Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды



бет53/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Оның алты ұлы, үш қызы бар еді. Жәңгірдің төрт ұлы Ресей императорының ақшалай жәрдемін алып тұрды. Бәрі де Императорлық паж корпусында арнаулы курстарда оқып, сол заманға сай білім алып шықты.

Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Еділ мен Жайық арасына хан тағайындау тоқтатылды. Патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылдық басқару жүйесіне енгізу саясатын жүргізе бастады. Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып тағайындалған Уақытша кеңес құрылды. Оның құрамына сұлтандар тобынан екі өкіл және мемлекеттік мүлік министрлігінен бір кеңесші енді. Кейіннен Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеунігі тағайындалды. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына берілді.

  1. Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны. Ішкі Орданың немесе Бөкей хандығының

құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарды. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі өздерінің бұрынғы атамекеніне қайта қоныс аударды. Бекініп алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденіп қалуының сәті түсті. Жәңгір хан Ішкі Ордада хан билігін сақтап қалды, сол арқылы Қазақ мемлекеттілігінің 1845 жылға дейін өмір сүруін қамтамасыз етті. Жәңгір ханның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ мен Жайық арасындағы қазақтар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту салаларында елеулі табыстарға қол жеткізді.
Аталмыш шаралардың арқасында Ордада қылмыс жасау деген атымен болған жоқ. Мәселен, 1889 жылы Бөкей Ордасында бірде-бір ірі қылмыс оқиғасы тіркелмеген. Сонымен қатар жер мәселесінің асқынуы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліске алып келді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет