Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет58/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Алым-салықтар. Басқарудың жаңа жобасын өмірге бірте-бірте және ауыртпалықсыз енгізу үшін патша үкіметі барлық алым-салық түрлерін өтеуге бес жылдық жеңілдік белгіледі. Бұл жылдар ішінде ауруханалар мен мектептер салу үшін ерікті түрде төленетін алым-салық қана жиналып келді.

Жеңілдік мерзімі өткеннен кейін округтердің халқы мал басының санына қарай 100 бастан бір бас мөлшерінде жасақ төлеуге міндетті болды. Бірақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Өйткені мұның өзі сауда керуенін көбейту үшін қажет еді. Алым-салық үшін мал санағы үш жылда бір рет өткізіліп түрды. Жергілікті тұрғындар қосымша алым-салықтар төлемеу үшін малының санын жасыруға тырысты. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлік жағынан көмек көрсетуге тиіс болды.

  1. Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы. Округтік приказдардағы ресейлік заседательдер және казактар жер өңдеп, егін салудың, бау-бақша өсірудің және омарта шаруашылығын жүргізудің үлгісін көрсетуге міндетті болды. Отырықшы өмір салтына көшкен және осы айтылған жұмыстарда табысқа жеткен қазақ отбасыларына жергілікті өкімет билігі тарапынан сыйлықтар беріліп тұрды. Бірақ қазақтардың диқаншылыққа жаппай көшуі бәрібір байқалған жоқ. Дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысып келген қазақ халқы егіншілікпен айналысуға жатырқай қарады. Мұның өзі сіңірі шыққан кедейлердің - жатақтардың ғана ісі саналды.

Патша үкіметі сауда-саттықты қолдап, көтермелеп отырды. Әрбір қазақ өзінің өндірген өнімін округ аумағында да, одан тыс жерлерде де сатуға құқықты болды. Сұлтандар сауда керуендерін шетелдерге де, Сібір шекара шебіне де жіберіп тұру құқығын сақтап қалды. Тап осындай құқықты орыс көпестері де пайдаланды. Сыртқы округтерді басып өтетін сауда керуендерінен ешқандай да баж салығы алынбайтын тәртіп орнатылды.

  1. Денсаулық сақтау, дін және халыққа білім беру салаларындағы жаңалықтар. «Жарғы» енгізілгенге дейін қазақ даласында ем жасау ісімен халық емшілері ғана айналысып келген болатын. Патша үкіметінің билігі жүрісімен жағдай өзгере бастады. Әр округте екі емші жұмыс істей бастады. Тұрақты жұмыс істейтін ауруханалар пайда болды. Жергілікті әкімшілікке халықты шешек ауруына қарсы егуден өткізу міндеттелді.

«Жарғы» бойынша жергілікті билік орындарына христиан дінін таратумен аты шыққан діни миссионерлердің қазақ даласындағы қызметін күшейту тапсырылды. Бірақ оларға «ешқандай да ықтиярсыз мәжбүр етпей, кәдімгідей сенімін арттыру және көзін жеткізу» тәсілі арқылы әрекет ету қажеттігі ескертілді. Рас, кейінгі оқиғалардың көрсеткеніндей, патша үкіметі бұл міндетті жүзеге асыра алған жоқ. Өйткені христиан дінін таратушы миссионерлерге қазақтар тарапынан көрсетілген қарсылық өте күшті болды.
«Жарғының» жағымды жақтарының бірі округ тұрғындарының балаларын Ресейдің ішкі аумағындағы губерниялардың оқу орындарына оқуға жібере алатындығы болды. Алайда бұл құқықты қазақтардың ілуде біреуі ғана пайдалана алды. Оның үстіне, қазақтар өз балаларының орыстанып кетуі мен шоқындырылуынан қатты шошынды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет