бұрынынан дебилдік, имбецилдік, идиотия деп бөлінеді.
Дебилдік
Олигофренияның жеңіл дәрежесі. Алдымен абстрактылы- логикалық ойлау бұзылады. Сезімдік білімнен рациондыға, нақтылы жалпылаудан абстрактіліге өту қиындайды. Сана-сезімнің дамуы
және сапасы: кеңдігі, тереңдігі, өзіндігі, анықтығы, логикалығы, сынау төмен болады. Егер жақсы мән берсе және механикалық ес сақталса, науқаста жеткілікті білім деңгейі жиналады, оқу дағдысы, жазу, санау дағдылары болады, жеңіл жұмыстарды атқара алады. Сөз қоры және білім мөлшері жас деңгейіне сәйкес келмейді.
Имбецилдік
Олигофренияның айқын дәрежесі. Абстрактылық ойлау қиындайды, нақты-образды сферада қиындаумен көрінеді. Логикалық ойлау мүмкін емес. Заттар және жағдай арасындағы айырмашылық нақтылы жағдайда болса ғана жүзеге асырылады. Бағалай алмайды, оның көбі қарапайым еліктеушілік нәтижесі болады. Интеллект
айқын бұзылады, кейбіреулерінде механикалық ес қанағаттанарлық
болады. Қарапайым ауызша сөйлеу сақталады, бірақ сөзқоры төмендеген болады. Сөйлегенде аграмматизм, сөйлеу дефектісі көрінеді. Өзін-өзін қамтамасыз ете алады.
Идиотия
Олигофренияның терең дәрежесі. Сана-сезімнің мүлдем болмауымен көрінеді. Сонда сезім мөлшері төмендейді, ол
физиологиялық қажеттіліктермен шектеледі. Сезгіштігі сақталады, бірақ, қабылдау көңіл бөлмеуге байланысты және ойлау операцияларын орындау алмауға байланысты толық емес. Сөйлеу және ұғыну шектелген. Науқаспен сөйлескенде интонацияны ұғады. Науқастар вегетативтік түрде өмір сүреді, өз-өзін қамтамасыз ете алмайды. Дебилділік, имбецилділік және идиотия әр түрлі ауруларда кездеседі. Ол генетикалық патология (хромосомдық, моногенді тұқым қуалаумен бейімделген) болуы мүмкін. Ол құрсақ ішілік
гипоксия, жарақат, инефкция,анасының интоксикациясы кезінде бас-ми зақымдалуында байқалады. Олигофренияға перинаталдық патология (босану асфиксиясы, жарақат, инфекция) әкелуі мүмкін, сонымен қатар постнаталды зияндылықтар, үш жасқа дейін миға әсер етсе (менингит, энцефалит, интоксикация, жарақат) кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет